Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер мен атаулы күндер туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 20 қаңтардағы N 3827

Қолданыстағы

     Қазақстандық патриотизм мен кәсiптiк мақтанышты, сондай-ақ
жалпы адамзаттық ынтымақтастықты тәрбиелеу мақсатында қаулы етемiн:
     1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк
мерекелер мен атаулы күндердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының
           Президентi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Президентiнiң
                                           1998 жылғы 20 қаңтардағы
                                           N 3827 Жарлығымен
                                                  бекiтiлген

         Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк мерекелер
                        мен атаулы күндердiң
                              ТIЗБЕСI

     Отан қорғаушылар күнi                  - 7 мамыр
     Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын
     еске алу күнi                          - 31 мамыр
     Баспасөз күнi                          - 28 маусым
     Спорт күнi                             - 13 тамыз
     Бiлiм күнi                             - 1 қыркүйек
     Қазақстан Республикасы халықтарының 
     тiлдерi күнi                           - 22 қыркүйек
     Ұлттық валюта-теңге күнi               - 15 қараша