"Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелердің тізбесіндегі:

      3-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев