Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн iске асыру мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегі N 2940 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.08.2010 № 1037 Жарлығымен.

      Ескерту. Тақырыпқа және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .
      Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының тұтастығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн iске асыруға бақылауды күшейту және оларды атқарудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қаулы Етемiн: <*>

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн iске асыру ережесi (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) тең төрағалары Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн атқаруға бақылауды күшейтсiн және Ережеде белгiленген тәртiптiң қатаң сақталуын қамтамасыз етсiн. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгінің тең төрағалары Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын халықаралық келiссөздердi жүргiзу кезiнде Қазақстан жағының айқындамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiп алатын болсын және олардың нәтижелерi бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне уақтылы берiп отырсын. <*>
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, өзге де орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары өздерiнiң көпшiлiк алдындағы сөздерi мен мәлiмдемелерiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ресми айқындамасына сәйкес келетiнi үшiн дербес жауап бередi деп белгiленсiн.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстанның мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын өзектi халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан Республикасының ресми айқындамасы жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын жарты жылда бiр рет хабардар етiп отырсын.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1996 жылғы
9 сәуiрдегi N 2940  
Жарлығымен бекiтiлген 

  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру ережесi

       Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру тәртiбiн белгiлейдi. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .      

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының (бұдан былай - шарт) түрлерi, сондай-ақ оларды жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың бiрыңғай тәртiбi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 Заң күшi бар  Жарлығымен белгiленген. 

      3. "Жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар" (бұдан былай - уағдаластықтар) ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi: 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының шет елдерге сапарлары мен шетелдiк делегациялардың Қазақстан Республикасына осы тектес деңгейдегi сапарлары кезiнде қабылданған бiрлескен мәлiмдемелерi, декларациялары, коммюникелерi мен басқа да құжаттары; 
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары.

      3-1. "Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері" (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың шешімдері) деген ұғыммен халықаралық ұйымдар органдарының олардың жарғылық құжаттарында көзделген тәртiппен қабылдаған шешiмдерi түсiндiрiледі. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен

      4. Шарттарда және уағдаластықтарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде айқындалған мәселелер өздерінің құзiретіне енетін Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының органдары) және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары аталған шарттар мен қол жеткiзiлген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша Қазақстан тарапы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын тiкелей қамтамасыз етедi. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының органдары белгiленген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екi апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты iс-шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi. <*>
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .      

      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының ұсыныстарын қорытындылауды қамтамасыз етедi, екi апта мерзiмде нақты мерзiмдер мен тiкелей орындаушыларды көрсете отырып, жасалған шарттарды, қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне енгiзедi. <*>
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .  

      6. <*>
       Ескерту. 6-тармақ алынып тасталсын - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен

      7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiмен бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының органдары оны белгiленген мерзiмде орындау жөнiнде тиiстi шаралар қолданады және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне кемiнде тоқсанына бiр рет ақпарат табыс етiп отырады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тапсырмаларды жоспарда көрсетiлген мерзiмде орындауға ағымдағы бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнiң орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты кемiнде тоқсанына бiр рет даярлайды және оны әрi қарай орындау жөнiндегi ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi. <*>
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. 
       Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      9. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады. 

      10. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгi өз мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн 
атқару мәселелерiн ұдайы қарап отырады және өз құзыретi шегiнде оларды әрi қарай орындау жөнiнде нақты шараларды жүзеге асырады, ал Қазақстан Үкiметiнiң шешiм қабылдауын қажет ететiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстар енгiзедi. 
      Қажет болған жағдайда үкiметаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы Қазақстан Республикасының мүдделi органдарымен келiсе отырып, шарттар мен уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi мәселенi үкiметаралық комиссияның бiрлескен мәжiлiсiнде қарау туралы ұсыныс енгiзедi. <*>
      Үкiметаралық комиссиялар өз жұмысында "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның (комитеттiң, кеңестiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының Үкiметiн осы бағытта iстелген жұмыс туралы жарты жылда бiр рет хабардар етiп отырады. 
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .

      11. Қазақстан Республикасының органдары өздерiнiң төралқа мәжiлiстерiнде шарттар мен уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн атқару мәселелерiн ұдайы қарап отырады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдауын қажет ететiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстар енгiзедi. <*>
       Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен

      12. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнiң орындалуын жалпы байқауды, сондай-ақ бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтарын iске асыруға байланысты Қазақстан Республикасы органдарының, сондай-ақ үкiметаралық комиссиялардың қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бақылауында болады. <*>
       Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.05.07. N 1361   жарлығымен .