Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 9 сәуiр N 2940

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытының тұтастығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын iске асыруға бақылауды күшейту және оларды атқарудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қаулы Етемiн: 

      1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асырудың тәртiбi жөнiндегi Ереже (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн. 

      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) тең төрағалары Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды атқаруға бақылауды күшейтсiн және Ережеде белгiленген тәртiптiң қатаң сақталуын қамтамасыз етсiн. 

      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын халықаралық келiссөздердi жүргiзу кезiнде Қазақстан жағының айқындамасын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiп алатын болсын және олардың нәтижелерi бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне уақтылы берiп отырсын. 

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшелерi, өзге де орталық атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың басшылары өздерiнiң көпшiлiк алдындағы сөздерi мен мәлiмдемелерiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ресми айқындамасына сәйкес келетiнi үшiн дербес жауап бередi деп белгiленсiн.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстанның мемлекеттiк мүдделерiн қозғайтын өзектi халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан Республикасының ресми айқындамасы жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын жарты жылда бiр рет хабардар етiп отырсын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң 1996 жылғы
9 сәуiрдегi N 2940  
Жарлығымен бекiтiлген 

  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен
жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен
келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру тәртiбiн белгiлейдi. 

      2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының (бұдан былай - шарт) түрлерi, сондай-ақ оларды жасасудың, орындаудың және күшiн жоюдың бiрыңғай тәртiбi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 Заң күшi бар  Жарлығымен  белгiленген. 

      3. "Жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтар" (бұдан былай - уағдаластықтар) ұғымы халықаралық-құқықтық сипаты жоқ мынадай құжаттарда белгiленген мiндеттемелер мен өзара түсiнiстiктi бiлдiредi: 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының шет елдерге сапарлары мен шетелдiк делегациялардың Қазақстан Республикасына осы тектес деңгейдегi сапарлары кезiнде қабылданған бiрлескен мәлiмдемелерi, декларациялары, коммюникелерi мен басқа да құжаттары; 
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша қол қойылған немесе қабылданған ведомствоаралық сипаттағы бiрлескен құжаттар; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кездесулерi мен келiссөздерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған хаттамалар, меморандумдар, ноталар, хаттар мен тапсырмалар; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және оның орынбасарларының шет елдер, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, шетел компаниялары мен фирмаларының басшыларына жеке жолдаулары және хаттары. 

      4. Шарттарда және уағдаластықтарда айқындалған мәселелер өздерiнiң құзыретiне енетiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар (бұдан былай - Қазақстан Республикасының органдары) аталған шарттар мен уағдаластықтар бойынша Қазақстан тарапы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын тiкелей қамтамасыз етедi. Осы мақсатта аталған органдар белгiленген уағдаластықтар бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екi апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi. 

      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарынан келiп түскен ұсыныстарды қорытуды, олардың келiсiлуiн қамтамасыз етедi, нақты мерзiм мен тiкелей атқарушыларды көрсете отырып, екi апта мерзiмде қол қойылған шарттар мен қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiнде iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және бiрiншi басшының не оның мiндетiн атқаратын адамның қолын қойдырып Қазақстан Республикасының Үкiметiне келiсiлген ұсыныс енгiзедi. 

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы мәселе жөнiндегi қаулысының келiсiлген және тиiсiнше ресiмделген жобасын енгiзедi. Қол қойылған шарттар мен қол жеткен уағдаластықтардан туындайтын iс-шаралардың маңыздылығына байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты мәселенi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Үкiметi Төралқасының мәжiлiсiнде қарау туралы ұсыныс енгiзуi мүмкiн. 

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының органдары оны белгiленген мерзiмде орындау жөнiнде тиiстi шаралар қолданады және Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне кемiнде тоқсанына бiр рет ақпарат табыс етiп отырады. 

      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тапсырмаларды жоспарда көрсетiлген мерзiмде орындауға ағымдағы бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады, халықаралық шарттар мен қол жеткен уағдаластықтарды орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспарын iске асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты кемiнде тоқсанына бiр рет даярлайды және оны әрi қарай орындау жөнiндегi ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қажет болған жағдайда, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет жоғары деңгейде қол қойылған мемлекетаралық шарттарды жүзеге асырудың барысы туралы қорытылған ақпаратты даярлайды және оларды әрi қарай орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi. 

      9. Бақылаудан алып тастауды не iс-шаралар жоспарын орындауды жұмыс барысындағы бақылауға көшiрудi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi немесе ол болмаған ретте оның мiндетiн атқарушы адам жүзеге асырады. 

      10. Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгi өз мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтарды атқару мәселелерiн ұдайы қарап отырады және өз құзыретi шегiнде оларды әрi қарай орындау жөнiнде нақты шараларды жүзеге асырады, ал Қазақстан Үкiметiнiң шешiм қабылдауын қажет ететiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстар енгiзедi. 
      Қажет болған жағдайда үкiметаралық комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағасы Қазақстан Республикасының мүдделi органдарымен келiсе отырып, шарттар мен уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi мәселенi үкiметаралық комиссияның бiрлескен мәжiлiсiнде қарау туралы ұсыныс енгiзедi. 
      Үкiметаралық комиссиялар өз жұмысында "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 18 қаңтардағы N 62 қаулысымен бекiтiлген Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссияның (комитеттiң, кеңестiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының Үкiметiн осы бағытта iстелген жұмыс туралы жарты жылда бiр рет хабардар етiп отырады. 

      11. Қазақстан Республикасының органдары өздерiнiң төралқа мәжiлiстерiнде шарттар мен уағдаластықтарды атқару мәселелерiн ұдайы қарап отырады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiм қабылдауын қажет ететiн мәселелер бойынша тиiстi ұсыныстар енгiзедi. 

      12. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтардың орындалуын жалпы байқауды, сондай-ақ бақылауды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен қол жеткен уағдаластықтарын iске асыруға байланысты Қазақстан Республикасы органдарының, сондай-ақ үкiметаралық комиссиялардың қызметi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бақылауында болады.