Заң күшi бар Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы ЕСКЕРТУ. Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 2707

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 92-бабының 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, өкiлеттiгiн белгiлеу және қызметiн ұйымдастыру мақсатында осы Жарлықты шығарамын.

                            I Тарау

                        Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_

      2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi

      1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
      1) қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру; <*>
      3) заңдарда белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру; <*>
      4) ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды және әкімшілік өндіріп алуларды орындау; <*>
      5) ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау; <*>
      6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
      7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету; <*>
      8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау; <*>
      9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу; <*>
      10) паспорт және виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiн сақтауын бақылау;
      11) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету; <*>
      11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру; <*>
      11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру; <*>
      12) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады.
      2. Өзге мiндеттер iшкi iстер органдарына тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_
      ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244
               Заңымен. Z010244_

      3-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi

      Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.

      4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі

      Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды. <*>
      Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
      Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_
      ЕСКЕРТУ. 4-баптың 4-бөлігі жаңа редакцияда - Қазақстан
               Республикасының 1999.04.05. N 360 Заңымен. Z990360_
      ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244
               Заңымен. Z010244_

      4-1-бап. Криминалдық полиция <*>

      Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
      Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.

      4-2-бап. Әкімшілік полиция <*>

      Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, төлқұжаттық жұмыстар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
      Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, төлқұжаттық қызмет, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
      Облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті бюджет пен бюджеттен тыс қаражаттың есебінен әкімшілік полиция бөлімшелерінің қосымша штат санын ұстай алады.

      4-3-бап. Әскери-тергеу органдары <*>

      Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
      Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын гарнизон бойынша бөлімдер құрайды.
      Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады.
      Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.

      4-4-бап. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы <*>

      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.

     Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі 
әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс 
құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да 
солар көтереді.
     Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым 
белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери 
полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым 
белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
     ЕСКЕРТУ. 4-1, 4-2, 4-3, 4-4-баптармен толықтырылды - 
              Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307 
              Заңымен.  

Z980307_

 

     5-бап. Iшкi iстер министрлiгi



      1. Iшкi iстер министрлiгi iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі ішкі істер басқармаларының, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі оқу орындарының туы болады.
      Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. <*>

      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
               1998.12.09. N 307 Заңымен. Z980307_

      6-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi <*>

      1. Iшкi iстер министрлiгiн Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi басқарады. <*>
      2. Iшкi iстер министрi:
      1) iшкi iстер органдарына басшылықты жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер органдарының штат санын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сан нормативтерінен төмен емес мөлшерде белгілейді; <*>
      3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін белгілейді, бұл орайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ішкі істер органдары бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен келісе отырып жүзеге асырылады; <*>
      3-1) Ішкі әскерлер қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады; <*>
      4) Iшкi iстер министрлiгiнiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
      5) осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының нормативтiк

құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ Республика Үкiметi бекiткен Iшкi
iстер министрлiгi туралы Ережемен өзiне жүктелген өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
     ЕСКЕРТУ. 3)-тармақша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 
              1998.12.09. N 307 Заңымен.  

Z980307_

 
     ЕСКЕРТУ. 6-баптың 2-тармағындағы 2)-3)-тармақшалары жаңа 
              редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. 
              N 360 Заңымен.  

Z990360_

  
     ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208  
              Заңымен.  

Z010208_

 
     
     7-бап. Iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының
                iшкi әскерлерiмен өзара iс-қимылы

     1. 
<*>

      2. Облыстардың, Республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың iшкi iстер басқармаларының бастықтары тиiстi облыстардың аумақтарында орналасқан iшкi әскерлер бөлiмшелерi мен бөлiмдерiнiң командирлерiне, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының iшкi iстер басқармаларының құрылымына кiрмейтiн өзге де iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң басшыларына қатысты, ал төтенше жағдайлар кезiнде - оларға берiлген барлық күштер үшiн оперативтiк аға бастықтар болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N 208
               Заңымен. Z010208_

      8-бап. Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттiк
             органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен
             және азаматтармен өзара iс-қимылы

      1. Iшкi iстер органдары:
      1) өзге құқық қорғау органдарымен, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдармен;
      2) қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
      2. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғалары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртiптi сақтауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде iшкi iстер органдарына жәрдем жасауға мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09.
               N 307 Заңымен. Z980307_

      9-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары;
      2) осы Жарлық;
      3) Қазақстан Республикасының осы Жарлыққа қайшы келмейтiн және

осы Жарлықпен реттелмеген бөлiгiнде басқа нормативтiк құқықтық
актiлерi;
     4) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
мiндеттемелерi;
     5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және
Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары;
     6) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы,
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы
құрамдағы адамдарының қызмет атқаруы туралы Республика Үкiметi
бекiткен ережелер құрайды.

                        II Тарау
              Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi

     10-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi

     1. Iшкi iстер органдары алдарына қойылған мiндеттерге сәйкес
және өздерiнiң құзыретi шегiнде:
     1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа
қайшы қол сұғудан қорғауға;


      2) қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемiмен, ұйымдар мен азаматтардың ерiктi қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге;
      3) қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға; <*>
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге;
      5) "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында заңдармен белгіленген режимдi сақтауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру құқылы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi; <*>
      6) алдын ала тергеуді жүзеге асыруға, анықтама жүргiзуге; <*>
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
      8) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғау жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолдануға;
      9) қылмыс жасаған, бiрақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалаған, қылмыстық немесе әкiмшiлiк жазаларын өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiруді жүзеге асыруға және заңмен көзделген өзге де жағдайларға, сондай-ақ ұрланған мүлiктi iздеудi жүзеге асыруға; <*>
      10) заңдарда белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру және тосқауыл қою шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргізуде және жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге; <*>
      11) iздестiру, тергеу және өзге де заңмен көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiнiң және анықтамашының жазбаша тапсырмаларын орындауға; <*>
      12) ішкі істер органдарының тергеу изоляторларында жазасын өтеп жатқан, шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды, әкiмшiлiк жазалау шараларын орындауға, сотталғандардың, сондай-ақ әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге; <*>
      13) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртiбiнiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
      14) авария, өрт, дүлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
      15) құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiптi дәрменсiз немесе өзге де күйдегi азаматтарға көмек көрсетуге;
      16) заңдарға сәйкес төтенше немесе әскери жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындауға;
      17) iшкi iстер органдарының қорғаныстық-жұмылдыру даярлығын, бейбiт кезең мен соғыс уақыты жағдайында төтенше ахуалдар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Iшкi iстер министрлiгi арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
      18) жол қозғалысы ережесi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. Автокөлiктi, оларды оның ішінде сенім хат және заңдарда көзделген өзге де құжаттар бойынша пайдаланатын адамдарды тiркеу мен есепке алуды жүргiзуге, көлiк құралдарын жүргiзу құқығын беру үшiн емтихан қабылдауға, оны жүргiзуге құқық беретiн куәлiк беруге, механикалық көлiк құралдары мен тiркемелерге мемлекеттiк техникалық тексеру жүргiзуге, жол қозғалысын реттеуге; <*>
      19) мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына меншіктің барлық нысандарындағы объектілерде өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге; <*>
      20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлік оқ-дәрілерді қоспағанда)сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрілерді, жарылғыш және күшті әсер ететін улы заттарды, есiрткiлік құралдарды, психотроптық заттарды, солар тақылеттестерді, прекурсорларды, радиоактивтi материалдар мен заттарды ұстаудың және олардың жұмыс істеуінің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға; әкiмшiлiктiң қатысуымен аталған заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды тексеруге; қаруды есепке алуға және заңда көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардағы қару, оқ-дәрiлер мен олар сақталатын орындарды оларды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау мақсатында тексеруге; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану ережелерi бұзылған, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға; <*>
      21) заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар беруді жүзеге асыруға; <*>
      22) мемлекеттiк маңызы бар объектiлер мен еңбекпен түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз етуге; ұйымдарды күзетудiң жай-күйiн бақылауға; <*>
      23) жаппай тәртiпсiздiктердi, соның iшiнде еңбекпен түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетуiнен қашқан сотталғандарды iздестiруді жүзеге асыруға қатысуға; <*>
      24) ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
      25) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшiн белгiленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi өту ережелерiн сақтауын бақылауға;
      26) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға;
      27) карантиндiк, санитарлық және экологиялық iс-шараларды өткiзуге қатысуға;
      28) денсаулық сақтау мекемелерiне шақыру бойынша келуден жалтарған алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныс ауруларына шалдыққан немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды олардың ұсыныстары бойынша айдап алып келудi жүзеге асыруға;
      29) иесiз қалған мүлiк пен қазыналардың тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгiленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;
      30) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде ынтымақтастық жасауға мiндеттi.
      30-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға міндетті. <*>
      2. Қызметкерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн

бұзған жағдайда iшкi iстер органдары бұл құқықтарды қалпына
келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа
тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1998.07.10.  N 283 Заңымен.  

Z980283_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді және толықтырылды -  Қазақстан                
              Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен.  

Z980307_

 
     ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 
              Заңымен.  

Z010244_

 
     
     11-бап. Iшкi iстер органдарының құқықтары



      1. Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
      1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
      2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
      3) кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
      4) қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге; <*>
      5) азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
      6) осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
      7) құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға беруге;
      8) егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, ода әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге; <*>
      9) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
      10) тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге; <*>
      11) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
      12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
      13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
      14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
      15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
      16) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға; <*>
      17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге; <*>
      18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
      19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға; <*>
      20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
      21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
      22) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға; <*>
      23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге; <*>
      24) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
      25) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
      26) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
      27) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      28) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттiк қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiстi атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      29) мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
      30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткiзуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға; <*>
      31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге; <*>
      32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға; <*>
      33) ұйымдарға Үкiмет белгiлеген тiзбелер бойынша қару-жарақ, оқ-дәрi, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш, күштi әсерi бар химиялық, есiрткi, психотроптық, улы және радиоактивтi материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге, ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сатып алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға, әкелуге, әкетуге рұқсаттар беруге; қару-жарақпен сауда жасайтын магазиндердi, атыс тирлерi мен стендтерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсаттар беруге; <*>
      33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға; <*>
      33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға; <*>
      33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын, санитариялық нормалар мен ережелерді орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға; <*>
      33-4) түзеу мекемелерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға; <*>
      34) мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға; <*>
      35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге; <*>
      36) заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
      37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
      38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқығы бар;
      39) шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға құқығы бар. <*>
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын өзiмен алып жүру, сақтау не қолдану құқығы берiледi. Олар, сол сияқты күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртiбi осы Жарлықпен белгiленедi.
      Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында поездарда ілесіп жүруді жүзеге асыратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің арнаулы ұйғарымдамасы болған жағдайда бүкіл қызмет көрсету учаскесі бойынша құрастырылған жерлеріне қарамастан жүрдек, жолаушылар және жүк поездарында, сондай-ақ локомотивтерде бөгетсіз және

тегін жүруге құқығы бар.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11-бап 39)-тармақшамен толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1998.07.10. N 283 Заңымен.  

Z980283_

  
     ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан 
              Республикасының 1998.12.09. N 307 Заңымен.  

Z980307_

  
     ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42  
              Заңымен.  

Z000042_

 
     ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.16. N 244 
              Заңымен.  

Z010244_

 

                           III Тарау

              Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы
                       құралдар мен күш қолдануы

     12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен
                күш қолдану мақсаты



      Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.

      13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
      1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
      3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
      4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткiзу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.

      14-бап. Атыс қаруын қолдану

      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн:
      2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;
      5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;
      6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;
      7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
      4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.

                             IV Тарау
                  Iшкi iстер органдарында қызмет өткеру

      15-бап. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау

      1. Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      2. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау қызметке тағайындау жолымен, соның iшiнде контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      4. Iшкi iстер органдарының оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар алынады. Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен оқу ақысы төленiп iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына, басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет атқару шарты мен мерзiмi қарастырылады.
      5. Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда осы жас шегi Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен өзгертiледi.
      6. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе iшкi iстер органдарының кадрларына алынған әскери мiндеттiлер, соның iшiнде курсанттар мен iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарының тыңдаушылары белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнайы есебiнде тұрады.
      7. Iшкi iстер органдарына алғаш қызметке тұрушы адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан өтедi және олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ мерзiмiн және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      8. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.
      9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау тәртiбi, қызметкерлердiң қызмет өткеруi, олардың өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi осы Жарлықпен, Республика Үкiметi бекiткен Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен, басқа да құқықтық нормативтiк актiлермен белгiленедi.
      10. Iшкi iстер органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

      16-бап. Iшкi iстер органдарындағы қызметтiң
                     шектi жасы

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әскери қызмет үшiн заңдарда белгiленген жас шегiне дейiн қызметте бола алады. Қажеттi жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен қызмет өткеру мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
      2. Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту iшкi iстер органдарының қызметкерiн осы Жарлықта және Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы ережеде көзделген негiздерде жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

      17-бап. Iшкi iстер органдарынан қызметтен босату

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерi мына негiздерде:
      1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша; <*>
      2) жасына қарай, яғни әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      3) денсаулық жағдайына қарай - әскери қызметке жарамсыздығы

немесе шектеулi жарамдылығы жөнiнде әскери-дәрiгерлiк комиссияның
қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
     4) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта
құрылуына байланысты басқа қызметте пайдалану мүмкiндiгi болмаған
жағдайда;
     5) контрактыны бұзуға байланысты;
     6) өз қалауымен;
     7) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға
(ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
     8) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған
жағдайда;
     9) әскери-қызмет тәртiбiн ұдайы бұзғандығы үшiн;
     10) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуiне
орай;
     11) iшкi iстер органдарының қызметкерi деген атаққа кiр
келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
     12) соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi болуына байланысты;
<*>

     13) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты
қызметтен босатылады.
     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19.
              N 134-I Заңымен.  

Z970134_

 
     ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09.
              N 307 Заңымен.  

Z980307_

 
     
     18-бап. Iшкi iстер органдарындағы жұмыс уақыты



      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының

ұзақтығы еңбек туралы заңдарға сәйкес белгiленедi.
     2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қажеттi жағдайларда
белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және
мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға шақырылуы мүмкiн.

     19-бап. Iшкi iстер органдарында қызмет
              өткерудiң ерекше жағдайлары

     Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн Республиканың басқа
аймақтарында қоғамдық тәртiптi қорғау үшiн немесе төтенше
жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету және төтенше
жағдаяттардың зардаптарын жоюға қатысу үшiн тартудың ұзақтығы үш
айдан аспауға тиiс.

                             V Тарау
                Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
                         құқықтық жағдайы

     20-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
                        мәртебесi



      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаратын немесе кадрлары болып табылатын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгi әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. Бұл ретте iшкi iстер органдары қызметкерлерi арнаулы атақтарының тiзбесi және оларды беру тәртiбi заңдармен анықталады. <*>
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне олардың жеке басын

және өкiлеттiгiн растайтын белгiленген үлгiдегi куәлiктер мен
жетондар берiледi.
     4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне еңбек заңдары осы
Жарлыққа және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы
адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеге қайшы келмейтiндей
дәрежеде қолданылады.

     ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді- Қазақстан Республикасының  1998.12.09.
               N 307 Заңымен.  

Z980307_

 
     
     21-бап. Адамның iшкi iстер органдарында қызметте
                болуымен байланысты шектеулер



      1. Iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да болсын саяси партияны жақтауға тиiс емес.
      4. Iшкi iстер органдарында Iшкi iстер министрi анықтайтын тәртiп пен шарттарда кәсiпкердi (лауазымдарды) қоса атқаруға немесе уақытша орнында болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқаруға рұқсат етiледi.

      22-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
                        өкiлеттiгi

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және iшкiведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар жасаған жағдайда не осындай әрекет тiкелей анықталған ретте құқық бұзушылықты тыю және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегi iшкi iстер органын хабардар ету үшiн өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
      2. Полицияның учаскелiк инспекторы, ішкі істер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерi, соның iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарай отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған, ұйымдар үшiн мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      2-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясы департаментінің бастығы қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік автомобиль инспекторы болып табылады. <*>
      3. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтiн iс-әрекеттерi "Заң атымен" деген сөздердi айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсендi iс-әрекеттi тоқтатып, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарына сөзсiз бағынуға және оның қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді және толықтырылды -
               Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307
               Заңымен. Z980307_

      23-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
                 арналған құқықтық кепiлдiктер

      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
      2. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, қорлау, қарсылық көрсету, күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қастандық жасау, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға бөгет жасайтын басқа iс-әрекеттер, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қастандық жасау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына ғана бағынады.
      4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне осыған заңмен тiкелей өкiлеттiк берiлген адамдардан басқа ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ. Осы Жарлықпен iшкi iстер органдарына жүктелмеген мiндеттердi орындауға iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн көндiруге ешкiмнiң құқығы жоқ. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне құқыққа қарсы араласу заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      5. Заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған жағдайда, iшкi iстер органдарының қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi және оның қорғауында болады.
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен iс-әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым беруге құқығы бар.
      7. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арнайы құралдар мен тәсiлдер, қару қолданылып келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекетi заңға сәйкес жүзеге асырылса, жауап бермейдi.

      24-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
                       жауапкершiлiгi

      1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi заңдарға сәйкес тәртiптiк қылмыстық және өзге жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Көрнеу заңсыз бұйрықты немесе нұсқауды орындау iшкi iстер

органдарының қызметкерiн жауапкершiлiктен босатпайды.
     3. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған және қамауда ұстау
түрiндегi тыйып тастау шарасы қолданылмаған iшкi iстер органдарының
қызметкерi, сот осы қылмыстық iс бойынша шешiм қабылдағанша,
қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiппен тергеу жүрiп
жатқан мерзiмге қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi.

                              VI Тарау
              Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
                  зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

     25-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн
             әлеуметтiк қорғау

     Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн
әлеуметтiк қорғау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

     26-бап. Iшкi iстер органдардың қызметкерлерiне
             еңбекке ақы төлеу, оларды зейнетақымен
               және өзгедей қамтамасыз ету



      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай үлесi лауазымдық жалақыдан, арнаулы атаққа қосымша ақыдан және қызмет өткерген жылдары үшiн үстемеақыдан тұрады. <*>
      2. Iшкi iстер органдары кадрларының еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Республиканың Президентi белгiлейдi.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қызмет өткерген жылдары үшiн жұмыс стажына қарай арнаулы атағы үшiн қосымша ақы енгiзiлiп лауазымдық жалақысының жиынтық мөлшерiне процент есебiмен мынадай мөлшерде: үш жылдан астам қызмет өткерген жағдайда - он бес, бес жылдан асса - жиырма, он жылдан асса - қырық, жиырма жылдан асса - елу процент үстемеақы ай сайын төленедi.
      4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
      1) Үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Үкiметi белгiлейтiн тегiн нысандық әрi арнаулы киiм-кешекпен;
      2) Республика Үкiметi белгiлейтiн норма бойынша заттай азық-түлiк үлесiмен не осы үлестiң ақшалай өтемақысымен қамтамасыз етiледi.
      5. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң, жұмысшылар мен

қызметшiлерден басқасының:
     1)
<*>

     2) iссапар куәлiгiн көрсеткен соң барлық көлiк түрiнде
жүрiп-тұру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi
кезекте алуға құқығы бар.
     7.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1997.06.19. N 134-I Заңымен. 

Z970134_

 
     ЕСКЕРТУ. 26-баптың 6-тармағының 1)тармақшасы алынып тасталды - 
              Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374 
              Заңымен.  

Z990374_

 
     ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 
              1999.11.16. N 476-I Заңымен. 

Z990476_

 
     
     27-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң демалысы



      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де демалыс берiледi.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қосымша ақы

төленетiн демалыс (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген жылдарына
қарай:
     1) он жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы
бес тәулiк;
     2) он бес жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға -
ұзақтығы он тәулiк;
     3) жиырма жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға -
ұзақтығы он бес тәулiк мерзiмге берiледi.
     3. Биiк таулы жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз
жерлерде қызмет өткерiп жүрген iшкi iстер органдарының
қызметкерлерiне, қызмет өткерген жылдарына қарамастан, ұзақтығы
қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
     4. Iшкi iстер органдарының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң
демалысы тиiстi еңбек заңдарына сәйкес анықталады.

     28-бап. Қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда iшкi
             iстер органдарының қызметкерлерiн сақтандыру
                        және залалды өтеу



      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi республикалық және жергiлiктi бюджеттер, сондай-ақ шарттар негiзiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан түсетiн қаражат есебiнен мiндеттi жеке және медициналық сақтандыруға жатады.
      2. Сақтандыру сомаларын төлеу тәртiбiн Республиканың Үкiметi анықтайды.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк міндеттерін немесе қызметтік борышын орындау кезiнде не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша он жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiржолғы сақтандыру сомасы төленедi. <*>
      4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), зақымдануы, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде,оларға:
      1) I топтағы мүгедекке - бес жылдық ақшалай үлесi;
      2) II топтағы мүгедекке - үш жылдық ақшалай үлесi;
      3) III топтағы мүгедекке - бiр жылдық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы сақтандыру сомалары төленедi. <*>
      5. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда оларға үш айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда - бiр айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде сақтандыру сомасы төленедi. Мұндай ретте сақтандырудың осы түрi бойынша сақтандыру сомалары сақтандырудың басқа түрлерi жөнiндегi төлемдер мен зиянның өтемақысы ретiндегi төлемдерге байланыссыз төленедi. <*>
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қазасы (өлiмi) жаралануы

(мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын  
орындауға қатысы жоқ жағдаяттарға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен 
дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
<*>

     7.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 28-баптың 7-тармағы жаңа редакцияда - 
              Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N 88-I 
              Заңымен.  

Z970088_

 
     ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының  1997.06.19.
              N 134-I Заңымен.  

Z970134_

 
     ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының  1998.12.09.
              N 307 заңымен.  

Z980307_

 
     ЕСКЕРТУ. 28-баптың 7-тармағы алып тасталды - Қазақстан 
              Республикасының 1999.04.07. N 374 Заңымен.  

Z990374_

  
     
     29-бап. Жерлеу шығындарын өтеу

     Iшкi iстер органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан
қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық
ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

     30-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
               зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқығы



      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
      2. Iшкi iстер органдарының он күнтiзбелiк жылдан астам уақыт қызмет атқарған қызметкерлерi тұрақты тұрып жатқан қызметтiк тұрғын үй-жайларын өздерiнiң қалауына қарай жеке меншiгiне сатып ала алады.
      3. Егер басқа тұрғын үй-жайлар берiлмесе, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн қызметтiк тұрғын үй-жайлардан шығаруға болмайды.
      4. Тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ішкі істер органдарының жедел іздестіру, тергеу, саптағы бөлімшелерінің қызметкерлеріне олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін есепке ала отырып, тұрғын үй қорының тиістілігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджетте тиісті жылға белгіленген мөлшерде төленеді. <*>
      5. <*>
      6. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей заңмен белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
      ЕСКЕРТУ. 30-баптың 4-тармағы жаңа редакцияда -
               Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N 374
               Заңымен. Z990374_
      ЕСКЕРТУ. 30-баптың 5-тармағы алып тасталды - Қазақстан
               Республикасының 1999.11.16. N 476-I Заңымен. Z990476_

      31-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге
                             шаралары

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне және олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Республика Үкiметi белгiлеген шекте Республика Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiне заңмен белгiленетiн жеңiлдiктер мен

артықшылықтар қолданылады.
     2. Iшкi iстер министрлiгiнiң туберкулез және басқа
мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқаратын iшкi
iстер органдарының қызметкерлерi аталған қызметкерлерге заңмен
белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.

     32-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
             зейнеткерлерiне медициналық және
             санаторий-курорттық қызмет көрсету

     Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi және олармен бiрге
тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ iшкi iстер органдарының
зейнеткерлерi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде
медициналық және санаторий-курорттық қызметтi Республика Үкiметi
белгiлеген тәртiппен пайдаланады.

                             VII Тарау
             Iшкi iстер органдарын қаржымен және
            материалдық-техникалық қамтамасыз ету

     33-бап. Iшкi iстер органдарын қаржыландыру

     1. Iшкi iстер органдарын қаржыландыру республикалық және
жергiлiктi бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
<*>

     2. Жергiлiктi атқарушы органдар iшкi iстер органдарының қосымша
адам санын ұстауға жергiлiктi бюджет есебiнен қаражат бөлуi мүмкiн.
     
     ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 
              1998.12.22. N 327 Заңымен.  

Z980327_

 
     
     34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық
                       қамтамасыз ету



      1. Iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Республика Үкiметi белгiлейдi.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен мекемелерiне қызметтiк үй-жайларды, полицияның учаскелiк инспекторларына қызмет көрсетiлетiн учаскелерде жұмыс iстеу үшiн жиhазбен жабдықталған үй-жайларды, сондай-ақ байланыс құралдарын, көлiк құралдарын тегiн бередi. <*>
      3. Темiр жол, су, әуе көлiгiндегi iшкi iстер органдары, арнаулы

объектiлердегi iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi жабдықталған
қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен, көлiк құралдарымен
оларды пайдалану жөнiндегi шығыстарды да көтеретiн тиiстi ұйымдардың
есебiнен тегiн қамтамасыз етiледi.
     ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 
              1998.12.09. N 307 заңымен.  

Z980307_

 
     
                           VIII Тарау
               Қорытынды және өтпелi ережелер

     35-бап. Iшкi iстер органдарының қызметiне қаржылық бақылау

     1. Iшкi iстер министрлiгi мен оған қарасты бөлiмшелердiң
шаруашылық қызметiне қаржылық бақылаумен Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
     2. Iшкi iстер органдарының қаржы-шаруашылық қызметiне
iшкiведомстволық бақылау Iшкi iстер министрiнiң басшылығымен жүзеге
асырылады.
     
     36-бап. Iшкi iстер органдарының қызметiне
                 прокурорлық қадағалау

     Iшкi iстер органдарының қызметiнде заңдардың дәл және бiрыңғай
қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас
Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.

     37-бап. Осы Жарлықтың күшiне ену тәртiбi

     Осы жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

     38-бап. Осы Жарлықты iске асыру шаралары

     1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1992
жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11, 288-құжат;
1992 ж., N 24, 593-құжат, 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1993 ж., N 17,
426-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
     1) бұрын өзi қабылдаған шешiмдердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
     2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы
Ереженi бекiтсiн;
     3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
     3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң
нормативтiк актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
   
      Оқығандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.