Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заңы

Жаңартылған

       Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134 Заңымен енгiзiлген толықтырулар мен өзгертулер 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне кiредi. 

      Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 8" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), актiнiң нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, кiрiспе  жаңа редакцияда, мәтiндегi   сөздер   ауыстырылды, тараулардағы "I-VIII" деген цифрлар тиiсiнше "1-8" деген цифрлармен ауыстырылды - 2004.12.29.  N 26  Заңымен. 

      Ocы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.

  1 Тарау
Жалпы ережелер

       1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының
             мәртебесі

      Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік функцияларын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
       Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N 307  Заңымен .

       2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi

      1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
      1) қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
      2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
      3) заңдарда белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтама мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
      4) әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
      5) әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында құқық тәртібін қамтамасыз ету және адамдарды ұстау режимін сақтау;
      6) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
      7) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
      8) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау және бақылау;
      8-1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
      8-2) азаматтық және қызметтiк қаруды және оның оқ-дәрiлерiн мемлекеттiк бақылау;
      8-3) күзет қызметiн, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, орнатуды және техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк бақылау;
      9) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке адамдарды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, терроризм актілерінің жолын кесуге, кепілге алынғандарды босатуға қатысу;
      10) виза беру жұмысын жүргiзу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiн сақтауын бақылау;
      11) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындау;
      11-1) өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғат қорғау шараларын жүргізуге қатысу, табиғат қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
      11-2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
      11-3) Қазақстан Республикасының айрықша маңызды және айрықша режимді объектілерінде, аумақтарында режимдік және күзет шараларын жүзеге асыру;
      12) iшкi iстер органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      13) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау болып табылады.
      2. Өзге мiндеттер iшкi iстер органдарына тек заңмен ғана жүктелуi мүмкiн.
       Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , 2001.07.16. N  244 , 2004.12.29.  N 25 , 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

       3-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң принциптерi

      Iшкi iстер органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, iшкi iстер органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiне негiзделiп құрылады.

       4-бап. Ішкі істер органдарының жүйесі

      Ішкі істер органдарының біртұтас жүйесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Ішкі істер министрлігі), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер департаменттерi, қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, желілік ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары, мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.
      Ішкі істер органдарының құрамында криминалдық полиция, әкімшілік полиция және полицияның өзге де қызметтері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери құрылымдар мәртебесі бар әскери-тергеу органдары мен әскери полициясы құрылады.
      Криминалдық, әкімшілік және өзге де полиция қызметтерінің бөлімшелерін, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары мен әскери полициясын құруды, қайта құруды және таратуды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі жүзеге асырады.
      Iшкi істер органдары жүйесінің үлгілік ұйымдық құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
       Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , өзгеріс енгізілді - 1999.04.05. N  360 , 2001.07.16. N  244 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.  N 25 , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       4-1-бап. Криминалдық полиция

      Криминалдық полицияның негізгі міндеттері қылмыстарды анықтау, оның алдын алу, жолын кесу, оны ашу және тергеу, ішкі істер органдарының жүргізуіне жататын қылмыстар туралы істер бойынша анықтама ісін жүргізу, тергеуден, анықтамадан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда адамдарды іздестіруді ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.
      Криминалдық полицияны жедел-іздестіру, тергеу, ғылыми-техникалық және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне тікелей бағынатын, оның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
       Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307  Заңымен.

       4-2-бап. Әкімшілік полиция

      Әкімшілік полицияның негізгі міндеттері қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыретінің шегінде анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру, ұсталған және қамауға алынған адамдар, оның ішінде белгілі бір тұратын жері, құжаттары жоқ адамдар ұсталатын жерлерде құқық тәртібін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік қадағалау және бақылау жасау, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ішкі істер органдарына жүктелген лицензиялау мен рұқсат ету қызметiн жүзеге асыру болып табылады.
      Әкімшілік полицияны полицияның учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар қызметтері, сақшылық қызмет, лицензиялық және рұқсат ету жүйесі, табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция, жол полициясы бөлімшелері, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері және әкімшілік полицияның алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелер құрайды.
       Ескерту. 4-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.  N 25  Заңдарымен.       

       4-3-бап. Әскери-тергеу органдары

      Әскери-тергеу органдарының негізгі міндеттері әскери қылмыстарды және әскери қызметшілер жасаған, ішкі істер органдары тергеуге тиісті қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу болып табылады.
      Әскери-тергеу органдарын әскери-тергеу департаменті, әскери-тергеу басқармалары мен тергеу, жедел-іздестіру, жедел-техникалық және өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті өзге де бөлімшелерден тұратын бөлімдер құрайды.
      Әскери-тергеу органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы өз құзыреті шегінде ішкі істер органдарының барлық құқықтарын пайдаланып, солардың міндеттерін атқарады.
      Әскери-тергеу органдары Қарулы Күштер есебінен қызметтік үй-жаймен, байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 4-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       4-4-бап. Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы

      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы арнаулы орган болып табылады және ішкі әскерлердегі құқық тәртібін қамтамасыз етуге, әскери қылмыстар бойынша, сондай-ақ ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жасаған басқа да қылмыстар бойынша анықтаманы жүзеге асыруға, олардың арасындағы қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, әскери қылмыстарды ашуға, ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін іздестіруге арналған.
      Ішкі істер министрлігінің әскери полициясы бұған уәкілдік берілген лауазымды адамдар арқылы жүктелген міндеттерді өз құзыреті шегінде орындау үшін ішкі істер органдарының өкілеттігін пайдаланады. Бұл орайда әскери қызметшілердің және әскери қалашықтар, ішкі әскерлердің әскери бөлімдері мен құрамалары бөлімшелерінің аумағында жүрген өзге де адамдардың құжаттарын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
      Әскери полиция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері есебінен қызметтік үй-жайлармен, автокөлікпен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі, оларды пайдалану мен ұстау шығындарын да солар көтереді.
      Әскери полицияның әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар әскери нысандағы киім киіп жүреді. Бұл орайда киімнің әскери полицияның белгіленген үлгідегі кеудеге, жеңге тағатын арнаулы айырым белгілерімен толықтырылуы мүмкін.
       Ескерту. 4-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307  Заңымен.

       5-бап. Iшкi iстер министрлiгi

      1. Iшкi iстер министрлiгi iшкi iстер органдарының бiртұтас жүйесiн басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Ішкі істер министрлігінің жалауы, туы және рәмізі болады.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының, көліктегі ішкі істер департаменттерiнiң, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі оқу орындарының туы болады.
      Ішкі істер министрлігі жалауының, туының және рәмізінің, оған бағынатын органдар туларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , өзгеріс енгізілді - 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

         5-1-бап. Iшкi iстер министрлiгінiң және оның аумақтық
               органдарының құзыретi

      1. Iшкi iстер министрлiгi:
      1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      2) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы және iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң, iшкi әскерлердiң, әскери-тергеу органдарының, әскери, арнаулы полицияның және көлiктегi iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
      3) қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      4) iшкi iстер органдары жүйесiнде бiрыңғай мемлекеттiк кадр саясатының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      5) халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындайды;
      6) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қылмысқа қарсы күрестi ұйымдастыруды жетiлдiруге бағытталған шараларды әзiрлейдi;
      7) Iшкi iстер министрлiгiнiң қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарын әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
      9) iшкi iстер органдарында iс жүргiзудiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      10) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етедi;
      11) криминалдық, әкiмшiлiк полициясының және полицияның өзге де қызметтерiнiң, сондай-ақ iшкi әскерлердiң, әскери полиция мен әскери-тергеу органдарының, арнаулы полицияның, көлiктегi iшкi iстер органдарының өзара iс-қимыл жасау тәртiбiн айқындайды;
      12) iшкi iстер органдарының жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      13) iшкi iстер органдарының жедел iздестiру iс-шараларын жүргiзуге құқығы бар бөлiмшелерi мен қызметкерлерiн бақылауды жүзеге асырады;
      14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
      15) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      16) полиция органдары бөлiмшелерiнiң режимдiк және ерекше қорғалатын объектiлердегi қызметiн қамтамасыз етедi;
      17) авариялардың, өрттiң, апатты жағдайлардың зардаптарын жою кезiнде және басқа да төтенше жағдайларда қоғамдық тәртiптi сақтауды ұйымдастырады, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
      18) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады;
      19) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдар өмiрiнiң, денсаулығының, абыройы мен беделiнiң және мүлкiнiң қорғалуын бақылауды жүзеге асырады;
      20) жергiлiктi iшкi iстер органдары, iшкi әскерлер басшыларының және ұйымдар басшыларының кәсiби бiлiктiлiгiне аттестаттау жүргiзедi;
      21) лауазымдар санаттары бойынша үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын, iшкi iстер органдарының номенклатурасын, олардың қызметi туралы ережелердi, лауазымдар мен мамандықтар номенклатурасын, iшкi iстер органдарының құрылымын, үлгi штаты мен штаттық нормативтерiн, жүктелiм көлемiнiң нормативтерiн әзiрлеп, бекiтедi және iшкi iстер органдары қызметкерлерi мен қызметшiлерiнiң деңгейiн айқындайды;
      22) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн кадрларды даярлау мен оқытуды ұйымдастырады;
      23) ведомстволық ғылымды дамытуды қамтамасыз етедi және қоғамдық тәртiп, қоғамдық қауiпсiздiктi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы ғылыми қызметтi үйлестiредi;
      24) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      25) iшкi iстер органдарын қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      26) iшкi iстер органдары жүйесiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
      27) iздестiру, тергеу және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де iс жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiлердiң, алдын ала жауап алушылардың жазбаша тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады;
      28) жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын үйлестiреді, көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу мен есепке алу, оларға мемлекеттiк техникалық тексеру жүргiзу, оларды пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркеу мен есепке алу, емтихан қабылдау және жүргiзу құқығына арналған куәлiктер беру тәртiбiн айқындайды, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн жол қозғалысына қатысуға жiбередi және оларды жүргiзуге құқық бередi;
      29) қоғамдық тәртiптi сақтау және қылмысқа қарсы күрес саласында, сондай-ақ iшкi iстер органдарының қарауына жататын өзге де мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      30) режимдiк, ерекше қорғалатын объектiлердi және мемлекеттiк қорғауға жататын объектiлердi күзетудi қамтамасыз етедi;
      31) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
      32) iшкi iстер органдары жүйесiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      33) соттарда, өзге де мемлекеттiк органдарда министрлiктiң мүддесiн қорғауды және жергiлiктi жерлерде осы жұмысты үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      34) сол министрлiктiң iшкi әскерлерiнiң қамауға алынғандар мен сотталғандарды күзетуiн және айдап алып жүруiн бақылауды жүзеге асырады;
      35) iшкi iстер органдары арнаулы мекемелерiнiң қызметiн ұйымдастыруды және бақылауды, сондай-ақ айдап алып жүрудi жүзеге асырады;
      36) Қазақстан Республикасының көшiп кету мен көшiп келу саласындағы заңдарының сақталуын ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелерi бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      37) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысады, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
      38) күзет қызметi саласында, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жеке және Заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және көлiктегi iшкi iстер органдары:
      1) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) Қазақстан Республикасының қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
      3) криминалдық, әкiмшiлiк полициясы мен iшкi iстер органдарының өзге де қызметтерiнiң қызметiн бақылауды, сондай-ақ iшкi әскерлер бөлiмдерiн, бөлiмшелерiн жедел басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарын iске асыру жөнiнде шаралар қолданады және қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтiк құқықтық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      5) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн кадрлармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      6) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi мен қызметшiлерiн аттестаттаудан өткiзедi;
      7) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi;
      8) iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
      9) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласында өңірлік ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi құруды және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      10) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуды қамтамасыз етедi, құқықтық тәртiптiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделейдi;
      11) iшкi iстер органдары бөлiмшелерiнiң жұмылдыру даярлығы бойынша, бейбiт уақытта төтенше жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында олардың жұмысының орнықтылығын арттыру, iшкi iстер органдары арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты даярлығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларын орындалуын қамтамасыз етедi;
      12) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктермен, ұйымдармен және мемлекеттiк мекемелермен өзара iс-қимыл жасайды;
      13) мемлекеттiк қорғауға жататын объектiлердi күзетудi, күзет қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ күзет дабылы құралдарын монтаждауды, жөндеудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын субъектiлердiң қызметiн бақылауды қамтамасыз етедi;
      14) өңiрдегi қылмыстың алдын алу мен оған қарсы күрестiң жай-күйi туралы тұрғын халықты хабардар етедi;
      15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмысты ашуды және тергеудi, сондай-ақ алдын ала жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып жүрген адамдарды, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады;
      16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
      17) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      18) тiкелей облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) басқару деңгейiне жататын бөлiмшелердiң күшiмен тиiстi әкiмшiлiк бiрлiк аумағында қоғамдық тәртiптi сақтауды және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      19) жол қозғалысы ережелерi мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердiң сақталуын, көлiк құралдарының жекелеген түрлерiнiң мемлекеттiк техникалық тексеруден өтуiн бақылауды жүзеге асырады, оларды мемлекеттiк тiркеу және есепке алу арқылы жол қозғалысына қатысуға жiбередi, көлiктердi пайдаланушы адамдарды, соның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланушы адамдарды тiркейдi және есепке алады, емтихан қабылдайды және көлiк құралдарын басқару құқығына арналған куәлiктер бередi, жол қозғалысын реттейдi;
      20) iшкi iстер органдары ұстаған, қамауға алған адамдарды айдап алып жүрудi қамтамасыз етедi;
      21) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарға арналған арнаулы қабылдау орындарының, белгiлi тұрғылықты орны және құжаттары жоқ адамдарға арналған арнаулы қабылдау-бөлу орындарының, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн және оларға бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
      22) медициналық айықтырғыштарда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;
      23) қоғамдық тәртiптi сақтау, қоғамдық қауiпсiздiк және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асырады;
      24) халықаралық шарттар негiзiнде iшкi iстер органдарының қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      25) заңсыз көшi-қонның алдын алу, азаматтық, көшiп кету, көшiп келу, шетелдiктермен жұмыс мәселелерiн қарау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
      3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) iшкi iстер органдары:
      1) қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi, ашады және тергейдi, iшкi iстер органдарының қарауына жататын қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асырады, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, қылмыстық жазаны өтеуден жалтарған, хабарсыз кеткен адамдарды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда адамдарды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) қоғамдық тәртiптi сақтауды, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды анықтауды, олардың алдын алу мен жолын кесудi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк iс жүргiзудi, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтарды анықтауды және оның жолын кесудi, жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жасауды, шетелдiктермен және азаматтыққа қабылдау және одан шығу, шетелге тұрғылықты тұру үшiн кету туралы өтiнiш берген адамдармен жұмысты жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешедi;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар берудi жүзеге асырады;
      4) iшкi iстер органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерiн сақтауға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      5) қылмыс жасады деп сезiк туғызған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдап алынған адамдарды заңға сәйкес қамау және ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      6) ұсталғандарды және қамалғандарды айдап апаруды жүзеге асырады;
      7) уақытша ұстау оқшау бөлмелерiнiң, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орындарының, медициналық айықтырғыштардың, қызмет жануарларына арналған питомниктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      8) медициналық айықтырғыштарда ұсталатын адамдардың жағдайын қамтамасыз етедi;
      9) кадрларды iрiктеудi, орналастыруды жүзеге асырады, аттестаттау жүргiзедi, көтермелейдi, жазалайды, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде жұмылдыру даярлығы мен азаматтық қорғаныс ic-шараларын орындайды;
      10) мемлекеттiк күзетке жататын объектiлердi күзетудi жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       6-бап. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi

      1. Iшкi iстер министрлiгiн Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi басқарады.
      2. Iшкi iстер министрi:
      1) iшкi iстер органдарына басшылықты жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде ішкі істер органдары жүйесінің құрылымы мен штат санын белгілейді;
      3) ішкі істер органдары жүйесінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібін белгілейді;
      3-1) Ішкі әскерлер қолбасшысы қызметіне тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне кандидатура ұсынады;
      4) Iшкi iстер министрлiгiнiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
      5) <*>
       Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , өзгеріс енгізілді - 1999.04.05. N  360 , 2001.06.11. N  208 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

         6-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
               астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының
               өкiлеттiктерi

      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында iшкi iстер органдарымен бiрлесiп қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      2) қоғамдық тәртiптi сақтау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы өңiрлiк бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен лимиттер шегінде облыстық бюджеттер және республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерi есебiнен қамтылатын әкiмшiлiк полицияның штат санын ұстауды қамтамасыз етеді;
      4) аумақтық iшкi iстер органдарының қызметтiк үй-жайларын, көлiк құралдарын ұстауды, оларға қызмет көрсетудi және жөндеудi, сондай-ақ, аумақтық iшкi iстер органдары аппараттарына электрондық почта қызметiн көрсетуге арналған шығындарды қоспағанда, байланыс қызметiне ақы төлеудi қамтамасыз етедi;
      5) полицияның учаскелiк инспекторларын олар қызмет көрсететiн учаскелерде жиhазбен, байланыс құралдарымен жабдықталған жұмысқа арналған үй-жаймен, сондай-ақ көлiк құралдарымен қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 6-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10.  N 116  (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

       7-бап. Iшкi iстер органдары лауазымды адамдарының
             iшкi әскерлермен өзара iс-қимылы

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан iшкi әскерлер бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң құрылымына кiрмейтiн өзге де iшкi iстер органдары мен бөлiмшелерiнiң басшыларына қатысты, ал төтенше жағдайлар кезiнде - оларға берiлген барлық күштер үшiн аға оперативтiк бастықтар болып табылады.
       Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.06.11. N  208 , бап жаңа редакцияда -  2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       8-бап. Iшкi iстер органдарының өзге де мемлекеттiк
             органдармен, ұйымдармен, лауазымды адамдармен
             және азаматтармен өзара iс-қимылы

      1. Iшкi iстер органдары:
      1) өзге құқық қорғау органдарымен, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттiк органдармен;
      2) қоғамдық тәртiптi қорғау мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде халықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
      2. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды тұлғалары адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қоғамдық тәртiптi сақтауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде, қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуда, анықтауда, жолын кесуде, ашуда және тергеуде iшкi iстер органдарына жәрдем жасауға мiндеттi.
       Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307  Заңымен.

       9-бап. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      1. Iшкi iстер органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы , осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
       Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 26  Заңымен.

  2 Тарау
Iшкi iстер органдарының өкiлеттiгi

       10-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi

      1. Iшкi iстер органдары алдарына қойылған мiндеттерге сәйкес және өздерiнiң құзыретi шегiнде:
      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қайшы қол сұғудан қорғауға;
      2) қоғамдық тәртiптi қорғауға және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, соның iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың жәрдемiмен, ұйымдар мен азаматтардың ерiктi қатысуымен қорғауға және қамтамасыз етуге;
      3) қылмыстың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және ашуға;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге;
      5) "Жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, iшкi iстер органдары жүйесiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында заңдармен белгіленген режимдi сақтауға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi. Бұл ретте жедел iздестiру шараларын жүзеге асыру құқылы iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi мен қызметкерлерiнiң тiзбесiн Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi;
      6) алдын ала тергеуді жүзеге асыруға, анықтама жүргiзуге;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;
      8) қылмыстық процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың өмiрiн, денсаулығын, ар-намысын, қадiр-қасиетiн және мүлкiн қорғау жөнiнде заңдарда көзделген шараларды қолдануға;
      9) қылмыс жасаған, бiрақ анықтамадан, тергеуден және соттан бой тасалаған, қылмыстық немесе әкiмшiлiк жазаларын өтеуден жалтарған, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарды iздестiруді жүзеге асыруға және заңмен көзделген өзге де жағдайларға, сондай-ақ ұрланған мүлiктi iздеудi жүзеге асыруға;
      10) заңдарда белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру және тосқауыл қою шараларын, қылмыс жасаған адамдарды ұстау жөніндегі операцияларды жүргізуді жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оларды жүргізуде және жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
      11) iздестiру, тергеу және өзге де заңмен көзделген iс жүргiзу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде соттардың ұйғарымдарын, судьялардың қаулыларын, прокурордың, тергеушiнiң және анықтамашының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
      12) әкiмшiлiк жазалауларды орындауға, әкiмшiлiк қамауға алынғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге;
      12-1) прокурордың азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өз құзыретi шегiнде шығарған өзге де жазбаша тапсырмалары мен талаптарын орындауға;
      13) халықты құқықтық тәрбиелеуге қатысуға, құқық тәртiбiнiң жай-күйi мен iшкi iстер органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы қоғамдық пiкiрдi зерделеуге;
      14) авария, өрт, дүлей апат және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезiнде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
      15) құқыққа қайшы қол сұғудан, жазатайым және оқыс оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiптi дәрменсiз немесе өзге де күйдегi азаматтарға көмек көрсетуге;
      16) заңдарға сәйкес төтенше немесе әскери жағдай режимiн қамтамасыз етуге қатысуға, соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумақтық қорғаныс жүйесiнде жекелеген мiндеттердi орындауға;
      17) iшкi iстер органдарының қорғаныстық-жұмылдыру даярлығын, бейбiт кезең мен соғыс уақыты жағдайында төтенше ахуалдар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Iшкi iстер министрлiгi арнаулы бөлiмшелерiнiң толық және дер кезiнде жұмылдыруға тұрақты әзiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға;
      18) жол жүрісі ережелерінің және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындауға, сондай-ақ жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында жасалған арнаулы автомобильдерді қоса алғанда; мотоциклдер мен мотороллерлерді, автомобильдердің құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттік тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуге, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізуге, оларды жүргізу және троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихан қабылдауға және куәлік беруге, жол жүрісін реттеуге; <*>
      19) мемлекеттік өрттен қорғау қызметі органдарына меншіктің барлық нысандарындағы объектілерде өрт қауіпсіздігі жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге;
      20) қару мен оқ-дәрiлердiң (жауынгерлік оқ-дәрілерді қоспағанда)сатып алынуына, сақталуына, оларды тасымалдауға, алып жүруге, әкелуге, әкетуге және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, қару мен оқ-дәрілерді, жарылғыш және күшті әсер ететін улы заттарды, есiрткiлік құралдарды, психотроптық заттарды, солар тақылеттестерді, прекурсорларды, радиоактивтi материалдар мен заттарды ұстаудың және олардың жұмыс істеуінің белгіленген ережелерінің сақталуын бақылауға; әкiмшiлiктiң қатысуымен аталған заттар, нәрселер, материалдар тұрған үй-жайларды тексеруге; қаруды есепке алуға және заңда көзделген жағдайларда алып қоюға; азаматтардағы қару, оқ-дәрiлер мен олар сақталатын орындарды оларды қолдану ережелерiнiң сақталуын бақылау мақсатында тексеруге; қару мен оқ-дәрiлердi сақтау және пайдалану ережелерi бұзылған, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа жағдайларда ұйымдар мен азаматтардан оларды алып қою туралы мәселе қоюға;
      21) заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар беруді жүзеге асыруға;
      22) мемлекеттiк маңызы бар объектiлер мен түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз етуге; ұйымдарды күзетудiң жай-күйiн бақылауға;
      23) жаппай тәртiпсiздiктердi, соның iшiнде түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетуiнен қашқан сотталғандарды iздестiруді жүзеге асыруға қатысуға;
      24) ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
      25) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшiн белгiленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi өту ережелерiн сақтауын бақылауға;
      26) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға;
      27) карантиндiк, санитарлық және экологиялық iс-шараларды, оның iшiнде төтенше жағдайлар кезiнде өткiзуге қатысуға;
      28) денсаулық сақтау мекемелерiне шақыру бойынша келуден жалтарған алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныс ауруларына шалдыққан немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды олардың ұсыныстары бойынша айдап алып келудi жүзеге асыруға;
      29) иесiз қалған мүлiк пен қазыналардың тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгiленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;
      30) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде ынтымақтастық жасауға;
      30-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға;
      30-2) азаматтық материалдарын ресiмдеудi қамтамасыз етуге;
      30-3) заңды тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тарту, шетелдiктердiң елде болуына рұқсат беру ережелерiн сақтауына қатысты қызметiн бақылауға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың шет елге шығуын және шетелдiктердi тұрғылықты тұруға қалдыруды шектеу туралы шешiм қабылдауға;
      30-4) кез келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан, соның iшiнде өздерiнiң қарауына жатпайтын құқыққа қарсы қастық жасау туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға; қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ оларға қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде әкiмшiлiк қамауға алу таңдап алынған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшiн уақытша ұстау оқшаулау бөлмелерi болуға;
      30-5) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және алдын алу ықпалы жасалуға тиiс адамдарды, қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құруға және пайдалануға; есепте тұратын адамдардың мiнез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      30-6) он сегiз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемесiне жiберiлген кәмелетке толмаған адамдарды, егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен ұстауға және уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарында ұстауға;
      30-7) кәмелетке толмаған қадағалаусыз балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi жасөспiрiмдердi уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтарына жеткiзуге және онда ұстауға, кейiннен қорғаншылық және қамқоршылық органдарына беруге;
      30-8) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде жүрген не айналасындағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн адамдарды, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медициналық мекемелерге не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
      31) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет түрлерiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылауға және жүзеге асыруға;
      32) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың нысаналы пайдаланылуын өз құзыретi шегiнде бақылауға;
      33) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
      34) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдауға, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегия мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға;
      35) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын үйлестiрiп отыруға;
      36) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда денсаулық сақтауды мемлекеттiк басқару органдарына жәрдем көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге;
      37) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
      38) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы заңдардың қолданылу iс-тәжiрибесiн талдап, қорытуға және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге және енгiзуге;
      39) өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласында жұмыс iстеу үшiн мамандарды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдардың профилактикасы, оларды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыруға және үйлестiруге;
      40) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып, есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiруге мiндеттi.
      2. Қызметкерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда iшкi iстер органдары бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
       Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N  283 , 1998.12.09. N  307 , 2001.07.16. N  244 , 2002.08.09. N  346 , 2003.06.10. N  433 , 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.12.29.  N 25 , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       11-бап. Iшкi iстер органдарының құқықтары

      1. Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
      1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
      2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
      3) кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
      4) қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
      5) азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
      6) осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
      7) құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға беруге;
      8) егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, ода әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;
      9) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
      10) тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;
      11) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
      12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
      13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
      14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
      15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
      16) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
      17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
      18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
      19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
      20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
      21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
      22) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
      23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге;
      24) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
      25) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
      26) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
      27) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      28) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттiк қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiстi атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
      29) мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
      30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткiзуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
      31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
      32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
      33) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тiзбелер бойынша түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасын, жарылғыш, күштi әсер ететiн улы заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын, азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге; есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласында объектiлердi және үй-жайларды пайдалануға, атыс тирлері мен стендтерін, штемпель-граверлік кәсіпорындарды ашуға және олардың жұмыс істеуіне, ал жеке тұлғаларға - азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтап қоюға, сақтауға және алып жүруге, әкелуге, әкетуге рұқсат беруге;
      азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды пайдалану арқылы жасалған бұйымдарды сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың, тасымалдаудың, жоюдың, әкелудiң, әкетудiң, сондай-ақ күшті әсер ететін улы заттарды сатып алудың, сақтаудың, тасымалдаудың, әкелудің, әкетудің ережелерiн белгiлеуге;
      33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
      33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
      33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
      33-4)  алып тасталды
      34) мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
      35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
      36) заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
      37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
      38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқығы бар;
      39) шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын өзiмен алып жүру, сақтау не қолдану құқығы берiледi. Олар, сол сияқты күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртiбi осы Заңмен белгiленедi.
       Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N  283 , 1998.12.09. N  307 , 2000.03.29.  N 42 , 2001.07.16. N  244 , 2001.12.06. N  260 , 2004.12.29.  N 25 , 2004.12.29.  N 26 , 2007.01.12. N  222  (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

         11-1-бап. Iшкi iстер органдарының жеке және заңды
                тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауы

      1. Жеке және заңды тұлғалардың қызметiн мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Iшкi iстер органдарының лауазымды адамдары тексерудi жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауы мақсатында жүзеге асырады.
      3. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
      жоспарлы - алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн, уәкiлеттi орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
      жоспардан тыс - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
      қарсы - тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсi шарттық мiндеттемелерi не өзге де құқықтық қатынастары болған жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қайта тексеру не қосымша ақпарат алу мақсатында iшкi iстер органы жоспардан тыс тәртiппен жүргiзетiн тексеру;
      рейдтiк - iшкi iстер органдары айналымын бақылауды жүзеге асыратын құралдар мен заттардың айналымы саласында нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген талаптарын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң сақтауы мәселелерi бойынша бiрнеше субъектiлердiң қызметiн бiр мезгiлде қамтитын тексеру.
      4. Тексерулердi жүргiзу үшiн негiздемелер:
      1) басқа мемлекеттiк органдардан келiп түскен материалдар;
      2) азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтi, психотроптық заттардың, есiрткi құралдары мен прекурсорлардың айналымы саласында жұмыс iстейтiн жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi iшкi iстер органдарының жұмыс жоспары болып табылады.
      5. Күзет қызметiн, күзет дабылы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтiрудi және оларға техникалық қызмет көрсетудi, азаматтық және қызметтiк қару-жарақ пен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың, жарылғыш заттардың, түрлi-түстi бейнелеудегi көбейту-көшiру техникасының, улы, радиоактивтiк, психотроптық заттардың, есiрткi құралдары мен прекурсорлардың айналымымен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлiк субъектiлерi, сондай-ақ штемпель-граверлiк кәсiпорындар жедел-алдын алу iс-шараларын жүргiзу кезеңiнде iшкi iстер органы жүргiзетiн тексерулердi қоспағанда, әрi кеткенде үш айда бiр рет тексерiледi.

       РҚАО-ның ескертуі!
      6-тармақтың 2-ші бөлігінің 4) тармақшасына 2010 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N  224  Заңымен өзгерту енгізіледі.
      6. Тексерулер iшкi iстер органының тексеру тағайындау туралы актiсiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      Тексеру тағайындау туралы актiде:
      1) актiнiң нөмiрi мен күнi;
      2) мемлекеттiк органның атауы;
      3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттi адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      4) тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе тексеру жүргiзу тағайындалған жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, оның орналасқан жерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) тағайындалған тексерудiң нысанасы;
      6) тексеру басталған және аяқталған күн;
      7) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерiлуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер;
      8) тексерiлетiн кезең;
      9) актiге қол қоюға уәкiлеттi адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi көрсетiледi.
      7. Тексеру тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органда мiндеттi түрде тiркеледi.
      8. Кәсiпкерлiк субъектiлерi шетелдiк жұмыс күшiн тарту ережелерiнiң сақталуы бөлiгiнде алдағы тексеру туралы хабардар етiлмейдi.
      9. Тексеру үшiн объектiге келген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
      1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыретi шегiнде статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органында тiркелгенi туралы белгiсi бар, тексеру тағайындау туралы актiнi;
      2) қызметтiк куәлiктi;
      3) қажет болған жағдайда, құзыреттi органның режимдiк объектiлерге кiруге рұқсатын;
      4) iшкi iстер органының басшысы бекiткен тексеру жоспарын;
      5) объектiге кiру үшiн қажет болатын медициналық рұқсатты көрсетуге мiндеттi.
      10. Тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актiнi тапсырған кез тексерудiң басталуы болып есептеледi.
      11. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартылған немесе iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң тексеру жүргiзуге қажеттi материалдарды пайдалануына кедергi келтiрiлген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға iшкi iстер органының қызметкерi және кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы не өзге лауазымды адамы қол қояды.
      Тексеру тағайындау туралы актiнi алудан бас тарту тексерудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылмайды.
      12. Тексерудi тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген iшкi iстер органының қызметкерi (қызметкерлерi) ғана жүргізе алады.
      13. Тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс, арнайы зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалар жүргізу қажет болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң көлемi елеулi болуына байланысты iшкi iстер органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн, бiрақ бұл күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Тексеру жүргiзу мерзiмiнiң барысы тоқтата тұру туралы акт шығару арқылы, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, белгiлi уақыт кезеңiне не белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұруы мүмкiн.
      Белгiсiз уақытқа тоқтатыла тұрған тексеру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, тексеру жүргiзу мерзiмiн қайта бастау туралы акт шығару арқылы қайта басталады. Тексеру жүргiзу мерзiмiнiң барысы тексерудi қайта бастау туралы акт шығарылған күннен бастап жалғасады.
      Тексеру тағайындау туралы бiр акт негiзiнде бiр ғана тексеру жүргізіледі.
      14. Тексеру тағайындау туралы акт тек қана бiр жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне ресiмделедi.
      15. Зерттеулер (сынаулар), сараптамалар жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн (сынамалар) iрiктеп алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      16. Тексеру нәтижелерi бойынша тексеру жүргiзген iшкi iстер органының қызметкерi екi дана етiп тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
      1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
      2) тексеру жүргiзген iшкi iстер органы бөлiмшесiнiң атауы;
      3) тексеру жүргiзуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актiнiң күнi мен нөмiрi;
      4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы;
      5) тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан дара кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлға өкiлiнiң немесе дара кәсiпкер өкiлiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы;
      6) тексеру жүргiзу күнi, орны және мерзiмi;
      7) тексеру нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
      8) дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру жүргiзу кезiнде қатысқан адамдардың актiмен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы мәлiметтер;
      9) тексеру жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетiледi.
      Тексеру нәтижелерi туралы актiге өнiмнiң үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеп алу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеу туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулер (сынаулар) мен сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiлуi мүмкiн.
      17. Тексеру жүргiзу нәтижелерi туралы актiнiң нысанын Iшкi iстер министрлiгi белгiлейдi.
      18. Тексеру нәтижелерi бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы немесе дара кәсiпкер немесе олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде жазып көрсетедi.
      Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркелуi мүмкiн, ол туралы тиiстi белгi жасалады.
      19. Кәсiпкерлiк субъектiсiндегi құжаттардың түпнұсқасын қоспағанда, тексеру нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы қосымшаларының көшiрмелерiмен қоса танысу және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдау және өзге де iс-әрекеттер жасау үшiн кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысына немесе дара кәсiпкерге немесе олардың өкiлдерiне тапсырылады.
      Ескерту. 11-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңдарымен.

         11-2-бап. Жоспардан тыс тексерулер

      Уәкiлеттi лауазымды адам бұзушылық жасалған кезде оны тiкелей анықтаған және дәлелдердi бекiту үшiн шұғыл iс-қимылдар жүргiзу қажет болған жағдайда тексеру тағайындау туралы акт келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық есептiлiктi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк органның аумақтық органдарына табыс етiледi.
      Ескерту. 11-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

  3 Тарау
Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы
құралдар мен күш қолдануы

       12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен
              күш қолдану мақсаты

      Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.

       13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
      1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
      3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
      4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткiзу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.

       14-бап. Атыс қаруын қолдану

      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
      1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн;
      2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;
      4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;
      5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;
      6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;
      7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
      2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
      3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
      4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.

  4 Тарау
Iшкi iстер органдарында қызмет өткеру

       15-бап. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау

      1. Iшкi iстер органдарына қызметке жасы он сегiзден кем емес, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмi, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      2. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
      3. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау қызметке тағайындау жолымен, соның iшiнде контракт жасасу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте контрактының нысаны мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      4. Iшкi iстер органдарының оқу орындарына оқуға орта бiлiмi бар, он сегiз жасқа толмаған адамдар алынады. Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiне оқыған уақыт мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiрiледi. Бұл ретте iшкi iстер органдарының қаражаты есебiнен оқу ақысы төленiп iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындарына, басқа оқу орындарына оқуға түскен адамдармен контракт жасалады, онда оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет атқару шарты мен мерзiмi қарастырылады.
      5. Iшкi iстер органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамдағы лауазымдарына отыз екi жастан аспаған, орта және аға басшы құрамдағы лауазымдарға қырық жастан аспаған адамдар қабылданады. Ерекше жағдайларда осы жас шегi Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен өзгертiледi.
      6. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе iшкi iстер органдарының кадрларына алынған әскери мiндеттiлер, соның iшiнде курсанттар мен iшкi iстер органдары жүйесi оқу орындарының тыңдаушылары белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарының арнайы есебiнде тұрады.
      7. Iшкi iстер органдарына алғаш қызметке тұрушы адамдар мiндеттi түрде бастапқы арнайы оқудан өтедi және олар үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi. Сынақ мерзiмiн және тағылымдамадан өту тәртiбi мен шартын Iшкi iстер министрi белгiлейдi.
      8. Iшкi iстер органдарына қызметке алынған азамат мәтiнiн Республика Президентi бекiткен ант бередi.
      9. Iшкi iстер органдарына қызметке қабылдау тәртiбi, қызметкерлердiң қызмет өткеруi, олардың өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгi осы Заңмен, Республика Үкiметi бекiткен Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережемен, басқа да құқықтық нормативтiк актiлермен белгiленедi.
      10. Iшкi iстер органдарына қызметке бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақтауға болмайтын негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан терiс себептермен босатылған адамдар қабылданбайды.

       16-бап. Iшкi iстер органдарындағы қызметтiң
              шектi жасы

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi әскери қызмет үшiн заңдарда белгiленген жас шегiне дейiн қызметте бола алады. Қажеттi жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына Iшкi iстер министрiнiң шешiмiмен қызмет өткеру мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
      2. Қызмет өткеру мерзiмiн ұзарту iшкi iстер органдарының қызметкерiн осы Заңда және Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы ережеде көзделген негiздерде жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.

       17-бап. Iшкi iстер органдарынан қызметтен босату

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерi мына негiздерде:
      1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      2) жасына қарай, яғни әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;
      3) денсаулық жағдайына қарай - әскери қызметке жарамсыздығы немесе шектеулi жарамдылығы жөнiнде әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
      4) штаттың қысқаруына немесе iшкi iстер органдарының қайта құрылуына байланысты басқа қызметте пайдалану мүмкiндiгi болмаған жағдайда;
      5) контрактыны бұзуға не оның мерзiмiнiң өтуiне байланысты;
      6) өз қалауымен;
      7) белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттiк органдарға (ұйымдарға) жұмысқа ауысуына байланысты;
      8) сынақ мерзiмiнiң iшiнде қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
      9) әскери-қызметтiк тәртiптi өрескел бұзғаны үшiн;
      10) аттестацияның қорытындысы бойынша қызметке сай келмеуiне орай;
      11) iшкi iстер органдарының қызметкерi деген атаққа кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;
      12) соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмi болуына байланысты;
      13) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуына байланысты қызметтен босатылады.
       Ескерту. 17-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N  134-I , 1998.12.09. N  307 , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

         17-1-бап. Қызмет өткеруден бас тартуға байланысты
                шығындарды өтеу

      1. Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерiн бiтiрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерi iшкi iстер органдарында кем дегенде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.
      Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiм-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол өзiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома келiсiм-шарттың мерзiмi аяқталғанға дейiн әрбiр толық өткерiлмеген айға бара-бар есептеледi.
      2. Әскерге шақыру жасына толған және үлгермеуi, тәртiпсiздiгi үшiн, сондай-ақ өз қалауы бойынша оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлiгi оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген болса, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерiндегi әскери басқарманың органдарына жiберiледi. Олар өздерiн оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтануға, мүлiктiк ризыққа жұмсалған бюджет қаражаттарын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға жататын сома оқу орнында болудың әрбiр толық айына бара-бар есептеледі.
      Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 26  Заңымен.

       18-бап. Iшкi iстер органдарындағы жұмыс уақыты

      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгiленедi.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қажеттi жағдайларда белгiленген уақыттан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруға шақырылуы мүмкiн.
       Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N  253  Заңымен.

       19-бап. Iшкi iстер органдарында қызмет
              өткерудiң ерекше жағдайлары

      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн Республиканың басқа аймақтарында қоғамдық тәртiптi қорғау үшiн немесе төтенше жағдайдың құқықтық режимiн қамтамасыз ету және төтенше жағдаяттардың зардаптарын жоюға қатысу үшiн тартудың ұзақтығы үш айдан аспауға тиiс.
      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен iшкi iстер органдарының кадрларында қалдырыла отырып, мемлекеттiк органдарға және халықаралық ұйымдарға қызметке жiберiлуi мүмкiн.
       Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 26  Заңымен.

  5 Тарау
Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
құқықтық жағдайы

       20-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
              мәртебесi

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк өкiметтiң өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
      Iшкi iстер органдарындағы қызмет - Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет және Қазақстан халқы алдындағы қызметтiк мiндеттерi мен қызметтiк борышын атқаруына байланысты мемлекеттiк қызметтiң айрықша түрi.
      2. Iшкi iстер органдарында қызмет атқаратын немесе кадрлары болып табылатын, белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген адамдар, сондай-ақ Iшкi iстер министрлiгi әскери-тергеу органдары мен әскери полициясының қызметшiлерi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi болып табылады. 
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне олардың жеке басын және өкiлеттiгiн растайтын белгiленген үлгiдегi куәлiктер мен жетондар берiледi.
      4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы осы Заңға және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ережеге қайшы келмейтiндей дәрежеде қолданылады.
      Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
       Ескерту. 20-бап өзгерді- Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , 2001.10.10. N  247 , 2004.12.29.  N 26 , 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

         20-1-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң арнаулы
                атақтары

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай арнаулы атақтар берiледi:
      қатардағы құрам:
      полицияның қатардағы қызметкерi;
      1) кiшi басшы құрам:
      полиция кiшi сержанты;
      полиция сержанты;
      полиция аға сержанты;
      полиция старшинасы;
      2) орта басшы құрам:
      полиция кiшi лейтенанты;
      полиция лейтенанты;
      полиция аға лейтенанты;
      полиция капитаны;
      3) аға басшы құрам:
      полиция майоры;
      полиция подполковнигi;
      полиция полковнигi;
      4) жоғары басшы құрам:
      полиция генерал-майоры;
      полиция генерал-лейтенанты.
      2. Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын Iшкi iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      3. Жоғары басшы құрамды арнаулы атақтарынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Қатардағы, кiшi, орта және аға басшы құрамға арнаулы атақтар берудiң және одан айырудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы  ережеде  айқындалады.
       Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2004.12.29.  N 26  Заңымен.

       21-бап. Адамның iшкi iстер органдарында қызметте
              болуымен байланысты шектеулер

      1. Iшкi iстер органы қызметкерлерiнiң лауазымы оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, депутаттық мандатпен, өзге де ақы төленетiн қызметтi атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да болсын саяси партияны жақтауға тиiс емес.
      4. Iшкi iстер органдарында Iшкi iстер министрi анықтайтын тәртiп пен шарттарда кәсiпкердi (лауазымдарды) қоса атқаруға немесе уақытша орнында болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқаруға рұқсат етiледi.

       22-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
              өкiлеттiгi

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және iшкiведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар жасаған жағдайда не осындай әрекет тiкелей анықталған ретте құқық бұзушылықты тыю және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегi iшкi iстер органын хабардар ету үшiн өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.
      2. Полицияның учаскелiк инспекторы, ішкі істер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдік учаскенің бастығы, полицияның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерi, соның iшiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарай отырып және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мен жоюға бағытталған, ұйымдар үшiн мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      2-1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жол полициясы департаментінің бастығы қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік автомобиль инспекторы болып табылады.
      3. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтiн iс-әрекеттерi "Заң атымен" деген сөздердi айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсендi iс-әрекеттi тоқтатып, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарына сөзсiз бағынуға және оның қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.
       Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307  Заңымен.

       23-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
              арналған құқықтық кепiлдiктер

      1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын барлық азаматтар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi.
      2. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарын орындамау, қорлау, қарсылық көрсету, күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қастандық жасау, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға бөгет жасайтын басқа iс-әрекеттер, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қастандық жасау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде тек тiкелей және төте бастықтарына ғана бағынады.
      4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне осыған заңмен тiкелей өкiлеттiк берiлген адамдардан басқа ешкiмнiң араласуға құқығы жоқ. Осы Заңмен iшкi iстер органдарына жүктелмеген мiндеттердi орындауға iшкi iстер органдарының қызметкерлерiн көндiруге ешкiмнiң құқығы жоқ. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қызметiне құқыққа қарсы араласу заңда белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.
      5. Заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған жағдайда, iшкi iстер органдарының қызметкерi заңды басшылыққа алуға мiндеттi және оның қорғауында болады.
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне қатысты қабылданған шешiмдер мен iс-әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым беруге құқығы бар.
      7. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi арнайы құралдар мен тәсiлдер, қару қолданылып келтiрiлген зиян үшiн, егер олардың iс-әрекетi заңға сәйкес жүзеге асырылса, жауап бермейдi.

       23-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
                қолданылатын көтермелеулер

      1. Лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз қызметi, аса маңызды әрi күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы өзге де жетiстiктерi үшiн iшкi істер органдарының қызметкерлерi:
      1) бiржолғы ақшалай сыйақымен;
      2) алғыс жариялаумен;
      3) бағалы сыйлықпен марапаттаумен;
      4) кезектi арнаулы атақты мерзiмiнен бұрын берумен;
      5) сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу түрлерiмен көтермеленуi мүмкiн.
      2. Айрықша сiңiрген еңбегi үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталады.
      Ескерту. 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2004.12.29.  N 26  Заңымен.

       24-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң
              жауапкершiлiгi

      1. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн iшкi iстер органдарының қызметкерлерi заңдарға сәйкес тәртiптiк қылмыстық және өзге жауапкершiлiкке тартылады.
      2. Көрнеу заңсыз бұйрықты немесе нұсқауды орындау iшкi iстер органдарының қызметкерiн жауапкершiлiктен босатпайды.
      3. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған және қамауда ұстау түрiндегi тыйып тастау шарасы қолданылмаған iшкi iстер органдарының қызметкерi, сот осы қылмыстық iс бойынша шешiм қабылдағанша, қылмыстық iс жүргiзу заңдарымен белгiленген тәртiппен тергеу жүрiп жатқан мерзiмге қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетiледi.

       24-1-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне
                қолданылатын жазалаулар

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне мынадай тәртiптiк жазалаулар:
      1) ескерту;
      2) сөгіс;
      3) қатаң сөгіс;
      4) қызметке толық сай еместігi туралы ескерту;
      5) атқарып жүрген лауазымынан босату;
      6) арнаулы атағын бiр саты төмендету;
      7) iшкi iстер органдарынан босату қолданылуы мүмкiн.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
      Ескерту. 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының  2004.12.29.  N 26  Заңымен.

  6 Тарау
Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

       25-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау

      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғау мемлекеттiң мiндетi болып табылады.

       26-бап. Iшкi iстер органдардың қызметкерлерiне
              еңбекке ақы төлеу, оларды зейнетақымен және
              өзгедей қамтамасыз ету

      1. Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтi өтеудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
      2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және арнаулы атағы үшiн қосымша ақыдан тұрады.
      3. <*>
      4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi:
      1) Үлгiлерi мен тиесiлiк нормаларын Республика Үкiметi белгiлейтiн тегiн нысандық әрi арнаулы киiм-кешекпен;
      2) <*>
      4-1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киiм-кешектiң орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.
      5. Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң:
      1) <*>
      2) iссапар куәлiгiн көрсеткен соң барлық көлiк түрiнде жүрiп-тұру құжаттарын және мейманханаларда тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте алуға құқығы бар.
      7. <*>
       Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N  134-I , 1999.04.07. N  374 , 1999.11.16. N  476-I , 2001.10.10. N  247 , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       27-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң демалысы

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы отыз тәулiк демалыс, сондай-ақ заңмен көзделген өзге де демалыс берiледi.
      2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қосымша ақы төленетiн демалыс (күнтiзбелiк есеппен) қызмет өткерген жылдарына қарай:
      1) он жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы бес тәулiк;
      2) он бес жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы он тәулiк;
      3) жиырма жылдан аса қызмет өткерген жылдары барларға - ұзақтығы он бес тәулiк мерзiмге берiледi.
      3. Биiк таулы жерлерде, климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткерiп жүрген iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қызмет өткерген жылдарына қарамастан, ұзақтығы қырық бес тәулiк кезектi демалыс берiледi.
      3-1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне кезектi, қысқа мерзiмдi, қосымша демалыстар, сырқаттануына байланысты, жүктi болуына және бала тууына байланысты демалыстар уақытында, демалысын өткiзу орнына баратын және керi қайтатын жолға берiлетiн уақытты қоса алғанда, ақшалай ризық атқаратын лауазымы бойынша еңбек демалысына кеткен күнiне алатын мөлшерде төленеді.
      4. Iшкi iстер органдарының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң демалысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.
       Ескерту. 27-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.29.  N 26 , 2007.05.15. N  253  Заңдарымен.

       28-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi
              қаза тапқан (қайтыс болған) немесе
              мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқарып жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда, ал ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтем алуға құқығы бар адамдарға бiр жолғы өтем төленедi.
      2. Бір жолғы өтемді төлеу тәртiбiн Республиканың Үкiметi белгілейді.
      3. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк міндеттерін немесе қызметтік борышын орындау кезiнде не қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде алған жарақат салдарынан қызметтен босатылғаннан кейiнгi бiр жыл iшiнде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда асырауындағы адамдар мен мұрагерлерiне оның соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      4. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiндегi жарақаты, жаралануы (контузия алуы), зақымдануы, науқастануы салдарынан болған мүгедектiк белгiленгенде,оларға:
      1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай үлесi;
      2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай үлесi;
      3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай үлесi мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
      5. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын атқару кезiнде мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр зақым (жарақат, жаралану, контузия) алған жағдайда оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл зақым алған жағдайда жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем сақтандыру сомасы төленедi.
      6. Iшкi iстер органдары қызметкерiнiң қазасы (өлiмi) жаралануы (мертiгуi), науқастануы қызметтiк мiндеттерiн немесе қызметтік борышын орындауға қатысы жоқ жағдаяттарға байланысты болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, бір жолғы өтем төленбейдi.
      7. <*>
      8. Қызметтiк мiндеттерiн не қызметтiк борышын атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң балаларына олар кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерiндегi медициналық және санаторий-курорттық қызмет көрсетуге құқық сақталады.
       Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1997.04.02. N  88-I , 1997.06.19. N  134-I , 1998.12.09. N  307 , 1999.04.07. N  374 , 2001.10.10. N  247 , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       29-бап. Жерлеу шығындарын өтеу

      Iшкi iстер органдарының қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.

       30-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiнiң тұрғын үй құқығы

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қызметтiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады.
      2. Iшкi iстер органдарының он күнтiзбелiк жылдан астам уақыт қызмет атқарған қызметкерлерi тұрақты тұрып жатқан қызметтiк тұрғын үй-жайларын өздерiнiң қалауына қарай жеке меншiгiне сатып ала алады.
      3. Егер басқа тұрғын үй-жайлар берiлмесе, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiн қызметтiк тұрғын үй-жайлардан шығаруға болмайды.
      4. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй қорының тиістілігіне қарамастан тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерге (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) жұмсалатын шығындарды төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджетте тиісті жылға белгіленген мөлшерде төленеді.
      5. <*>
      6. Iшкi iстер органдарының қызметкерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқан адамның отбасы ол қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей заңмен белгiленген шарттар мен тәртiп бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын алаң алуға құқылы.
       Ескерту. 30-бапқа өзгерiс енгізілдi - Қазақстан Республикасының 1999.04.07. N  374 , 1999.11.16. N  476-I , 2004.12.29.  N 26  Заңдарымен.

       31-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге
              шаралары

      1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлерiне және олардың бiрге тұратын отбасы мүшелерiне Республика Үкiметi белгiлеген шекте Республика Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қызметшiлерi мен зейнеткерлерiне заңмен белгiленетiн жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.
      2. Iшкi iстер министрлiгiнiң туберкулез және басқа мамандандырылған жұқпалы аурулар мекемелерiнде қызмет атқаратын iшкi iстер органдарының қызметкерлерi аталған қызметкерлерге заңмен белгiленетiн жеңiлдiктердi пайдаланады.

       32-бап. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен
              зейнеткерлерiне медициналық және
              санаторий-курорттық қызмет көрсету

      Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық және санаторий-курорттық қызметтi Республика Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдаланады.

7 Тарау
Iшкi iстер органдарын қаржымен және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету

       33-бап. <*>

       Ескерту. 33-бап алып тасталды - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       34-бап. Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық
              қамтамасыз ету

      Iшкi iстер органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң шарттары мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
       Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.12.09. N  307 , 2001.12.06. N  260 , бап жаңа редакцияда - 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

  8 Тарау
Қорытынды және өтпелi ережелер

       35-бап. <*>

      Ескерту. 35-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13  (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.

       36-бап. Iшкi iстер органдарының қызметiне
              прокурорлық қадағалау

      Iшкi iстер органдарының қызметiнде заңдардың дәл және бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынатын прокурорлар жүзеге асырады.

       37-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртiбi

      Осы Заң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. 

       38-бап. Осы Заңды iске асыру шаралары

      1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11, 288-құжат; 1992 ж., N 24, 593-құжат, 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1993 ж., N 17, 426-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) бұрын өзi қабылдаған шешiмдердi осы Заңға сәйкес келтiрсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi туралы Ереженi бекiтсiн;
      3) осы Заңнан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң нормативтiк актiлерiн осы Заңға сәйкес келтiрсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi