Қазақстан Республикасының | |
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң | |
жинағында жариялануға тиiс |
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;
4) біліктілік сыныптары белгіленетін Агенттік лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар) бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі бар.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттік, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен жалпы штат санын Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
9. Агенттіктің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 10.
10. Агенттіктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Агенттікке кіріс әкелетін қызмет атқаруға заңнамалық актілермен құқық берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Агенттіктің миссиясы: қаржылық және экономикалық жүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
15. Агенттіктің міндеттері:
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай ақпараттық жүйе құру және республикалық дерекқорды жүргізу;
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдардың қызметтің осы бағытындағы жұмысын үйлестіру;
6) Агенттіктің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президент актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер.
16. Агенттіктің функциялары:
1) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қаржы мониторингіне жататын, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру;
2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында алынған ақпаратты талдауды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіру;
4) жаппай қырып-жою қаруын таратудың және оны қаржыландырудың алдын алу, оған кедергі келтіру және тоқтату;
5) соттың қылмыстық іске қатысты сұратуы бойынша іс жүргізуіндегі материалдарды шешу үшін қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар бойынша қажетті ақпаратты жіберу;
6) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну;
7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар терроризмді қаржыландыруға бағытталды деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдер берген құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарды банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының тоқтатылғаны туралы хабардар ету;
8) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;
9) Заңға сәйкес берілген ақпарат бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
10) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
11) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында республикалық дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің әдіснамалық бірлігін және келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
12) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзудың алдын алу жөніндегі, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;
13) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан алынатын ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қолдану практикасын қорыту, сондай-ақ оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
14) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесі мен практикасын зерделеу;
15) қаржылық мониторинг органдары кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
16) халықаралық ұйымдардың, бірлестіктердің және өзге де жұмыс топтарының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласындағы қызметіне белгіленген тәртіппен қатысу;
17) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
18) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;
19) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;
20) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын Заңға сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
22) Агенттік қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, өз қызметі туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
23) өз құзыреті шегінде экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
24) мемлекеттік құпиялардың және заңмен қорғалатын өзге де құпияның қорғалуын қамтамасыз ету;
25) ақпараттандыру объектілерін сақтауға, Агенттік қызметінде оларға заңсыз және (немесе) қасақана қол жеткізуді және (немесе) әсер етуді болдырмауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;
26) Агенттік құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
27) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау;
28) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
17. Агенттіктің құқықтары мен міндеттері:
Агенттік:
1) сұрау салу бойынша немесе дербес түрде шет мемлекеттің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыретті органымен ақпарат, мәліметтер мен құжаттар алмасуға;
2) мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау бойынша талаптарды сақтай отырып, өз құзыреті шегінде сараптамалар жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды, бағдарламалық және ақпараттық қамтылымдарды әзірлеу, ақпараттық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа тартуға, оның ішінде шарттық негізде тартуға;
3) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың бұзылғаны немесе бұзу белгілерінің бар болуы туралы хабарламаны тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ақпаратпен, мәліметтермен және құжаттармен алмасу және оларды беру бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындауға;
5) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының үйлестіру кеңестерінің, ведомствоаралық комиссияларының, жұмыс және сараптама топтарының жұмысына қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен криминалистикалық зерттеулер жүргізуге;
7) Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді жасауға, сатып алуға, пайдалануға және жаңғыртуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген процестік әрекеттерді Агенттік өкілеттігінің шеңберінде жүргізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Президентінің актілерімен айқындалған тәртіппен уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, аудит пен тексерулер жүргізуді талап етуге;
10) қаржы мониторингі субъектілерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы қажетті ақпаратты, мәліметтерді және құжаттарды сұратуға;
11) күдікті операцияның белгілері анықталған жағдайда ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы шешім шығаруға;
12) Агенттіктің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысуға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
Агенттіктің міндеттері:
1) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдау;
2) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды сақтаудың, қорғаудың тиісті режимін және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) қаржылық мониторингті жүзеге асыру процесінде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Агенттіктің қызметіне талдау жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
3-тарау. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру
18. Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауаптылықта болатын төраға Агенттікті басқаруды жүзеге асырады.
19. Төрағаны Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Қазақстан Республикасының Президенті Агенттік төрағасының ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары, оның ішінде бір бірінші орынбасары болады.
21. Төрағаның өкілеттіктері:
1) Агенттіктің қызметін ұйымдастырады және жұмысына басшылық жасау мен қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, Агенттіктің аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
2) өз орынбасарларының және аппарат басшысының өкілеттіктерін айқындайды;
3) Агенттіктің атынан орындалуы міндетті құқықтық актілер, өз құзыреті шегінде – өзге мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін (жұмыскерлерін), оның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне), оның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің басшысына тәртіптік жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттіктің және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне біліктілік сыныптарын белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының Президентіне Агенттіктің, оның аумақтық органдарының және мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға жоғары біліктілік сыныбын беру туралы ұсынымдар енгізеді;
8) қарамағындағы қызметкерлерге (жұмыскерлерге) нұсқаулар мен тапсырмалар береді, Агенттіктің құзыретіне жататын функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдастыру-өкімдік шараларды қабылдайды;
9) Агенттіктің аумақтық органдары және мамандандырылған мемлекеттік мекемесі туралы ережелерді бекітеді;
10) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жалпы штат санының лимиті шегінде Агенттіктің аумақтық органдары мен мамандандырылған мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді;
12) Агенттіктің жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Агенттіктің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
22. Агенттік аппаратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
4-тарау. Агенттіктің мүлкі
23. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Агенттіктің мүлкі мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден, өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.
24. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
25. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
26. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің
ТІЗБЕСІ
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 10.08.2022 № 976 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының – мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
2) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
3) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
4) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
5) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
6) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
7) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
8) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
9) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
10) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
11) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
12) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
13) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
14) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
15) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
16) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
17) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
18) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
19) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
20) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандандырылған мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кинологиялық орталығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Төрағаның хатшылығы
Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті
Қаржылық мониторинг департаменті
Цифрландыру департаменті
Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Тергеу департаменті
Жедел департамент
Превенция және талдау әзірлемелері департаменті
Жеке қауіпсіздік департаменті
Стратегия және жедел басқару департаменті
Кадр жұмысы департаменті
Әкімшілік департаменті
Криминалистика басқармасы
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс басқармасы
Ішкі аудит қызметі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі | 1731 |
". |
2. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Білім және ғылым министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Энергетика министрі";
кестенің "4. Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";
он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";
"Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы";
"Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бас Прокурор".
3. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары | Президент | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Комиссия* |
"; |
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аппарат басшысы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"; |
"
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары | Министр | Министр | Комиссия* |
" |
деген жол алып тасталсын;
"
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары | Министр | Министр | Комиссия* |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің басшылары | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы | Комиссия* |
"; |
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
17-тармақтың 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі және Ішкі істер министрлігі аппараттарының басшылары;
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары; Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттерінің басшылары;";
18-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасарлары; "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның құрамына кіретін ұлттық даму институттары мен ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аппаратының басшысы; Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілінің орынбасарлары.".
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының екі орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісім бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары кіреді.".
5. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері, арнаулы мемлекеттік органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тізілімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283қбп Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат): ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
6. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, құқық қорғау қызметін қоспағанда" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы және нәтижелілікті бағалау бойынша".
7. "Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 68 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 439-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
7-тармақтың екінші бөлігінде:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 379-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
"17-1) Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары;".
10. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 722 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты берілетін адамдардың тізбесі" деген бөлімде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аумақтық органдардың қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық тергеп-тексеру қызметінің офицер атағы, сыныптық шені, біліктілік сыныбы бар және (немесе) құқық қорғау қызметін іске асыратын қызметкерлері.".
11. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 932 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 580-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шарты бойынша құзыретті мемлекеттік органдардың тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі".
12. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"Б" корпусы" деген бөлімде:
В санаттарының тобында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының аппараттары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі";
В-3 санатында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармасының (қызметтің) басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігi, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі басқармасының (қызметтің) басшысы";
С санаттарының тобында:
С-О-3 санатында:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органының басқарма басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық органының басқарма басшысы".
13. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20, 154-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".
14. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы".
15. "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органдарын және уәкілетті органын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 639 Жарлығында:
кестеде:
"Терроризмге қарсы күрес:" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
"Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес:" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
"Қарудың кез келген түрлерінің және оқ-дәрілердің, жарылғыш және уландырғыш заттардың, әскери техниканың заңсыз айналымына қарсы күрес" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
"Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес:" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
"Кірістерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражаттарды жылыстатушылыққа қарсы күрес:" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;";
"Контрабандаға қарсы күрес:" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;".
16. "Қазақстан Республикасынан Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 52 Жарлығында:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету шеңберінде заттай дәлелдемелер бойынша Қазақстан Республикасынан Хаттаманы іске асыру бойынша өкілеттіктерді жүзеге асыратын құзыретті органдар болып белгіленсін.".
17. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін іске асыру жөніндегі құзыретті мемлекеттік органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 65 Жарлығында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі құзыретті органдар болып айқындалсын.".
18. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 наурыздағы № 281 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 9, 58-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру қызметі Келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар болып айқындалсын.".
19. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 7, 66-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары".
20. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын мониторингтеу жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 281 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 31, 263-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы" деген жол алып тасталсын.