Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімін іск

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 65 Жарлығы.

      2012 жылғы 5 желтоқсанда Ашхабадта жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі құзыретті органдар болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 20.02.2021 № 515 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ