Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 241 Жарлығы.

Жаңартылған

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Қазақстан Республикасынан орталық орган ретінде айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне қабылданған шешім туралы хабарласын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев