Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияны ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 22 шілдедегі № 338-V ҚРЗ

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция Қазақстан Республикасының мынадай мәлімдемелерімен ратификациялансын:

      "1) Конвенцияның 5-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тапсыруға жататын құжаттар, егер олар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасалса немесе көрсетілген тілдерге аудармасы қоса берілген болса ғана, қабылданады;

      2) Конвенцияның 16-бабында көрсетілген мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат, егер ол сот шешім шығарған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін берілген болса, қанағаттандырылуға жатпайды.".

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Назарбаев

АЗАМАТТЫҚ НЕМЕСЕ САУДА ІСТЕРІ БОЙЫНША СОТ ҚҰЖАТТАРЫ МЕН СОТТАН
ТЫС ҚҰЖАТТАРДЫ ШЕТЕЛДЕ ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ

      (1965 жылғы 15 қарашада жасалған)

      Осы Конвенцияға қол қойған Мемлекеттер,

      Шетелде тапсырылуға жататын сот құжаттарымен және соттан тыс құжаттармен адресатты уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету жөніндегі тиісті тетіктер жасауға ниет білдіре отырып,

      Рәсімдерді оңайлату және жеделдету арқылы өзара сот көмегін ұйымдастыруды жетілдіруге ниет білдіре отырып,

      Конвенция жасасуды шешті және мынадай келісімге келді:

1-бап

      Осы Конвенция азаматтық немесе сауда істерінің сот құжатын немесе соттан тыс құжатты шетелде беру және тапсыру үшін жіберу қажет болған барлық жағдайларда қолданылады.

      Егер құжатты алушының мекенжайы белгісіз болса, Конвенция қолданылмайды.

І ТАРАУ. СОТ ҚҰЖАТТАРЫ

2-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет 36-баптардың ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекеттерден келіп түсетін құжаттарды тапсыру туралы сұрау салуды қабылдау және қарау міндеті жүктелетін Орталық Органды тағайындауға тиіс.

      Әрбір Мемлекет өз заңнамасына сәйкес өзінің Орталық Органы қызметінің шарттарын айқындауға тиіс.

3-бап

      Сұрау салушы Мемлекеттің заңнамасына сәйкес өкілеттік берілген орган немесе соттың лауазымды адамы сұрау салынатын Мемлекеттің Орталық Органына заңдастыру немесе басқа баламалы формальдылықтарды орындау қажеттілігінсіз осы Конвенцияға қоса берілетін үлгіге сәйкес жасалған сұрау салуды жібереді.

      Тапсырылуға жататын құжат немесе оның көшірмесі сұрау салуға қоса беріледі. Сұрау салу және құжат екі данада беріледі.

4-бап

      Егер Орталық Орган сұрау салу осы Конвенцияның талаптарына сай келмейді деп есептесе, ол бұл туралы өзінің сұрау салуға ескертпелерін толық баяндап, өтініш берушіге дереу хабарлауға тиіс.

5-бап

      Сұрау салынатын Мемлекеттің Орталық Органы құжатты дербес жеткізеді және тапсырады немесе оның тапсырылуын тиісті мекемелер арқылы өзгеше түрде, не:

      а) осы Мемлекетте жасалған құжаттарды, оның аумағындағы адамдарға тапсыру немесе жеткізу үшін осы Мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен,

      b) айрықша тәртіппен, егер мұндай тәртіп сұрау салынатын Мемлекеттің заңнамасына үйлеспейтін болып табылмаса, өтініш берушінің өтінішхаты бойынша қамтамасыз етеді.

      Осы баптың бірінші бөлігінің b) тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, құжат ерікті түрде қабылдауға келіскен адресатқа тікелей жеткізілуі мүмкін.

      Егер құжат осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес тапсырылуға жататын болса, Орталық Орган құжаттың сұрау салынатын Мемлекеттің ресми тілінде немесе ресми тілдерінің бірінде жасалуын немесе сол тілдердің біріне аударылуын талап ете алады.

      Адресатқа құжатпен бірге сұрау салудың тапсырылуға тиіс құжаттың негізгі ережелерін қамтитын, осы Конвенцияға қоса берілетін үлгі бойынша ресімделген бөлігі жеткізіледі.

6-бап

      Сұрау салынатын Мемлекеттің Орталық Органы немесе осы мақсатпен тағайындалуы мүмкін басқа орган осы Конвенцияға қоса берілетін үлгі бойынша куәлік нысанында тапсыру туралы растауды жасайды.

      Куәлікте құжаттың тапсырылғандығы расталады және тапсыру тәсілі, орны және күні келтіріледі, сондай-ақ құжат тапсырылған адам көрсетіледі. Егер құжат тапсырылмаған болса, онда куәлікте осыған кедергі болған себептер көрсетіледі.

      Өтініш беруші Орталық Орган немесе сот органы жасамаған куәлікті олардың біреуінің растауын талап ете алады.

      Куәлік тікелей өтініш берушіге жіберіледі.

7-бап

      Осы Конвенцияға қоса берілетін үлгілерде көрсетілген стандартты терминдер барлық жағдайларда француз немесе ағылшын тілінде келтіріледі. Олар сұрау салушы Мемлекеттің ресми тілінде немесе ресми тілдерінің бірінде келтірілуі де мүмкін.

      Бланкілердің тиісті бағандары сұрау салынатын Мемлекеттің тілінде не француз немесе ағылшын тілінде толтырылады.

8-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет өздерінің дипломатиялық немесе консулдық агенттерінің көмегімен шетелдегі адамдарға мәжбүрлеу шараларын қолданбай, сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыруға құқылы.

      Құжат сұрау салушы Мемлекеттің азаматына тапсырылуға тиіс жағдайларды қоспағанда, кез келген Мемлекет өз аумағында мұндай тапсыру тәртібіне жол бермейтіндігі туралы мәлімдей алады.

9-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттің жеткізу үшін тағайындалған органдарына сот құжаттарын тапсыруға арналған жеткізуге консулдық арналарды қосымша пайдалануға құқылы.

      Ерекше мән-жайларда әрбір Уағдаласушы Мемлекет дипломатиялық арналарды дәл сондай мақсаттарда пайдалана алады.

10-бап

      Егер сұрау салынатын Мемлекет наразылықтарын мәлімдемесе, осы Конвенция:

      а) шетелдегі адамдарға сот құжаттарын пошта арқылы тікелей жіберу мүмкіндігіне,

      b) сұрау салушы Мемлекеттің сотының және өзге де лауазымды адамдарының немесе басқа құзыретті адамдарының сұрау салынатын Мемлекеттің сотының және өзге де лауазымды адамдарының немесе басқа құзыретті адамдарының көрсететін қызметтеріне тікелей сүйене отырып, сот құжаттарын тапсыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне,

      с) сот талқылауына қатысатын кез келген адамның сұрау салынатын Мемлекеттің сотының және өзге де лауазымды адамдарының немесе басқа құзыретті адамдарының көрсететін қызметтеріне тікелей сүйене отырып, сот құжатын тапсыруды жүзеге асыру мүмкіндігіне кедергі келтірмейді.

11-бап

      Осы Конвенция сот құжаттарын тапсыру мақсатында екі немесе одан көп Уағдаласушы Мемлекеттің алдыңғы баптарда көзделгендерден өзге жеткізу жолдарын шешу туралы уағдаласуына және атап айтқанда, олардың тиісті органдарының арасындағы тікелей байланыстарына кедергі келтірмейді.

12-бап

      Уағдаласушы Мемлекеттен келіп түсетін сот құжаттарын тапсыру сұрау салынатын Мемлекет көрсеткен қызметтерге байланысты алымдарды немесе шығыстарды алуға немесе өтеткізуге себеп бола алмайды.

      Өтініш беруші:

      а) соттың лауазымды адамының немесе сұрау салынатын Мемлекеттің заңнамасы бойынша өкілеттік берілген адамның қатысуынан,

      b) тапсырудың ерекше тәртібін қолданудан туындаған шығыстарды төлейді немесе өтейді.

13-бап

      Егер тапсыру туралы сұрау салу осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келетін болса, сұрау салынатын Мемлекет сұрау салудың орындалуы оның егемендігіне немесе қауіпсіздігіне залал келтіруі мүмкін деп есептесе ғана оны орындаудан бас тарта алады.

      Сұрау салынатын Мемлекет өзінің заңнамасына сәйкес қаралып жатқан істің нысанасы бойынша ерекше юрисдикцияға ие болған немесе оның заңнамасы бойынша мәлімделген сұрау салу негізінде жатқан талап қоюға жол берілмейді деген негізде ғана орындаудан бас тарта алмайды.

      Орындаудан бас тартылған жағдайда Орталық Орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге дереу хабар береді.

14-бап

      Сот құжаттарын тапсыру мақсатында оларды беруге байланысты туындауы мүмкін қиындықтар дипломатиялық жолмен шешіледі.

15-бап

      Соттың шақыру қағазы немесе баламалы құжат осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес тапсыру мақсатында шетелге жіберілуге тиіс болған және жауапкер сотқа келмеген жағдайда, сот:

      а) құжат сұрау салынатын Мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен оның аумағындағы адамдарға онда жасалған құжаттарды тапсыру немесе жеткізу үшін тапсырылғандығы, немесе

      b) құжаттың жауапкердің өзіне немесе осы Конвенцияда көзделгеннен өзге де тәртіппен тұрғылықты жеріне шынымен жеткізілгендігі және осы жағдайлардың кез келгенінде жауапкер өзін қорғауға дайындала алатындай болып, құжаттың уақтылы тапсырылғандығы немесе жеткізілгендігі анықталмағанша шешім шығаруды кейінге қалдырады.

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет осы баптың бірінші бөлігінің ережелеріне қарамастан, құжаттың тапсырылғандығын немесе жеткізілгендігін растайтын куәлік алынбаған болса да, мына шарттардың барлығы орындалған кезде:

      а) құжат осы Конвенцияда көзделген тәсілдердің бірімен берілсе,

      b) құжат жіберілген күннен бастап судья әрбір нақты іске қатысты жеткілікті деп айқындаған және алты айдан кем болмайтын уақыт кезеңі өтсе,

      с) сұрау салынатын мемлекеттің құзыретті органдарынан куәлік алу үшін барлық ақылға қонымды шаралар қолданылғанына қарамастан, қандай да болсын куәлік алынбаса, судья шешім шығара алатынын мәлімдеуге құқылы.

      Осы бап кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда судьяның талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі кез келген шараларды қолдануына кедергі болмайды.

16-бап

      Соттың шақыру қағазы немесе баламалы құжат осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес тапсыру үшін шетелге жіберілуге жататын болған және сотқа келмеген жауапкерге қарсы сот шешім шығарған жағдайда, судья мына шарттар орындалған кезде:

      а) жауапкерге өзін қорғауға дайындала алатындай жеткілікті түрде күні бұрын құжат туралы немесе ол шағым жасай алатындай жеткілікті түрде күні бұрын шығарылған шешім туралы белгілі болмауы өзінің кінәсінен болмаса, және

      b) жауапкер өзін қорғауға негізді дәлелдерді ұсынса, шешімге шағым жасау мерзімінің өту салдарынан жауапкерді босатуға құқылы.

      Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат жауапкерге шешім туралы белгілі болғаннан кейін ақылға қонымды мерзім ішінде ғана берілуі мүмкін.

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет мұндай өтінішхат, егер ол өтінішінде көрсетілетін мерзім өткен соң берілсе әрі мұндай мерзім шешім шығарылған күннен бастап есептегенде бір жылдан кем болуы мүмкін емес болса, қанағаттандырылуға жатпайтынын мәлімдеуге құқылы.

      Осы баптың ережелері адамдардың мәртебесіне немесе құқық қабілеттілігіне қатысты шешімдерге қолданылмайды.

ІI ТАРАУ. СОТТАН ТЫС ҚҰЖАТТАР

17-бап

      Уағдаласушы Мемлекеттің органдарынан және соттың лауазымды адамдарынан шығатын соттан тыс құжаттар басқа Уағдаласушы Мемлекетте осы Конвенцияда көзделген тәртіпке және жағдайларға сәйкес тапсыру үшін берілуі мүмкін.

IІI ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

18-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет Орталық Органнан бөлек, басқа органдарды тағайындап, олардың құзыретін айқындай алады.

      Алайда, өтініш беруші барлық жағдайларда Орталық Орган тікелей сұрау салу жіберуге құқылы.

      Федеративтік Мемлекеттер бірнеше Орталық Орган тағайындауға құқылы.

19-бап

      Осы Конвенция алдыңғы баптарда көзделмеген, аумағында тапсыру немесе жеткізу мақсатында шетелден келіп түскен құжаттарды беру тәсілдеріне рұқсат ететін Уағдаласушы Мемлекет заңнамасының ережелерін қозғамайды.

20-бап

      Осы Конвенция екі немесе одан да көп Уағдаласушы Мемлекеттің арасында:

      а) 3-баптың екінші бөлігінің екі данада жіберілген құжаттар туралы,

      b) 5-баптың үшінші бөлігінің және 7-баптың тіл жөніндегі талаптар туралы,

      c) 5-баптың төртінші бөлігінің,

      d) 12-баптың екінші бөлігінің ережелерін қолданбау туралы уағдаластыққа қол жеткізуіне кедергі болмайды.

21-бап

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет ратификациялық грамотаны немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде не кейінірек Нидерландтың Сыртқы істер министрлігін:

      а) 2 және 18-баптарға сәйкес органдары тағайындау,

      b) 6-бапқа сәйкес куәліктер беруге уәкілеттік берілген органды тағайындау,

      c) 9-бапқа сәйкес консулдық арналар арқылы берілетін құжаттарды қабылдауға уәкілеттік берілген органды тағайындау туралы хабардар етеді.

      Әрбір Уағдаласушы Мемлекет тиісті жағдайларда да Министрлікті:

      a) 8 және 10-баптарда көзделген беру тәсілдерін пайдалануға қарсы өздерінің наразылықтары,

      b) 15-баптың екінші бөлігінде және 16-баптың үшінші бөлігінде көзделген мәлімдемелер,

      c) аталған тағайындауларға, наразылықтарға және мәлімдемелерге қатысты барлық өзгерістер туралы хабардар етеді.

22-бап

      Осы Конвенция 1905 жылғы 17 шілдеде және 1954 жылғы 1 наурызда Гаагада қол қойылған Азаматтық процесс мәселелері жөніндегі конвенциялардың біріне немесе екеуіне де қатысушылар болып табылатын осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер арасындағы қатынастарда осы Конвенциялардың 1 - 7-баптарын алмастырады.

23-бап

      Осы Конвенция 1905 жылғы 17 шілдеде Гаагада қол қойылған Азаматтық процесс мәселелері жөніндегі конвенцияның 23-бабының немесе 1954 жылғы 1 наурызда Гаагада қол қойылған Азаматтық процесс мәселелері жөніндегі конвенцияның 24-бабының қолданылуын қозғамайды.

      Алайда, бұл баптар көрсетілген Конвенцияларда көзделгендерге ұқсас байланыс тәсілдері пайдаланылған жағдайда ғана қолданылады.

24-бап

      Егер мүдделі Мемлекеттер өзгеше уағдаласпаса, 1905 жылғы және 1954 жылғы Конвенцияларға қатысушылар арасындағы қосымша келісімдер осы Конвенцияға да бірдей қолданыста болады деп қарастырылады.

25-бап

      Осы Конвенция, 22 және 24-баптардың ережелеріне нұқсан келтірмей, қатысушылары Уағдаласушы Мемлекеттер болып табылатын немесе болатын және осы Конвенциямен реттелетін мәселелер жөніндегі ережелерді қамтитын конвенцияларды қозғамайды.

26-бап

      Осы Конвенция Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының оныншы сессиясында ұсынылған Мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.

      Ол ратификациялануға жатады және ратификациялық грамоталар Нидерландтың Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылады.

27-бап

      Осы Конвенция 26-баптың екінші бөлігінде аталған үшінші ратификациялық грамота сақтауға тапсырылғаннан кейін алпысыншы күні күшіне енеді.

      Кейіннен Конвенция оған қол қойған және оны ратификациялаған әр Мемлекет үшін ратификациялық грамотаны сақтауға тапсырғаннан кейін алпысыншы күні күшіне енеді.

28-бап

      Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының оныншы сессиясында өкілдік етпеген кез келген Мемлекет 27-баптың бірінші бөлігіне сәйкес осы Конвенция күшіне енгеннен кейін оған қосыла алады. Қосылу туралы құжат Нидерландтың Сыртқы істер министрлігіне сақтауға тапсырылады.

      Мұндай Мемлекет үшін Конвенция мұндай құжатты сақтауға тапсырғанға дейін Конвенцияны ратификациялаған қандай да болсын Мемлекет тарапынан наразылық болмаған кезде, Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі оның қосылғандығы туралы хабардар етілгеннен кейін алты ай ішінде мұндай қарсылық туралы осы Мемлекет министрлігін хабардар еткен жағдайда күшіне енеді.

      Наразылық болмаған жағдайда қосылатын Мемлекет үшін Конвенция алдыңғы бөлікте аталған кезеңдердің соңғысы аяқталғаннан кейін келетін айдың бірінші күні күшіне енеді.

29-бап

      Кез келген Мемлекет қол қою, ратификациялау немесе қосылу кезінде осы Конвенция халықаралық қатынастарына жауапты болатын барлық аумаққа не біріне немесе олардың кейбіріне қолданылатындығын мәлімдей алады. Мұндай мәлімдеу осы Мемлекет үшін Конвенция күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Кейіннен Конвенцияның қолданылу аясының кез келген мұндай аумақтық кеңеюі туралы Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі хабардар етіледі.

      Кеңею туралы өтініште көрсетілген аумақтар үшін Конвенция алдыңғы бөлікте аталған хабарламадан кейін алпысыншы күні күшіне енеді.

30-бап

      Осы Конвенция 27-баптың бірінші бөлігіне сәйкес күшіне енген күнінен бастап, оның ішінде оны ратификациялайтын немесе оған кейінірек қосылатын Мемлекеттер үшін бес жыл бойы күшінде қалады.

      Денонсация туралы өтініштер болмаған кезде ол жауап қатпаған келісіммен әр бес жыл сайын ұзартылады.

      Нидерландтың Cыртқы істер министрлігі кез келген денонсация туралы тиісті бес жылдық кезең аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын хабардар етілуге тиіс.

      Денонсация Конвенция қолданылатын аумақтың бөлігімен шектелуі мүмкін.

      Денонсация бұл туралы хабардар еткен Мемлекет үшін ғана күшінде болады. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттер үшін Конвенция күшінде қалады.

31-бап

      Нидерландтың Сыртқы істер министрлігі 26-бапта көрсетілген Мемлекеттерді және 28-бапқа сәйкес Конвенцияға қосылған Мемлекеттерді:

      a) 26-бапқа сәйкес қол қойылғандығы және ратификацияланғандығы;

      b) 27-баптың бірінші бөлігінің ережелеріне сәйкес осы Конвенцияның күшіне енген күні;

      c) 28-бапқа сәйкес Мемлекеттердің қосылғандығы және олар үшін Конвенцияның күшіне ену мерзімдері;

      d) Конвенцияның қолданылуының 29-бапта аталған, аумақтық аясының әрбір кеңеюі және оның күшіне ену күндері;

      e) 21-бапта көзделген тағайындаулар, наразылықтар және мәлімдемелер;

      f) 30-баптың үшінші бөлігіне сәйкес денонсация жағдайлары туралы хабардар етеді.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН тиісті түрде уәкілеттік берілген төменде қол қоюшылар осы Конвенцияға қол қойды.

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада ағылшын және француз тілдерінде ЖАСАЛДЫ әрі екі мәтін де теңтүпнұсқалы болып табылады, бір данасы Нидерланд Үкіметінің мұрағаттарында сақталады және куәландырылған көшірмесі дипломатиялық арналар арқылы Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының оныншы сессиясында ұсынылған Мемлекеттердің әрқайсысына жіберіледі.

      Ескерту. 1980 жылғы 25 қазанда Он төртінші отырысында азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелдерде жолданатын немесе берілетін сот және соттан тыс сүйемелденетін құжаттары ақпараты туралы Ұсынымдар қабылданды. (Төртінші сессиясының актілері мен құжаттары (1980 ж.), 1 том, Әртүрлі мәселелер; 1-67 б.; сондай-ақ, IV Том, Құқықтық көмек, 339 б.; 1965 жылғы 15 қарашадағы азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелдерде сот және соттан тыс құжаттар беру туралы Гаага Конвенциясының жұмысы бойынша практикалық басшылық).

      _____________________________________________________________________

ТАПСЫРУҒА ЖАТАТЫН
ҚҰЖАТ (СҰРАУ САЛУ ЖӘНЕ РАСТАУ) МАЗМҰНЫНЫҢ ҮЛГІСІ
(3, 5, 6 және 7-баптар бойынша қосымшалар)

      _____________________________________________________________________

КОНВЕНЦИЯҒА ҚОСЫМША
ҮЛГІЛЕР
СОТ ҚҰЖАТТАРЫН НЕМЕСЕ СОТТАН ТЫС ҚҰЖАТТАРДЫ ШЕТЕЛДЕ ТАПСЫРУ
ТУРАЛЫ СҰРАУ CАЛУ

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада қол қойылған Азаматтық немесе сауда

      істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды

      шетелде тапсыру туралы конвенция

Өтініш берушінің атауы және мекенжайы

Сұрау салынатын органның мекенжайы

      Төменде қол қойған өтініш беруші төменде санамаланған құжаттарды екі данада жіберуді өзіне мәртебе санайды және жоғарыда аталған Конвенцияның 5-бабына сәйкес көрсетілген құжаттардың бір данасын кешіктірмей адресатқа:

       (атауы және мекенжайы) _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________________________________________________________________________

      a) Конвенцияның 5-бабы бірінші бөлігінің (а) тармақшасының ережелеріне сәйкес*

      b) мынадай ерекше тәртіпке (5-баптың бірінші бөлігінің (b) тармақшасы) сәйкес*.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      c) егер адресат құжаттарды өз еркімен қабылдауға келіссе, оған жеткізу арқылы (5-баптың екінші бөлігі)* тапсыруды сұрайды.

      Сұрау салушы органға құжаттардың бір данасын және оған қосымшаларды* үлгіге сәйкес сырт жағында тапсырылғандығы туралы растаумен бірге қайтару немесе олардың қайтарылуын қамтамасыз етуді өтінеді.

      Құжаттар тізбесі___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      _______________________ жасалған

      Қолы және/немесе мөрі

      * Керек емесін сызыңыз.

      _____________________________________________________________________

      Сұрау салудың сырт жағы

РАСТАУ

      Төменде қол қойған орган көрсетілген Конвенцияның 6-бабына сәйкес

      1) құжаттар*

      - күні

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      - елді мекен, көшесі, үй

      5-бапта көзделген мынадай тәсілдердің бірімен:

      a) 5-баптың бірінші бөлігінің (a) тармақшасының ережелеріне сәйкес*.

      b) мынадай ерекше тәртіпке сәйкес*

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      c) оларды өз еркімен қабылдаған адресатқа жеткізу арқылы тапсырылғандығын*.

      Сұрау салуда көрсетілген құжаттар:

      - (адамның аты және мәртебесі)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      - адресатқа қатысы (отбасылық, іскерлік немесе өзге)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________ жеткізілді.

      2) құжаттар мынадай себептер бойынша:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      тапсырылмағандығын растауды өзіне мәртебе санайды*.

      Аталған Конвенцияның 12-бабының екінші бөлігіне сәйкес сұрау салушы органға қосымшада жазылған шығыстарды төлеуді немесе өтеуді өтінеді*.

      Қосымшалар

      Қайтарылатын құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тиісті жағдайларда тапсырылғанын растайтын құжаттар:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      __________ жасалды.

      Қолы және/немесе мөрі

      * Керек емесін сызыңыз

ТАПСЫРЫЛУҒА ЖАТАТЫН ҚҰЖАТТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада қол қойылған Азаматтық немесе сауда

      істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде

      тапсыру туралы конвенция

      (5-бап, төртінші бөлік)

      Сұрау салушы органның атауы және мекенжайы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тараптар*:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

СОТ ҚҰЖАТЫ**

      Құжаттың сипаты және мақсаты:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сот талқылауының сипаты және мәні, ал тиісті жағдайларда – талап қою сомасы:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Сотқа келу күні және орны**:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шешім шығарған сот **:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Шешім шығарылған күн **:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Құжатта көрсетілген шекті мерзім**:

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

СОТТАН ТЫС ҚҰЖАТ**

      *Тиісті жағдайларда құжаттың берілуіне мүдделі адамның аты (атауы) және мекенжайы.

      ** Керек емесін сызыңыз.

      Осымен 1965 жылғы 15 қарашада Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенцияның қазақ тіліндегі аудармасы Конвенция мазмұнына сәйкес келетінін куәландырамын.

Қазақстан Республикасы

Әділет министрлігінің

Халықаралық құқық және

ынтымақтастық департаментінің

директоры

А. Ахметова

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұдан әрі Конвенцияның ағылшын және француз тілдеріндегі мәтіні берілген.