Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық органды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 241 Жарлығы

Қолданыстағы

      1965 жылғы 15 қарашада Гаагада жасалған Азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) орталық орган ретінде айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне қабылданған шешім туралы хабарласын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев