Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығы

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       ТҮСІНІКТЕМЕ

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында және республикалық

      баспасөзде жариялануға тиіс

      Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктері үшін Мемлекеттік сыйлық беру жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығы тағайындалсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

      3) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже;

      4) Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

      5) Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамы;

      6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


  Қазақстан Республикасы
Президентінің 2015 жылғы
21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік
сыйлықтары туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық) және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы (бұдан әрі - Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық) ғылым, техника, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін жоғары тану болып табылады.

      2. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына:

      1) республиканың экономикалық және әлеуметтік дамуын айтарлықтай жеделдетуге, қазақстандық ғылым мен техниканың әлемдегі озық жетістіктер деңгейіне шығуына әкелетін іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздік нәтижелер үшін;

      2) қоғамға кеңінен танылған бір саладағы ғылыми жаңалықтар, монографиялар мен ғылыми жұмыстар үшін;

      3) техниканың, материалдардың және технологиялардың әлемдік аналогтар деңгейіндегі немесе одан жоғары деңгейдегі жаңа түрлерін әзірлегені және өндіруді ұйымдастырғаны үшін;

      4) экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін;

      5) мүлдем жаңа өнімдер мен технологияларды жасау және оларды экономиканың әртүрлі салаларына енгізу бойынша экономикалық және (немесе) әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететін ғылыми-технологиялық қызметтің танылған нәтижелері;

      6) басым әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуді және ішкі және сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін технологияларды өндіріске енгізу бойынша расталған инновациялық қызметтің нәтижелері үшін беріледі.

      Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Қазақстан Республикасының азаматтарына отандық мәдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі.

      3. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Тәуелсіздік күніне береді.

      Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық 2008 жылдан бастап беріледі.

      Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық 2015 жылдан бастап беріледі.

      Екі жылда бір рет әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жеті мемлекеттік сыйлық және әдебиет пен өнер саласындағы үш мемлекеттік сыйлық беріледі.

      4. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссиялар) қарайды.

      Комиссиялардың құрамы мен олар туралы ережелер Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

      5. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық ақшалай сыйақыдан, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломынан және төсбелгісінен тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының және төсбелгісінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен бекітіледі.

      Комиссиялар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының ақшалай сыйақы мөлшерлерін олар берілетін жылы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген сомалар шегінде айқындайды.

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауға, сараптама жүргізуге байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      6. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылатын ғылыми еңбектер жариялануы, ал техниканың жаңа түрлері, материалдар мен технологиялар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған кезге қарай кемінде екі жыл бойы өндірісте игерілуі тиіс.

      Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан әрі емес және кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары ұсыныла алады.

      Жұмыс әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға бір рет ұсынылады.

      Бұрын Қазақстан Республикасы сыйлықтарына ие болған жұмыстар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты алу конкурсына қатысуға жіберілмейді.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған кезде бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кемінде бес жылдан кейін берілуі мүмкін.

      Бір автор немесе авторлар ұжымы мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.

      7. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын ізденушілер ұжымы 8 адамнан аспауға тиіс.

      Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына ұсынылатын ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауға тиіс.

      Бір ізденушінің кандидатурасы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа және Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлыққа екі және одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды.

      8. Жұмыстарды әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдарының алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді.

      9. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландырулар және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      10. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізіледі.

      11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

      1) Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сыйлық берілетін жылдың 1 наурызына дейін қабылдайды;

      2) Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған, келіп түскен жұмыстарды комиссиялардың қарауына ұсынады.

      12. Қазақстан Республикасының Үкіметі әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қарайды және олар берілетін жылдың 1 қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізеді.

      13. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті салтанатты жағдайда тапсырады.

      14. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық авторлар ұжымына берілген кезде оның ақшалай сыйақысы авторлары арасында теңдей бөлінеді.

      15. Адам мемлекеттік сыйлықтар алуға ұсынылғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық, Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді.

      Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұра бойынша беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.

      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Жұмыс органы мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылым бағыттары бойынша секциялар құрады.

2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Комиссия мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.

      8. Комиссияның отырыстары оның төраға бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      9. Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік жасырын дауыс беруімен қабылданады. "Құпия" деген белгісі бар жұмыстарды қарауда және олар бойынша шешім қабылдауда құпия жұмыстар мен мәліметтерге тиісті нысандағы рұқсаты бар Комиссия мүшелері ғана қатысады.

      Мемлекеттік сыйлық отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауысы санынан кемінде 50% дауыс алған жұмысқа беріледі.

      Комиссия мүшелері жетеуден аспайтын жұмыс бойынша мемлекеттік сыйлық беру туралы оң шешім қабылдайды.

      Егер жасырын дауыс берудің қорытындылары бойынша жетеуден артық жұмыс отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауысы санының кемінде 50%-ын жинаса, онда мемлекеттік сыйлықтар ең көп дауыс санын алған жеті жұмысқа беріледі.

      Қажет болған жағдайда бірдей дауыс санын жинаған, бірақ отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелерінің дауысы санынан кемінде 50% дауыс алған жұмыстар бойынша қайта дауыс беруге рұқсат беріледі. Бұл ретте төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда олар Комиссияның жұмысына қатыспайды.

      11. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді;

      2) Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды және оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды Комиссия атынан бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      3) Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлерден жұмыстарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      4) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

      5) Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың екі теріс қорытындысын алған жұмыстарды одан әрі қарауға ұсынбайды;

      6) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды сараптамалық-талдамалық бағалау жүргізу үшін ғылымның бағыттары бойынша секцияларға енгізеді;

      7) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысын ескере отырып, өзінің нақты шығармашылық үлесі бойынша ізденушінің мәлімделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестігін анықтай отырып, Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімін авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      9) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді;

      10) жұмыс және ізденушілер туралы мәліметтері, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындылары, пікірлер туралы ақпараты бар жиынтық анықтама дайындайды;

      11) Комиссияның отырысынан 10 күн бұрын алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың және секцияның қорытындыларын оның қарауына енгізеді, Комиссия мүшелеріне материалдарды жібереді;

      12) Комиссияның ұсынылған жұмыстарды қарауының қорытындылары бойынша белгіленген тәртіппен Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің тиісті жобасын әзірлейді;

      13) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдарын ресімдеуді және төсбелгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

      12. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық) алуға ұсынылатын жұмыстарды қарау және іріктеу мақсатында құрылады.

      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы ережені басшылыққа алады.

      3. Секциялардан тұратын Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы басқарады.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Комиссия қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру

      5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және оның мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.

      6. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.

      7. Комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады.

      8. Комиссияның отырыстары Комиссияның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар Комиссия төрағасының шешімі бойынша қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Комиссия мен оның секцияларының отырыстары олардың мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болған кезде заңды болып табылады. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      9. Әрбір номинация бойынша Комиссияның шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен:

      1) алдын ала іріктеу кезінде ашық дауыс берумен;

      2) түпкілікті іріктеу кезінде жасырын дауыс беруімен қабылданады.

      Егер жасырын дауыс беру қорытындылары бойынша біреуден артық жұмыс бірдей дауыс санын алатын болса, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      10. Мемлекеттік сыйлық алуға Комиссия мүшелерінің жұмыстары ұсынылған жағдайда, олар Комиссияның және оның секциясының жұмысына қатыспайды.

      11. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды алдын ала және түпкілікті іріктеуді жүргізеді;

      2) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер саласындағы мамандарды тартады;

      3) Комиссия мүшелерін Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстармен танысу үшін олардың орналасқан жеріне жібереді.

      12. Комиссияның жұмыс органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды әзірлейді;

      2) Мемлекеттік сыйлық берілетін жылы Комиссияның атынан мемлекеттік сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау туралы хабарландыруды, оларды ресімдеу жөніндегі талаптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      3) Мемлекеттік сыйлық алуға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      4) алдын ала іріктеуден өткен жұмыстарды ұсынған авторлар мен ұйымдарды көрсете отырып, осы жұмыстардың тізімін кеңінен талқылау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      5) Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарға келіп түскен пікірлерге талдау жүргізеді және нәтижелерін Комиссияға ұсынады;

      6) ұсынылған жұмыстарды Комиссияның қарауының қорытындылары бойынша Мемлекеттік сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Президенті актісінің жобасын белгіленген тәртіппен әзірлейді;

      7) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының дипломдары мен төсбелгілерін дайындауды, лауреаттарға Мемлекеттік сыйлықтың ақшалай сыйақысын төлеуді қамтамасыз етеді.

      13. Комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының - төраға

      Мемлекеттік хатшысы

      Қазақстан Республикасы Президенті - төрағаның бірінші

      Әкімшілігі Басшысының орынбасары орынбасары

      Қазақстан Республикасының - төрағаның орынбасары

      Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының - хатшы

      Білім және ғылым вице-министрі

Комиссия мүшелері:

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Ақшолақов - "Республикалық нейрохирургия ғылыми

      Серік Қуандықұлы орталығы" акционерлік қоғамының басқарма

       төрағасы, медицина ғылымдарының докторы,

       профессор (келісім бойынша)

      Аяған - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Бүркітбай Ғелманұлы министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет

       тарихы институты" мемлекеттік

       мекемесінің директоры, тарих

       ғылымдарының докторы, профессор (келісім

       бойынша)

      Әдекенов - "Фитохимия" халықаралық ғылыми-

      Серғазы Мыңжасарұлы өндірістік холдингі" акционерлік

       қоғамының президенті, Қазақстан

       Республикасы Ұлттық ғылым академиясының

       академигі, химия ғылымдарының докторы,

       профессор (келісім бойынша)

      Бектұрғанов - Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары

      Нұралы Сұлтанұлы академиясының бірінші вице-президенті,

       Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

       академиясының академигі, профессор,

       техника ғылымдарының докторы

       (келісім бойынша)

      Қалменов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Тынысбек Шәріпұлы министрлігі Ғылым комитетінің

       "Математика және математикалық

       модельдеу" шаруашылық жүргізу

       құқығындағы республикалық мемлекеттік

       кәсіпорнының директоры,

       физика-математика ғылымдарының докторы,

       профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық

       ғылым академиясының академигі (келісім

       бойынша)

      Қадыржанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Қайрат Қамалұлы министрлігінің "Л.Н.Гумилев атындағы

       Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық

       жүргізу құқығындағы республикалық

       мемлекеттік кәсіпорны ректорының

       кеңесшісі, физика-математика

       ғылымдарының докторы, құрметті профессор

       (келісім бойынша)

      Медеу - "География институты" жауапкершілігі

      Ахметқал шектеулі серіктестігінің директоры,

      Рахметоллаұлы география ғылымдарының докторы,

       профессор (келісім бойынша)

      Молдабеков - Қазақстан Республикасы Инвестициялар

      Мейірбек Молдабекұлы және даму министрлігінің Аэроғарыш

       комитеті төрағасының орынбасары,

       Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

       академиясының академигі, техника

       ғылымдарының докторы, профессор (келісім

       бойынша)

      Мұтанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Ғалымқайыр Мұтанұлы министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ

       ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу

       құқығындағы республикалық мемлекеттік

       кәсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Сағадиев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым

      Кенжеғали Әбенұлы академиясының академигі, экономика

       ғылымдарының докторы,

       профессор (келісім бойынша)

      Саданов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Аманкелді Құрбанұлы министрлігі Ғылым комитетінің

       "Микробиология және вирусология

       институты" шаруашылық жүргізу

       құқығындағы республикалық мемлекеттік

       кәсіпорнының бас директоры, биология

       ғылымдарының докторы, профессор

       (келісім бойынша)

      Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Қуаныш Сұлтанұлы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан

       Республикасы Президентінің жанындағы

       Мемлекеттік басқару академиясының

       профессоры, саяси ғылымдар докторы,

       (келісім бойынша)

      Сыдықов - Қазақстан Республикасы Білім және

      Ерлан Батташұлы ғылым министрлігінің "Л.Н.Гумилев

       атындағы Еуразия ұлттық университеті"

       шаруашылық жүргізу құқығындағы

       республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

       ректоры, тарих ғылымдарының докторы,

       профессор (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің 2015 жылғы
21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы
мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 09.06.2016 N 275 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының - төраға

      Мемлекеттік хатшысы

      Қазақстан Республикасының Президенті - төрағаның

      Әкімшілігі Басшысының орынбасары орынбасары

      Қазақстан Республикасының - төрағаның

      Мәдениет және спорт министрі орынбасары

      Қазақстан Республикасының - хатшы

      Мәдениет және спорт вице-министрі

әдебиет секциясы:

      Қасқабасов - филология ғылымдарының докторы,

      Сейіт Асқарұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық

       ғылым академиясының академигі,

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты, секция төрағасы

       (келісім бойынша)

      Асқаров - жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген

      Әлібек Асылбайұлы қайраткері, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

       (келісім бойынша)

      Абдрахманов - филология ғылымдарының докторы,

      Сауытбек Абдрахманұлы Қазақстан Республикасы Парламенті

       Мәжілісінің депутаты (келісім

       бойынша)

      Әбдікұлы - жазушы, Қазақстан Республикасы

      Төлен Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

       (келісім бойынша)

      Есдәулетов - "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық

      Ұлықбек Оразбайұлы қоғамдық бірлестігінің жанындағы

       "Жұлдыз" журналының бас редакторы, ақын,

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

      Жолдасбеков - әдебиеттанушы, филология ғылымдарының

      Мырзатай докторы, профессор (келісім бойынша)

      Исабеков - жазушы, драматург, Қазақстан

      Дулат Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Қанапиянов - ақын, жазушы, аудармашы, кинодраматург,

      Бақытжан Мұсаханұлы Қазақстан жазушылар одағы басқармасының

       мүшесі, Қазақстан Кинематографистер

       одағының мүшесі, Еуропалық әдебиетшілер

       конгресі басқармасының мүшесі, Қырым

       әдеби академиясының академигі, Шәкәрім

       атындағы Семей мемлекеттік

       университетінің құрметті профессоры,

       Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

       (келісім бойынша)

      Қалижанов - жазушы, Қазақстан Республикасы Білім

      Уәлихан және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің

       "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

       институты" республикалық мемлекеттік

       қазыналық кәсіпорнының директоры,

       филология ғылымдарының докторы (келісім

       бойынша)

      Михайлов - "Қазақстан жазушылар одағы"

      Валерий Федорович республикалық қоғамдық бірлестігінің

       жанындағы "Простор" журналының бас

       редакторы, халықаралық "Алаш" әдеби

       сыйлығының лауреаты, Қазақстан және

       Ресей жазушылар одақтарының мүшесі

       (келісім бойынша)

      Оразалин - Қазақстан жазушылар одағы басқармасының

      Нұрлан Мырқасымұлы төрағасы, Қазақстан Республикасы

       Парламенті Сенатының депутаты (келісім

       бойынша)

      Сарай - жазушы, тарихшы, журналист, Қазақстан

      Әнес Төлендіұлы Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген

       қайраткері (келісім бойынша)

      Салғараұлы - жазушы, тарихшы-этнограф, Қазақстан Қойшығара Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты, Күлтегін сыйлығының лауреаты,

       Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

       Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

       университетінің профессоры, Қазақстан

       Республикасы Үкіметінің жанындағы

       ономастикалық комиссияның мүшесі

       (келісім бойынша)

      Шаштайұлы - жазушы, "Қазақстан жазушылар одағы"

      Жұмабай республикалық қоғамдық бірлестігінің

       жанындағы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас

       редакторы (келісім бойынша)

      Ысқақбай - жазушы, "Қазақстан авторлары қоғамы"

      Маралбай Ысқақбайұлы республикалық қоғамдық бірлестігінің

       төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген

       қайраткері (келісім бойынша)

      Ерғалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Жабал Ерғалиұлы Сенатының депутаты, журналист,

       публицист, жазушы-драматург, Қазақстан

       Жазушылар одағының мүшесі, Жамбыл

       атындағы халықаралық сыйлықтың және

       Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

музыка, театр және кино секциясы:

      Дінішев - КСРО және Қазақ КСР-інің халық әртісі,

      Әлібек Мұсаұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш

       Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік

       және прогресс сыйлығының лауреаты,

       секция төрағасы (келісім бойынша)

      Андриасян - Қазақстан Республикасы Мәдениет

      Рубен Суренович және спорт министрлігінің "М.Лермонтов

       атындағы Мемлекеттік академиялық орыс

       драма театры" республикалық мемлекеттік

       қазыналық кәсіпорнының көркемдік

       жетекшісі, Қазақстан Республикасының

       халық әртісі, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім

       бойынша)

      Аравин - музыкатанушы, Қазақстанның еңбек

      Юрий Петрович сіңірген қайраткері (келісім бойынша)

      Ахмадиев - Қазақстанның халық әртісі, "Астана

      Мұрат Абдуреимович Опера" Мемлекеттік опера және балет

       театры" коммерциялық емес акционерлік

       қоғамы директорының шығармашылық

       ұжымдар жөніндегі орынбасары (келісім

       бойынша)

      Әубәкірова - "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық

      Жәния Яхияқызы консерваториясы" республикалық

       мемлекеттік мекемесінің ректоры,

       профессор, Қазақстан Республикасының

       халық әртісі, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

       (келісім бойынша)

      Әшімов - КСРО және Қазақ КСР-інің халық әртісі,

      Асанәлі КСРО және Қазақ КСР мемлекеттік

       сыйлықтарының лауреаты (келісім бойынша)

      Жаманқұлов - "Қазақстан театр қайраткерлерінің одағы"

      Тұңғышбай республикалық қоғамдық бірлестігінің

       төрағасы, Қазақстан Республикасының

       халық әртісі, КСРО Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

      Қыдырбек - "Қазақстан композиторлар қауымдастығы"

      Балнұр Балғабекқызы қоғамдық бірлестігінің төрайымы,

       композитор, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

       (келісім бойынша)

      Мұсақожаева - "Қазақ ұлттық өнер университеті"

      Айман Қожабекқызы республикалық мемлекеттік мекемесінің

       ректоры, профессор,Қазақ КСР-інің халық

       әртісі, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

       Қазақстанның Еңбек Ері (келісім

       бойынша)

      Нарымбетов - кинорежиссер, Қазақстанның еңбек

      Сатыбалды Жәлелұлы сіңірген қайраткері, Қазақстан

       Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Нүсіпжанова - "Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық

      Бибігүл Нұрғалиқызы өнер академиясы" республикалық

       мемлекеттік мекемесінің ректоры,

       Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

       педагогика ғылымдарының кандидаты

       (келісім бойынша)

      Тарази (Әшімов) - жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек

      Әкім Үртайұлы сіңірген қайраткері, Қазақстан

       Республикасы мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Тілеухан - Қазақстан Республикасы Парламенті

      Бекболат Қанайұлы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан

       Республикасының еңбек сіңірген әртісі,

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

      Тұтқыбаева - балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі

      Гүлжан Ұсамбекқызы (келісім бойынша)

      Үсенбаева - Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан

      Нұржамал Пернебекқызы Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Нөгербек - кинотанушы, өнертану кандидаты,

      Бауыржан Рамазанұлы профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген

       қайраткері, "Құлагер" сыйлығының

       лауреаты, Қазақстан кинематографистер

       одағының мүшесі (келісім бойынша)

бейнелеу өнері және сәулет секциясы:

      Рүстембеков - "Қазақстан сәулетшілер одағы"

      Ақмырза Исаұлы республикалық қоғамдық бірлестігінің

       президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген

       қайраткері, Қазақстанның құрметті

       сәулетшісі, секция төрағасы

       (келісім бойынша)

      Әлиев - кескіндемеші, Ш.Уәлиханов атындағы

      Дулат Қапбарұлы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Белович - сәулетші, "Базис-А" корпорациясы"

      Александр Якубович жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

       басқармасының төрағасы, "Базис"

       құрылыс компаниясы" жауапкершілігі

       шектеулі серіктестігі директорлар

       кеңесінің төрағасы, Қазақстан

       Республикасы Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

      Дүзелханов - кескіндемеші, Қазақстанның еңбек

      Ағымсалы сіңірген қайраткері, Қазақстан

       Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Ерғалиева - Қазақстан Республикасы Білім және

      Райхан Әбдешқызы ғылым министрлігі Ғылым комитетінің

       "М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер

       институты" республикалық мемлекеттік

       қазыналық кәсіпорны бейнелеу өнері

       бөлімінің меңгерушісі, өнертану докторы,

       ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркемдік

       сыншылар қауымдастығының мүшесі (келісім

       бойынша)

      Зәуірбекова - суретші-гобеленші, Ш.Уәлиханов атындағы

      Бәтима Есмұратқызы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Құмарова - өнертанушы, Қазақстан Республикасының

      Сәбила Бекжанқызы еңбек сіңірген өнер қайраткері,

       Қазақстан Республикасы суретшілер

       одағының мүшесі (келісім бойынша)

      Сергебаев - суретші-мүсінші, Қазақстан

      Ескен Аманжолұлы Республикасының еңбек сіңірген өнер

       қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы

       Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының

       лауреаты (келісім бойынша)

      Сүлейменов - "Қазақстан дизайнерлер одағы"

      Тимур Бимашұлы республикалық қоғамдық бірлестігінің

       президенті, Қазақстан Республикасының

       еңбек сіңірген өнер қайраткері,

       суретші-дизайнер (келісім бойынша)

      Тәтіғұлов - "КАZGOR" жобалау академиясы"

      Әбдісағит жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      Шаймұханбетұлы директорлар кеңесінің төрағасы,

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

       сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)

      Твердохлебов - суретші-монументші, Қазақстанның

      Владимир Сергеевич еңбек сінірген қайраткері, Қазақстан

       Республикасы Суретшілер одағының мүшесі

       (келісім бойынша)

      Төлепбай - суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген

      Ерболат Тоғысбайұлы өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы

       Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім

       бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының
дипломы мен төсбелгісінің
СИПАТТАМАСЫ

      1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы:

      1) көлемі 330 х 115 мм қатты мұқабадан;

      2) көлемі 320 х 110 мм жапсырма беттен тұрады.

      Дипломның мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес былғарыдан жасалады.

      Дипломның мұқабасында алтын түспен бедерленіп салынған:

      1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында - мемлекеттік тілде:

      "Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ"

       деген жазу орналасады (1-қосымша).

      2. Жапсырма бет баспаханалық әдіспен арнайы, қорғау дәрежелері бар, көк түсті қағазда басылып шығарылады.

      Жапсырма беттің беткі жағында:

      1) үстіңгі жағында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы;

      2) Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі жағында:

      "Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік сыйлығы лауреатының

      ДИПЛОМЫ"

       деген сөздер орналасады (2-қосымша).

      Жапсырма беттің ішкі екі жағының ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының фондық бейнесі салынған.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломының жапсырма бетінің ішкі сол жағында мемлекеттік тілде:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің

      жылғы № Жарлығымен

      "жұмыстың атауы"

      жұмысы үшін

      ғылыми дәрежесі

      ТЕГІ АТЫ ӘКЕСІНІҢ АТЫ

      ___________ САЛАСЫНДАҒЫ

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ______ ЖЫЛҒЫ

      МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ"

       деген мәтін жазылған.

      Төменде:

      "Қазақстан Республикасының

      Президенті Н.Назарбаев"

       деген сөздер орналасқан.

      Оның төменгі сол жағында дипломның нөмірі көрсетілген.

      Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломының қосымша беттің ішкі оң жағында орыс тілінде:

      "Указом Президента Республики Казахстан

      от года №

      ПРИСУЖДЕНА

      ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПРЕМИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

      В ОБЛАСТИ __________

      ____________ ГОДА

      за работу "наименование работы"

      ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО

      ученая степень".

       деген сәйкес мәтін жазылған.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы лауреатының төсбелгісі төртбұрышты планкаға ілмешекпен бекітілген, диаметрі 25 мм, қалыңдығы 2 мм шеңбер түрінде алтындатқан жезден жасалған.

      25 мм х 15 мм көлеміндегі планкаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лента, планканың сыртқы жағында - визорлы кілтті түйреуіш бекітілген.

      Төсбелгінің жылтыр үстіңгі бетінде: төменде - қалықтаған қыран, ортасында - күн шапағы аясындағы "алтын адам" бейнеленген шығыңқы бедерлі рельеф бар.

      Төсбелгінің сыртқы жағында "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ" деген бедерлі жазу және нөмір орналасқан (3-қосымша).

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
1-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(қатты мұқаба)


  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырманың беткі жағы)


  2-қосымша жалғасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының
БЕЙНЕСІ
(жапсырма бетінің ішкі жағы)


  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығы лауреатының дипломы мен
төсбелгісінің сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты"
төсбелгісінің
ГРАФИКАЛЫҚ БЕЙНЕСІ


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 993 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ

      1. "Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 310-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығының 1-тармағының 7) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 234-құжат).

      4. "Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 381 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 211 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 224-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 476-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 22, 351-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 227-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 11-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 538-құжат).