ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған республикалық бюджетке:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 80 (сексен) миллиард 848 (сегіз жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге:
68 (алпыс сегіз) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
12 (он екі) миллиард 348 (үш жүз қырық сегіз) миллион 188 (жүз сексен сегіз) мың теңге сомасына «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ұлғайтуға 250 (екі жүз елу) миллиард теңге;
3) Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып көтерілу-қону жолағын реконструкциялау үшін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 29 (жиырма тоғыз) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 17.02.2015 № 1003; 17.11.2015 № 114 Жарлықтарымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев