ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 жылға арналған республикалық бюджетке:
1) мына:
68 (алпыс сегіз) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының;
12 (он екі) миллиард 500 (бес жүз) миллион теңге сомасына «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумақтарында инфрақұрылым объектілерін салу үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 81 (сексен бір) миллиард теңге;
2) банк секторын сауықтыру үшін «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 250 (екі жүз елу) миллиард теңге;
3) Астана қаласы әуежайының жаңа терминалын салу және ұшып көтерілу-қону жолағын реконструкциялау үшін «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 29 (жиырма тоғыз) миллиард теңге мөлшерінде нысаналы трансферт бөлінсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев