Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.
2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын:
1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).
3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:
2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің кестесін бекітсін;
кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей жүзеге асырсын.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізудің тәртібін әзірлесін және бекітсін.
9. Жергілікті атқарушы органдар 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында:
7-тармақта:
«және оның аудиті» деген сөздер алып тасталсын;
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар» деген сөздер «Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
12. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен
бекітілген
Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары
қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі
1. Жалпы ережелер
1. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың осы жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) қызметінің тиімділігін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Жүйе орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың негізгі ережелерін, принциптерін, бағыттарын, өлшемдерін белгілейді, органдар жүйесін және жүргізу тәртібін айқындайды.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың нысанасы мемлекеттік органның жүктелген міндеттері мен функцияларын іске асыру дәрежесі болып табылады.
4. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың мақсаты мемлекеттік орган қызметінің елдің, саланың/аяның/өңірдің даму өлшемдеріне әсер ету дәрежесін айқындау және мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру жүйесін бағалау болып табылады.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ақпараттың көздері:
1) мемлекеттік органдардың есепті кезеңде жүргізген қызметі туралы есептері;
2) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары жүргізген тексерулер нәтижелері;
3) статистикалық деректер;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бақылауының нәтижелері;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі бақылауының нәтижелері;
6) тиісті мемлекеттік органдар жүргізген бақылау мен қадағалау нәтижелері;
7) тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары;
8) сауалнамалар мен әлеуметтік сауал салулар нәтижелері;
9) үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) ақпараты болып табылады.
6. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды осы Жүйенің 15-тармағында айқындалған, мемлекеттік органдар қызметінің бағыттары бойынша бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.
7. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жыл сайын кестеге сәйкес есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жүргізу кестесі:
бағалау жүргізу жылының айларына (тоқсандарына) бөлінген бағалауға жататын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарының тізбесін;
тиісті бағыттар бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар өз қорытындыларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган) ұсыну мерзімдерін;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну мерзімдерін;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындысының негізінде қалыптастырылған сараптамалық қорытындыны сараптама комиссиясының Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу мерзімдерін қамтиды.
9. Бағалау жүргізу кестесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлейді және бекітеді.
2. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
қызметінің тиімділігін бағалаудың қағидаттары
10. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың қағидаттары:
1) әділдік қағидаты – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
2) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау;
3) ашықтық қағидаты – мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін баяндау айқындығы;
4) жариялылық қағидаты – құпиялылық режимін және қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялау болып табылады.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
қызметінің тиімділігін бағалау органдарының жүйесі
11. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау органдарының жүйесін:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган);
6) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган құрайды.
12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Жүйенің 15-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар беретін қорытындылар негізінде орталық мемлекеттік, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды дайындайды.
13. Қазақстан Республикасы Президентіне ұсыну үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптамалық қорытынды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан сараптама комиссиясы құрылады.
14. Өздеріне қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
4. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
қызметі тиімділігінің бағыттары, өлшемдері, көрсеткіштері
15. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау олардың қызметінің мынадай бағыттары бойынша жүзеге асырылады:
1) қадағалайтын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау;
3) бюджетті атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету;
5) персоналды басқару;
6) ақпараттық технологияларды қолдану.
16) Жүйенің 15-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір бағытына өзінің тиімділік өлшемдері сәйкес келеді.
17) Тиімділіктің әрбір өлшеміне мемлекеттік органдар қызметінің бағыттары бойынша бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайтын тиісті әдістемелердегі тиімділік көрсеткіштері сәйкес келеді.
18. Тиімділік көрсеткіштері мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
әділдік: функцияларды үстірт орындау есептіліктің жақсаруына және істің нақты жағдайын нашарлатуға соқтыратындай, көрсеткіштер мемлекеттік органның қызметін бұрмалауға әкеп соқпауы тиіс;
дәйектілік: бастапқы ақпаратты жинау және өңдеу тәсілі қажет болған жағдайда алынған деректердің дәлдігін тексеру мүмкіндігіне жол беруі тиіс;
ашықтық: басы артық күрделі көрсеткіштерден аулақ болу, көрсеткішті айқындау бағалаушының да, сол секілді бағаланушы мемлекеттік органның да оны бірыңғай түсіндіруін қамтамасыз етуі тиіс;
үнемділік: қажетті деректерді алу мүмкіндігінше ең аз шығындармен жүргізілуі тиіс, қолданылатын көрсеткіштер барынша дәрежеде ақпарат жинаудың қолданыстағы жүйелеріне негізделуі тиіс;
салыстырмалылық: көрсеткіштерді таңдауды деректерді үздіксіз жинақтау және олардың жекелеген кезеңдегілерінің ұқсас (аралас) міндеттерді шешудегі прогресті бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштерімен, сондай-ақ халықаралық практикада қолданылатын көрсеткіштерімен салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажеттігін негізге ала отырып жүзеге асыру керек;
толықтығы: көрсеткіштер мемлекеттік органның барлық қызметін сипаттауы тиіс, жекелеген функциялардың мәнін бұрмалауға ұрындырмауы тиіс.
19. Тиімділіктің көрсеткіштері ретінде түрлі халықаралық салыстыруларда қолданылатын көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.
4.1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық
мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау
20. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қадағалайтын саланы/аяны/өңірді дамыту жөніндегі қызметінің нәтижелілігіне және тиімділігіне қол жеткізу дәрежесін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
21. Орталық мемлекеттік органдар қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында белгіленген қадағалайтын саланы/аяны дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер негізінде жүзеге асырылады.
22. Қадағаланатын өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасында белгіленген облыстарды, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер негізінде жүзеге асырылады.
23. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау өлшемдері мыналар болып табылады:
1) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, оларды баяндаудың айқындылығы мен анықтығы.
Осы өлшем шеңберінде баяндалған стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің анықтылығы мен дұрыстығы, нысаналы индикаторларды және нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, стратегиялық жоспар, аумақты дамыту бағдарламасы мақсаттарының жоғары тұрған құжаттарға, стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларының жоғары тұрған құжаттарда белгіленген индикаторларға (қадағалайтын сала/ая/өңір бойынша), стратегиялық жоспар, аумақты дамыту бағдарламасы мақсаттары мен міндеттерінің мемлекеттік органның белгіленген функцияларына сәйкестігі бағаланады;
2) тікелей нәтижелерге қол жеткізу.
Осы өлшем шеңберінде тікелей нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі, жоспарланған іс-шаралардың орындалу деңгейі, орындалмаған іс-шаралардың стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын одан әрі іске асыруға әсер ету дәрежесі, өткен кезеңмен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелер серпініндегі прогресс бағаланады;
3) қадағалайтын саланы/аяны/өңірді дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу.
Осы өлшем шеңберінде нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне (аралық және түпкі) қол жеткізу дәрежесі, олардың стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, шешуіне стратегиялық жоспар мен аумақты дамыту бағдарламасы бағытталған міндеттер мен проблемалардың шешілу деңгейі бағаланады;
4) стратегиялық жоспардың, аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу барысының қоғамға қол жетімділігі (ақпараттық хабардар болуы).
Осы өлшем шеңберінде орналастырылған ақпараттың толықтығы мен сапасы, стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы ақпаратты жаңартудың уақтылылығы мен жиілігі бағаланады;
5) мемлекеттік функцияларды іске асырудың толықтығы.
Осы өлшем шеңберінде қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамыту жөніндегі мемлекеттік органға жүктелген барлық мемлекеттік функцияларды қызметпен қамту (есепті жылдағы) дәрежесі бағаланады. Толықтық дәрежесі тиісті іс-шаралардың, мемлекеттік функциялардың іске асырылу тетіктері мен сапасының болуы негізге алына отырып бағаланады.
24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы орган қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы, жергілікті атқарушы органдар қадағалайтын өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалауды, осы мемлекеттік орган қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалауды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
25. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар қызметінің қадағаланатын саладағы/аядағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
26. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді бағалау жөніндегі әдістемені әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4.2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның
орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын
орындау сапасын бағалау
28. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау (бұдан әрі – актілер мен тапсырмаларды орындау сапасын бағалау) олардың орындалу нәтижелілігі мен тиімділігі деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
29. Мыналар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың актілер мен тапсырмаларды орындау сапасын бағалаудың өлшемдері болып табылады:
1) орындаудың толықтығы, ол актілер мен тапсырмалардың белгіленген мерзімде толық іске асырылуын көздейді және өткізілген іс-шаралардың тапсырмада немесе актіде соңғы орындаушыға қойылған міндеттерге сәйкестігінің деңгейін көрсетеді. Толықтық дәрежесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сараптамалық қорытындысының негізінде бағаланады;
2) орындалу уақтылылығы, ол іс-шаралардың белгіленген мерзімде орындалуын және орындау мерзімін мемлекеттік органның, орындаушының бастамасымен екі және одан көп рет ұзартудың болмауын көздейді.
30. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
31. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
32. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
33. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау сапасын бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
4.3. Бюджеттік бағдарламалардың бюджетті атқару кезінде іске
асырылуын бағалау
34. Бюджеттік бағдарламалардың бюджетті атқару кезінде іске асырылуын бағалау тікелей және түпкі нәтижелер көрсеткіштеріне, сондай-ақ, олар бар болған жағдайда, мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша стратегиялық жоспарлары құрамында бекітілген, бюджеттік бағдарламаларда көзделген тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
35. Бюджеттік бағдарламалардың бюджетті атқару кезінде іске асырылуын бағалаудың өлшемдері мыналар болып табылады:
1) тікелей және түпкі нәтиже көрсеткіші.
Тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау кезінде бюджет қаражатының уақтылы пайдаланылуына және қаржы ішінде бюджеттік бағдарламалар іс-шараларының орындалуына талдау жүргізіледі, сондай-ақ нәтижелер көрсеткіштерін екі қаржы жылының алдыңғы нәтижелерімен салыстырмалы талдау жүргізіледі. Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағалау жүргізу кезінде сонымен бірге тиісті мемлекеттік органдардың бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігі, қаржы есептілігін жасау мен ұсынудың сенімділігі, негізділігі мен уақтылығына және мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуінің тиімділігі тұрғысынан жүргізген бақылау материалдары пайдаланылады.
Түпкі нәтиженің көрсеткіштері қол жеткізілген тікелей нәтиженің бюджеттік бағдарламаның және мемлекеттік орган қадағалайтын саланың (аяның) мақсатында қол жеткізуге әсерінің деңгейін (дәрежесін) көздейді;
2) тиімділік көрсеткіші.
Бұл көрсеткіш бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының ең төменгі көлемін пайдалана отырып тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсетеді.
Осы көрсеткішті бағалау шеңберінде бюджет қаражатының игерілу дәрежесі, бюджет қаражатын үнемдеу деңгейі (шығыстардың жалпы көлеміне шаққанда үнемделген бюджет қаражатының көлемі) айқындалады, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) бірлігіне нақты шығыстардың көлемі жоспарланған шығыстармен салыстырылады, нақты жүргізілген шығындардың жоспарланған шығындардан ауытқу деңгейі айқындалады.
36. Бюджеттік бағдарламалардың бюджетті атқару кезінде іске асырылуын бағалауды, осы мемлекеттік органның бюджетін атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қоспағанда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
37. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджетін атқару кезінде бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
38. Бюджеттік бағдарламалардың бюджетті атқару кезінде іске асырылуын бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4.4. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау
39. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
40. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау өлшемдері мыналар болып табылады:
1) сапа.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде тұтынушылардың тұтастай алғанда қызметтер ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттану дәрежесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес оның нәтижелерінің дәлдігі мен дұрыстығы айқындалады;
2) уақтылылығы.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде тұтынушының тапсырыс берген сәтінен бастап қызметті алуға жұмсалатын уақытының мемлекеттік қызмет көрсету стандартында белгіленген қызмет көрсету мерзімдеріне сәйкестігі айқындалады;
3) қызмет көрсетудің қолжетімділігі.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде қызмет көрсету үдерісінің оңтайлылығы мен қарапайымдылығының, қызмет көрсетудің тәртібі мен рәсімін түсіндіретін ақпараттың айқындығы мен сапасының деңгейі айқындалады. Қолжетімділік қызмет көрсету үдерісін реттейтін құжаттардың сапасымен және хабардар етудің қолданыстағы жүйесінің тиімділігімен, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасаумен айқындалады;
4) шағымдану үдерісі.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде шағымдарды қарау мен қанағаттандыру үдерісінің тиімдігі мен жеделдігі, тұтынушылардың шағымдарды қараудың қолданыстағы тәртібі мен мерзіміне қанағаттану деңгейі айқындалады;
5) әдептілік.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде тұтынушылардың персоналдың жұмысына: қызмет көрсету үдерісінде қызмет алушыларға ықылас-ниетіне, қиындықтар туындаған кезде тиімді көмек көрсетуге дайындығына қанағаттану дәрежесі айқындалады;
6) мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік қызмет көрсетудің саны, электрондық қызмет көрсетудің тәртібі мен рәсімін түсіндіретін ақпараттың сапасы, сондай-ақ осы қызметтерді пайдаланушылардың саны айқындалады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету өлшемін бағалауды, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету өлшемін бағалауды қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету өлшемін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету өлшемі бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау кезінде пайдалану үшін мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағалау жүргізуге уәкілетті органдарға енгізіледі.
41. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау:
1) сауалдар жүргізуге қаржы қаражаты бөлінгеннен кейін мемлекеттік қызметті тұтынушыларға сауалдар жүргізу жолымен;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын сипаттайтын тиісті әдістемеде айқындалатын көрсеткіштерді талдау жолымен жүзеге асырылады.
Сауалдар жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық бірлестіктер) тартылуы мүмкін.
42. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының бекітілуіне қарай жүзеге асырылады.
43. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау мемлекеттік қызметтер көрсету тізіліміне сәйкес мемлекеттік орган көрсететін қызметтердің әрбір түрі бойынша жүзеге асырылады.
44. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуін бағалауды, осы мемлекеттік органның қызмет көрсетуін бағалауды қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
45. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
46. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.
4.5. Персоналды басқаруды бағалау
47. Персоналды басқаруды бағалау мемлекеттік органда персоналды басқару бойынша шаралардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
48. Персоналды басқаруды бағалаудың өлшемдері мыналар болып табылады:
1) персоналды іріктеу.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде штаттың жасақталуы, мемлекеттік қызметкерлер білімі бейімінің мемлекеттік орган қызметінің басты бағыттарына сәйкестігі, мемлекеттік орган кадрларының ауысуы айқындалады;
2) персоналды оқыту және дамыту.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны, оқытылған курстардың бағалау жүргізіліп отырған мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттарына сәйкестігі, мемлекеттік қызметшілердің біліктілік арттыру мүмкіндігіне қанағаттану деңгейі айқындалады;
3) мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде бағалау жүргізіліп отырған мемлекеттік орган қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін бұзу фактілерінің саны айқындалады;
4) персоналды уәждеу.
Осы өлшемді бағалау сауалнама жүргізуге қаржы қаражатын бөлінгеннен кейін мемлекеттік органның персоналына сауалнама жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсу мүмкіндіктеріне қанағаттану деңгейі және мемлекеттік қызметшілердің уәждеу және көтермелеу жүйесіне қанағаттану деңгейі айқындалады;
5) сыбайлас жемқорлық деңгейі.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің саны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны айқындалады.
49. Персоналды басқаруды бағалауды, осы мемлекеттік органның персоналды басқаруын бағалауды қоспағанда, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
50. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган персоналын басқаруды бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
51. Персоналды басқаруды бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4.6. Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау
52. Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау мемлекеттік органның бизнес-үдерістерін оңтайландыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.
53. Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау өлшемдері мыналар болып табылады:
1) интернет-ресурсының қолжетімділігі мен ашықтығы.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде мемлекеттік органның интернет-ресурстарының болуы және қолжетімділігі, орналастырылатын ақпараттың толықтығы мен сапасы, ақпараттың уақтылы жаңартылуы айқындалады;
2) іс жүргізуде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде мемлекеттік органның Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің не электрондық құжат айналымының жеке жүйесінің болуы және оны пайдаланудың тиімділігі, ведомствоаралық және ведомствоішілік электрондық құжат айналымының үлесі айқындалады;
3) мемлекеттік органдардың Интернет-порталды пайдалануы.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде мемлекеттік органдардың Интернет-порталға қосылуы және мемлекеттік органдардың Интернет-портал сервисін пайдалану жиілігі айқындалады;
4) мемлекеттік орган функцияларын электрондық форматта іске асыру.
Осы өлшем бойынша бағалау шеңберінде ведомстволық ақпараттық жүйелердің болуы, олардың тәжірибелі және өнеркәсіптік пайдалануға берілуі, ақпараттық жүйелердің «электрондық үкімет» құрамдауыштарымен кірігуі, бизнес-үдерістердің қамтылуы пайызы және салалық жіктеуішті электрондық форматта жүргізу айқындалады.
54. Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалауды, осы мемлекеттік органның ақпараттық технологияларды қолдануын бағалауды қоспағанда, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
55. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық технологияларды қолдану бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.
56. Ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау әдістемесін әзірлеуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібі
57. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті қорытындылар ұсынады.
58. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін тиісті бағыттар бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды мынадай құрамдауыштарды қамтуы тиіс:
1) тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік орган қызметін бағалау жөніндегі талдамалық есеп;
2) тиісті бағыттар бойынша мемлекеттік орган қызметін жақсарту жөніндегі тұжырымдар мен ұсынымдар.
59. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті бағыттар бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардан жүргізілген бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
60. Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытынды мынадай құрамдауыштарды қамтуы тиіс:
1) әрбір мемлекеттік органның есепті кезеңдегі қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігі туралы, оның ішінде мемлекеттік орган қызметінің елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерінің дәрежесі туралы тұжырымдар;
2) мемлекеттік органның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру туралы тұжырымдар;
3) мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөніндегі ұсынымдар.
61. Сараптамалық комиссия мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы негізінде сараптамалық қорытынды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.
Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы сараптамалық қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның осы мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын алған күннен бастап бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне енгізіледі.
62. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы сараптамалық қорытынды сонымен бірге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын бағалауды және қызмет тиімділігіне бағалау жүргізілген мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдарды қамтуы тиіс.
63. Әрбір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері тұжырымдарымен және ұсынымдарымен бірге қызмет тиімділігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік органдардың басшыларына жолданады.
Әрбір мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері құпиялылық режимін және қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығына
ҚОСЫМША
Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау
жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың
ТІЗБЕСІ
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Кеден бақылау комитетінің құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі