Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президенті мен

      Үкіметі актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      2. Өздеріне қатысты олардың қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін мынадай мемлекеттік органдар айқындалсын:

      1) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік органдар;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      3. Бағалау 2010 жылдан басталуы керек пилоттық екі орталық мемлекеттік орган мен облыстың бір жергілікті атқарушы органын қоспағанда, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу 2011 жылдан бастап жүзеге асырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде 2010 жылы бағалауға жататын мемлекеттік органдардың тізбесін бекітсін.

      5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

      6. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша үш ай мерзімде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін.

      7. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі:

      2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің кестесін бекітсін;

      кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізілетін жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей жүзеге асырсын.

      8. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.03.2014 № 771 Жарлығымен.

      9. Алып тасталды - ҚР Президентінің 18.03.2014 № 771 Жарлығымен.

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін кешенді бағалау;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында:

      7-тармақта:

      "және оның аудиті" деген сөздер алып тасталсын;

      "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар" деген сөздер "Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      12. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.
      Ескерту. Жыл сайынғы бағалау жүйесі жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.11.2016 № 371 Жарлығымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметінің тиімділігін арттыру үшін әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 04.08.2018 № 723 Жарлығымен.

      2. Жүйе бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалаудың (бұдан әрі - тиімділікті бағалау) негізгі ережелерін, қағидаттарын, блоктарын белгілейді, органдар және ұйым жүйесі мен оны жүргізу тәртібін, нәтижелерін айқындау мен оларға шағымдануды, сондай-ақ тиімділікті бағалауға қатысушылардың жауапкершілігін айқындайды.

      3. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың мақсаты оларға жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылу тиімділігін айқындау болып табылады.

      4. Тиімдікті бағалау үшін ақпарат көздері:

      1) мемлекеттік органдардың есепті кезеңде жүргізген қызметі туралы есебі;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және бағалау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізген тексерулер нәтижелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелері;

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелері;

      5) мемлекеттік органдардың бақылау актілері;

      6) ресми статистикалық мәліметтер;

      7) тәуелсіз сарапшылар қорытындылары мен қоғамдық кеңестердің ұсынымдары;

      8) тиімділікті бағалаудың белгілі бір блогы бойынша әлеуметтік зерттеулердің, халықаралық ұйымдар мен халықаралық рейтингтер шолуларының нәтижелері;

      9) тиімділікті жалпы бағалауды дайындау кезіндегі коммерциялық емес ұйымдардың ақпараты;

      10) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми ақпарат көздерінен алынатын өзге де ақпарат болып табылады.

      5. Тиімділікті бағалауды осы Жүйенің 10-тармағында айқындалған бағалау жүргізуге уәкілеттік берілген органдар (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.05.2018 № 685 Жарлығымен.

      6. Тиімділікті бағалау жыл сайын бағалау жүргізу кестесіне сәйкес есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      7. Тиімділікке бағалау жүргізу кестесі:

      1) бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті блоктар бойынша бағалауға уәкілетті органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпаратты;

      2) бағалауға уәкілетті органдардың бағаланушы мемлекеттік органдарға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

      3) бағалауға уәкілетті органдардың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға шағымдану рәсімінен кейінгі тиімділікті бағалаудың нәтижелері туралы қорытындыларды;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына блоктар бойынша қорытындыларды;

      5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның жұмыс органына тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды;

      6) Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтиды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      8. Тиімділікті бағалау жүргізу кестесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.

2. Тиімділікті бағалау қағидаттары

      9. Тиімділікті бағалау қағидаттары:

      1) заңдылық қағидаты - тиімділікті бағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүргізу;

      2) объективтілік қағидаты - жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;

      3) анықтық қағидаты - тиімділікті бағалаудың нәтижелерін тиісті құжаттармен растау;

      4) ашықтық қағидаты - ақпарат көздерінің шыққан жерін тексеру мүмкіндігі;

      5) жариялылық қағидаты - құпиялылық режимін және қызметтік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, тиімділікті бағалаудың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау болып табылады.

3. Тиімділікті бағалау органдарының жүйесі

      10. Тиімділікті бағалау органдарының жүйесін бағалауға уәкілетті мынадай органдар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

      4) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган;

      5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (бұдан әрі - бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган);

      6) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган;

      7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган құрайды.

      8) алып тасталды - ҚР Президентінің 17.05.2018 № 685 Жарлығымен;
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602; 17.05.2018 № 685 Жарлықтарымен.

      11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Жүйенің 16-тармағында көрсетілген блоктарға сәйкес бағалауға уәкілетті органдар беретін қорытындылар негізінде бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды (бұдан әрі - жалпы бағалау) жүзеге асырады.

      12. Блоктар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытынды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің лауазымды адамдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары мен басқа да адамдар қатарынан Комиссия құрылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы сонымен қатар Комиссияның жұмыс органын айқындайды.

      13. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітілетін Ережені басшылыққа алады.

      14. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесін қоспағанда, бағалауға уәкілетті органдардың қызметін әдіснамалық үйлестіруді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      15. Өздеріне қатысты тиімділікті бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

4. Тиімділікті бағалау блоктары

      16. Тиімділікті бағалау бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің мынадай блоктары бойынша жүзеге асырылады:

      1) мақсаттарға қол жеткізу;

      2) мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы;

      3) мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      17. Осы Жүйенің 16-тармағында көрсетілген қызметтің әрбір блогы бойынша бағалауға уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, сондай-ақ Комиссияның жұмыс органымен келісілген тиімділікті бағалау критерийлері мен көрсеткіштері айқындалатын тиісті әдістемелерді әзірлеп, бекітеді.

      18. Мынадай ережелер тиімділік критерийлері мен көрсеткіштеріне қойылатын міндетті талаптар болып табылады:

      1) критерийлер мен көрсеткіштер ресми статистикалық деректерге, мемлекеттік органдардың деректері мен басқа да ресми ақпаратқа негізделуге тиіс;

      2) шығыс ақпаратты жинақтау мен өңдеу тәсілі алынған деректердің орындылығын тексеру мүмкіндігіне жол беруге тиіс;

      3) көрсеткішті айқындау оны бағалайтын да, сондай-ақ бағаланатын да мемлекеттік органның бір мәнді түсінуін қамтамасыз етуге тиіс;

      4) қажетті деректерді алу уақыт пен ресурстардың мүмкіндігінше аз шығындарымен жүргізілуге тиіс;

      5) критерийлер мен көрсеткіштерді, деректердің үздіксіз жинақталуы мен олардың жекелеген кезеңдер үшін салыстырмалығын қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, айқындаған жөн;

      6) критерийлер мен көрсеткіштер мемлекеттік органның барлық қызметін қамтуға және барлық мемлекеттік функциялардың сапалы орындалуына бағдарлануға тиіс.

      19. Тиімділіктің критерийлері мен көрсеткіштері ретінде халықаралық практикада қолданылатын критерийлер мен көрсеткіштер пайдаланылуы мүмкін.

      20. Критерийлер мен көрсеткіштер нақты мемлекеттік органның тікелей қызметін көрсетуге тиіс.

5. Мақсаттар қол жеткізу тиімділігін бағалау

      Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      21. Осы блок бойынша бағалау мемлекеттік органдардың қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша қабылдайтын шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      22. Жетекшілік ететін сала/ая/өңір бойынша мемлекеттік органдардың тиімділіктің түйінді көрсеткіштерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      23. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.

      24. Мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың осы блок бойынша тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

      25. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдарды осы блок бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.

      26. Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау бойынша әдістемені әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

6. Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл тиімділігін бағалау

      Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      27. Осы блок бойынша бағалау халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау бойынша шаралардың тиімділігін, сондай-ақ мемлекеттік органның ашықтығы деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      28. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға (бұдан әрі – "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы) жүзеге асырады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.05.2018 № 685 Жарлығымен.

      29. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдардың (қоғамдық бірлестіктердің) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алушыларға сауалнама қою, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары негізінде алынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасы туралы ақпараты пайдаланылады, сондай-ақ қосымша әлеуметтану зерттеулері жүргізілуі мүмкін.

      30. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын осы блок бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органды осы блок бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау бөлігінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бағалайды.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      31. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органды осы блок бойынша электрондық қызметтерді көрсету сапасын және ашық деректер бөлігінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бағалайды.

      32. Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету және ашық деректер сапасын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға енгізіледі.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      33. Жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

7. Ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау

      34. Осы блок бойынша бағалау персоналды басқару және ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      35. Осы блок бойынша тиімділікті бағалауды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеуді "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы жүзеге асырады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.05.2018 № 685 Жарлығымен.

      36. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органды осы блок бойынша персоналды басқару бөлігінде бағалауды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жүзеге асырады.

      37. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органдарды осы блок бойынша ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

      38. Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.05.2018 № 685 Жарлығымен.

      39. Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді және оны әдіснамалық сүйемелдеуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп жүзеге асырады.

8. Бағаланатын мемлекеттік органдардың қызметі тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібі

      40. Бағаланатын мемлекеттік органдар бағалауға уәкілетті органдарға жыл сайын Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімдерде, бағалауға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мұның алдындағы жылдың қорытындылары бойынша есептік ақпарат ұсынады.

      41. Бағалауға уәкілетті органдар тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалған бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексеру бойынша кешенді ұйымдастыру шараларын қабылдауға міндетті.

      42. Есептік ақпараты тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде қайта тексеруге жататын мемлекеттік органдарды айқындау әдістемесін әзірлеу мен бекітуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      43. Бағалауға уәкілетті органдар тиімділікті бағалаған кезде есепті кезеңдегі басқа да бақылау органдарының тексеру нәтижелерін есепке алады.

      44. Бағалауға уәкілетті органдар бағалау процесінде алынған мәліметтердің сақталуына және құпиялығына жауап береді.

      45. Бағаланушы мемлекеттік органдар тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар мен Комиссия бұрын берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды тиімділікті бағалаудың әрбір блогы бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөнінде шаралар кешенін іске асыру арқылы орындайды.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      46. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес бағалауға уәкілетті органдар тиісті блок бойынша қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.

      47. Қызмет блоктары бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындылар тиімділікті бағалау туралы қорытынды есепті, тиімділікті бағалау қорытындылары бойынша бұрын берілген ұсынымдарды іске асыру нәтижелерін, сондай-ақ бағаланушы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуға тиіс.

      48. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалауды қалыптастыру кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен коммерциялық емес негізде коммерциялық емес ұйымдар мен тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.

      49. Бағалау жүргізу кестесіне сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган блоктар бойынша қорытындылар мен тиімділікті жалпы бағалау нәтижелерін Комиссияның жұмыс органына енгізеді.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      50. Бағалаудың тиісті блоктары бойынша қорытындылардың пішінін Комиссияның жұмыс органымен келісе отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

      51. Комиссия жыл сайынғы бағалау, мемлекеттік бағдарламаларды бағалау нәтижелері, сондай-ақ осы Жүйенің 4-тармағында айқындалған дереккөздер негізінде тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелерін Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      52. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар мен ұсынымдары бар жалпы бағалаудың нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік органдардың басшыларына жіберіледі.

      53. Бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Комиссияның жұмыс органының келісімі бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы мен "www.bagalau.kz" сайтында, құпиялылық режимін және қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, жариялауды жүзеге асырады.

      54. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда аталған органды бағалау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және есептеу кезінде құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалаудың қорытынды балы ескеріледі.

      55. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде аталған органның қызметін талдау құқықтық мирасқор - мемлекеттік органды бағалау шеңберінде ескеріледі және ұсынымдар ретінде пайдаланылады.

      56. Бағаланатын мемлекеттік органды бағаланып отырған кезеңнен кейінгі жыл басынан бастап, мемлекеттік органдарды бағалау кестесінде белгіленген есептік деректерді беру мерзімдеріне дейінгі кезеңде қайта ұйымдастыру немесе тарату кезінде, оған берілген функциялар мен өкілеттіктер бойынша бағалау нәтижелері құқық мирасқоры - мемлекеттік органға ұсынымдар ретінде жіберіледі.

9. Тиімділікті бағалау нәтижелеріне шағымдану тәртібі

      57. Тиімділікті бағалау нәтижелерін алған сәттен бастап бағаланушы мемлекеттік орган тиімділікті бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бес жұмыс күні ішінде тиісті блоктар бойынша бағалауға уәкілетті органдарға дәлелді құжаттарымен бірге қарсылықтар жіберуге құқылы.

      58. Қарсылықтар дәлелді құжаттары бар болған жағдайда ғана қаралады.

      59. Тиімділікті бағалаудың объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қарсылықтарды қарау үшін бағалауға уәкілетті органдарда Комиссияның жұмыс органы өкілдерінің қатысуымен арнайы комиссиялар құрылады, олардың құрамына мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайды.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      60. Бағалауға уәкілетті органдар күнтізбелік он бес күн ішінде Комиссияның жұмыс органы мен бағаланушы мемлекеттік органдарға қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы шағымның нәтижелерін жібереді. Осы Жүйенің 62-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалауға уәкілетті органның қарсылықтарды қабылдау не қабылдамау туралы шағым нәтижелері қайта қарауға жатпайды.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      61. Қарсылықтар қабылданған жағдайда бағалауға уәкілетті орган тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыға тиісті түзетулер енгізеді.

      62. Комиссияның жұмыс органы бағалауға уәкілетті органдардың өкілдерін тарта отырып, тиімділікті бағалаудың жекелеген нәтижелеріне шағымдану рәсімінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізілген мемлекеттік органдардың шағымдары бойынша қайта тексеру жүргізуге дербес бастамашылық етуге құқылы.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

10. Бағалауға қатысушылардың жауаптылығы

      63. Осы Жарлық ережелерінің уақтылы және сапалы орындалуына мемлекеттік саяси қызметшілер дербес жауап береді.

      64. Бағалануға жататын мемлекеттік органдардың бірінші басшылары тиімділікті бағалау жүргізу үшін есепті кезеңге берілетін ақпараттың дұрыстығына, толықтығына және уақытында ұсынылуына дербес жауап береді.

      65. Бағалау қорытындылары бойынша бағаланып отырған мемлекеттік орган қызметінің тиімділік көрсеткіштері төмендеген, сондай-ақ сеніп тапсырылған саладағы (қызмет саласындағы) ахуалдың нашарлағаны анықталған жағдайда, Комиссия істің жай-күйіне бағалау жүргізілген мемлекеттік органның тиісті мемлекеттік саяси қызметшісінің жауапкершілігі туралы мәселені қарауға ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      66. Бағалауға уәкілетті органдардың тиімділікке бағалау жүргізуге жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері тиімділікті бағалау рәсімдері мен нәтижелерінің бекітілген әдістемелерге сәйкес келуіне және тиімділікті бағалау жүргізу кестесімен бекітілген мерзімдердің сақталуына дербес жауапты болады.

      67. Бағалауға уәкілетті органдар бағалау жүргізу процесінде алған мәліметтердің жария болғаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілерге дербес жауапкершілік жүктеледі.

      68. Осы Жарлықты бұзушылықтар анықталған жағдайда Комиссияның жұмыс органы тиісті лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Өздерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік
органдардың
ТІЗБЕСІ

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.12.2017 № 602 Жарлығымен.

      Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

      "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы" блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      Құқық қорғау қызметін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      "Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы" блогы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі