Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкіметі актілерінің жинағында

      толық мәтіні және республикалық

      баспасөзде мазмұны жариялануға

      тиіс

      Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже ;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
N 625 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:

      жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

      Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;

      мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.

3. Кеңестің функциялары

      4. Осы Ережеде айқындалған негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекет басшысына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентінің жастар мәселелері жөніндегі ресми құжаттарын дайындауға қатысады;

      3) мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін елдің жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерін талқылауға тартады;

      4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді;

      5) белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      6) жастар саясаты мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.

4. Кеңестің өкілеттіктері

      5. Кеңес негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында:

      1) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      2) өз отырыстарында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жастар саясаты мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелері жөніндегі жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы мақсатта орталық және жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;

      4) ғылыми мекемелердің, білім беру ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық негізде жұмыс істейтін өкілдерінен:

      сараптау-талдау жұмысын жүргізу үшін сарапшылар кеңесін;

      Кеңес құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құруға;

      5) жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.

5. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

      7. Кеңес оның жұмысына қоғамдық негізде қатысатын төрағадан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.

      8. Кеңес құрамы орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкілдері қатарынан үш жыл мерзімге құрылады.

      9. Кеңес төрағасы:

      1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарында төрағалық етеді. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында Кеңес жұмысы туралы тұрақты түрде есеп береді;

      3) Кеңестің сарапшылар кеңесі мен жұмыс топтарының құрамын бекітеді;

      4) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;

      5) Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді, Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындап, хаттамаларына қол қояды;

      6) Кеңес мүшелерінің Кеңес қызметін жетілдіру және оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінде, тапсырмаларында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Кеңес хатшысы:

      1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективадағы жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;

      2) Кеңес жұмысының жоспарларын іске асыруға бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) жұмыс топтарының және сарапшылар кеңесінің жұмысын үйлестіреді;

      4) қорытындылар талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылар кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды;

      5) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі жөнінде хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

      6) Кеңес отырысының хаттамаларынан үзінділерді өз қолымен куәландырады;

      7) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11. Кеңестің жұмыс органы жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

      Жұмыс органы:

      1) Кеңестің қызметін ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;

      2) ақпаратты жинап-өңдеуді, жастар саясатының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

      3) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысады;

      4) жергілікті атқарушы органдардың жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;

      5) Кеңес қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.04.25 № 303 Жарлығымен.

      12. Кеңес отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ кемінде бір жылда бір рет шақырады.

      13. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқанда, құқықтық күші бар деп саналады.

      14. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқандар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Төрағаның шешімі бойынша Кеңес отырыстарына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың Кеңес құрамына кірмейтін өкілдері, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар шақырыла алады. Кеңес отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.

      15. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Кеңес шешімдері Төраға қол қоятын хаттамада ресімделеді.

      16. Кеңес мүшелерінің жазбаша түрде баяндалуға әрі хаттамаға қоса берілуге тиіс ерекше пікірін білдіруге құқығы бар.

      17. Кеңестің өз өкілеттіктерінің шегінде қабылданатын шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
№ 625 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 03.04.2021 № 543 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Кеңес төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кеңес хатшысы

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары

      "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан Жастары конгресі" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "Қазақстан студенттер альянсы" республикалық студенттік қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Жасыл Ел" жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы" жеке мекемесінің басшысы (келісім бойынша)

      "Жас Ұлан" бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Ұлттық волонтерлер желісі" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық коғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Жарасым" республикалық жастар ұйымының төрағасы (келісім бойынша)

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)


      Аллабергенов - "Kobelek Balalar" қайырымдылық қоры" қоғамдық
Сұлтан Мұратұлы қорының директоры (келісім бойынша)


      Бахретдинов - "Ұлан-ғайыр Дала Елі" қоғамдық бірлестігінің директоры

      Валихан Кабимоллаевич (келісім бойынша)


      Дашкова - эколог, экология саласындағы PhD кандидаты

      Вероника Андреевна (келісім бойынша)


      Здоровец - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің

      Максим Владимирович "Ядролық физика институты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Астана филиалының директоры, физика-
математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор (келісім бойынша)


      Елжанов - "Қазақстан КВН одағы" республикалық жастар қоғамдық
Рустем Батырханұлы бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)


      Ерниязова Айсұлу - "Қазақстанның Волонтерлер лигасы" қоғамдық қорының
Әлімжанқызы төрағасы, жастар қозғалысының көшбасшысы (келісім
бойынша)


      Ермұхамбетова - "Young Reserchers Alliance" қоғамдық қорының төрағасы,
Әсия Амерқанқызы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының
постдокторант-зерттеушісі (келісім бойынша)


      Исенова - журналист, теле- және радиожүргізуші, "Қазмедиа
Махаббат орталығы" медиа мектебінің директоры (келісім бойынша)
Құрмантайқызы


      Жапарханов - актер, сценарист, әнші (келісім бойынша)
Алдияр Серікбайұлы


      Жәркешов - "Whiteshield Partners" жауапкершілігі шектеулі
Ернар Серікбайұлы серіктестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)


      Ысқақова - Л.H. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Жұлдызай саясаттану кафедрасының оқытушысы (келісім бойынша)
Амангелдіқызы


      Құсманов - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Әділ Миратұлы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және
мониторингтеу орталығының сараптамалық-талдау

      тобының консультанты (келісім бойынша)


      Мәдиев - "Astana Hub" корпоративтік қорының бас директоры
Мағжан Дінмұхаммедұлы (келісім бойынша)


      Мұқатай - "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының
Жәния Ерболдықызы студенттік үкіметінің президенті (келісім бойынша)

      Омаров - "Б.А.С.про.кз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
Рүстем Егеубекұлы директоры (келісім бойынша)

      Ордабаев - Қазақстан Республикасының "Атамекен" ұлттық
Олжас Темірбекұлы кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)


      Сәдуақасова - шахматтан бірнеше дүркін әлем, Қазақстан чемпионы,
Динара Рамазанқызы ЮНИСЕФ адал ниет елшісі (келісім бойынша)


      Сәкенов - "BTS" Education" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
Олжас Берлесұлы өнім-менеджері (келісім бойынша)


      Сәдиева - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сабина Сұлтанғалиқызы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты
директорының орынбасары (келісім бойынша)


      Спирина - дара кәсіпкер
Ольга Сергеевна


      Тен - "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы"
Ирина Сергеевна акционерлік қоғамының бағдарлама жүргізушісі
(келісім бойынша)


      Шабаев - корпоративтік оқытушы, жаттықтырушы, аудармашы,
Никита Юрьевич волонтер (келісім бойынша)


      Шаталов - "Zakon.KZ" желілік басылымының бас редакторы
Никита Сергеевич (келісім бойынша)

      Шуланов - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің
Ерлан Нұрлыбекұлы ректоры - басқарма төрағасы (келісім бойынша)


      Шайжүнісова - "Болашақ" корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің
Динара Ғапланқызы төрайымы (келісім бойынша)


      Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялардың әрбір фракциясынан бір депутаттан кіреді (келісім бойынша)