Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 625 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
толық мәтіні және республикалық   
баспасөзде мазмұны жариялануға    
тиіс                  

      Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ереже ;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы бекітілсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2008 жылғы 1 шілдедегі
N 625 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Жастар саясаты жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Кеңестің негізгі міндеттері

      3. Кеңестің негізгі міндеттері:

      жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдау;

      Қазақстан Республикасының Президентін жастар арасындағы ахуал туралы хабардар етіп отыру;

      мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасау;

      мемлекет саясатының жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылау болып табылады.

3. Кеңестің функциялары

      4. Осы Ережеде айқындалған негізгі міндеттерді іске асыру үшін Кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Мемлекет басшысына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарап, талқылайды, Қазақстан Республикасы Президентінің жастар мәселелері жөніндегі ресми құжаттарын дайындауға қатысады;

      3) мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін елдің жастар саясаты саласын қозғайтын мәселелерін талқылауға тартады;

      4) жастармен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді;

      5) белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      6) жастар саясаты мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болады.

4. Кеңестің өкілеттіктері

      5. Кеңес негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында:

      1) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      2) өз отырыстарында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жастар саясаты мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

      3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жастар саясаты мәселелері жөніндегі жұмысын зерделеуге, талдауға, қорытындысын жинақтауға; осы мақсатта орталық және жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық, ғылыми ұйымдардың және оқу орындарының мамандарын тартуға;

      4) ғылыми мекемелердің, білім беру ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық негізде жұмыс істейтін өкілдерінен:
      сараптау-талдау жұмысын жүргізу үшін сарапшылар кеңесін;
      Кеңес құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтарын құруға;

      5) жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің ұқсас құрылымдарымен ынтымақтастықта болуға құқылы.

5. Кеңес қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңестің жеке құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      7. Кеңес оның жұмысына қоғамдық негізде қатысатын төрағадан, хатшыдан және Кеңес мүшелерінен құралады.

      8. Кеңес құрамы орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкілдері қатарынан үш жыл мерзімге құрылады.

      9. Кеңес төрағасы:

      1) Кеңеске жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның отырыстарында төрағалық етеді. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында Кеңес жұмысы туралы тұрақты түрде есеп береді;

      3) Кеңестің сарапшылар кеңесі мен жұмыс топтарының құрамын бекітеді;

      4) Кеңес мүшелерінің арасында тапсырмаларды бөледі;

      5) Кеңес жұмысының жоспарларын бекітеді, Кеңес отырыстарының күн тәртібін айқындап, хаттамаларына қол қояды;

      6) Кеңес мүшелерінің Кеңес қызметін жетілдіру және оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстарын қарайды;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінде, тапсырмаларында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      10. Кеңес хатшысы:

      1) Кеңес жұмысының ағымдағы және перспективадағы жоспарларының жобаларын, оның отырыстарына материалдарды дайындауды жүзеге асырады, төрағаның қарауына отырыстардың күн тәртібінің жобасын енгізеді;

      2) Кеңес жұмысының жоспарларын іске асыруға бақылауды қамтамасыз етеді;

      3) жұмыс топтарының және сарапшылар кеңесінің жұмысын үйлестіреді;

      4) қорытындылар талап ететін материалдарды Кеңестің сарапшылар кеңесіне немесе тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды;

      5) Кеңес мүшелерін Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі жөнінде хабардар етеді, оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді;

      6) Кеңес отырысының хаттамаларынан үзінділерді өз қолымен куәландырады;

      7) осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі болып табылады.

      Жұмыс органы:
      1) Кеңестің қызметін ақпараттық-талдау және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді;

      2) ақпаратты жинап-өңдеуді, жастар саясатының іске асырылуын талдауды жүзеге асырады, осы саладағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;

      3) Кеңес құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысады;

      4) Кеңес қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      12. Кеңес отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ кемінде бір жылда бір рет шақырады.

      13. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқанда, құқықтық күші бар деп саналады.

      14. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқандар санының кемінде үштен екісінің даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
      Төрағаның шешімі бойынша Кеңес отырыстарына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың Кеңес құрамына кірмейтін өкілдері, ғалымдар мен тәуелсіз сарапшылар шақырыла алады. Кеңес отырысына шақырылған адамдар дауыс беруге қатыспайды.

      15. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта болады. Кеңес шешімдері Төраға қол қоятын хаттамада ресімделеді.

      16. Кеңес мүшелерінің жазбаша түрде баяндалуға әрі хаттамаға қоса берілуге тиіс ерекше пікірін білдіруге құқығы бар.

      17. Кеңестің өз өкілеттіктерінің шегінде қабылданатын шешімдері тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2008 жылғы 1 шілдедегі
N 625 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Жастар саясаты жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ

Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Ғабидолла Рахматоллаұлы       қызмет істері агенттігінің төрағасы,
                              төраға

Шойкин                      - Қазақстан Республикасы Президенті
Ғалым Нұрмағамбетұлы          Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                              сектор меңгерушісі, хатшы

Кеңес мүшелері:

Әбдірайымов                 - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Бақытжан Жарылқасымұлы        университетінің ректоры

Әбдірайымова                - Қазақстан Республикасы Тұңғыш
Гүлмира Серікқызы             Президентінің Қоры жанындағы Жас
                              ғалымдар кеңесінің төрайымы,
                              әлеуметтану ғылымдарының докторы
                              (келісім бойынша)

Әукенов                     - Қазақстан Республикасы Білім және
Ерлан Мұратұлы                ғылым министрлігінің тәрбие жұмысы
                              және жастар саясаты департаментінің
                              директоры

Әшірбеков                   - "Нұр Отан" ХДП Оңтүстік Қазақстан
Ханай Асанұлы                 облыстық филиалының "Жас Отан" жастар
                              қанатының атқарушы хатшысы
                              (келісім бойынша)

Баймұқанов                  - Алматы қаласы жастар саясатын дамыту
Нұрбол Болатұлы               мемлекеттік қорының директоры,
                              "Қайсар" жастардың қоғамдық-саяси
                              қозғалысының төрағасы
                              (келісім бойынша)

Бахмутова                   - "Жас көшбасшылардың қауымдастығы" ҚБ
Наталья Ивановна              төрайымы (келісім бойынша)

Бәйменов                    - Қызылорда облыстық "Жастардың
Шахмардан Асқарұлы            бастамаларын дамыту орталығы" ҚБ
                              атқарушы директоры (келісім бойынша)

Бәйнешов                    - "Батыс Қазақстан облыстық жастар
Әлібек Мұхтарұлы              мәслихаты" ҚБ мүшесі (келісім бойынша)

Бердіғұлов                  - "Нұр Отан" ХДП Солтүстік Қазақстан
Арман Сағатұлы                облыстық филиалының "Жас Отан" жастар
                              қанатының атқарушы хатшысы
                              (келісім бойынша)

Бердіоңғаров                - "Қазақстанның Жастар парламенті" ҚБ
Тәңірберген Мұратұлы          төрағасы, Қазақстан Республикасы
                              Парламенті Мәжілісінің депутаты
                              (келісім бойынша)

Берсебаев                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Болат Талапұлы                Баспасөз хатшысының орынбасары

Ғалиева                     - Қазақстан жастары медиа-одағының
Светлана Ахметжанқызы         директоры, Қазақстан Журналистер
                              одағының мүшесі (келісім бойынша)

Жансүгіров                  - Қазақстан Республикасы Көлік және
Болат Амангелдіұлы            коммуникациялар министрлігінің
                              көлік-коммуникация кешенін дамыту
                              департаменті директоры, "Қазіргі
                              заманғы білім" қоғамдық қорының
                              төрағасы

Қалимолдаев                 - Қарағанды облыстық "Жастар одағы" ҚБ
Данияр Аманбайұлы             төрағасы (келісім бойынша)

Қарасаев                    - Маңғыстау облысы "Арман" жастар
Нұрбек Қарасайұлы             орталығының директоры, облыстық
                              мәслихаттың депутаты (келісім бойынша)

Қуанғанов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархат Шаймұратұлы            ғылым министрлігінің жауапты хатшысы

Нұржанова                   - Көкшетау қаласы "Жастар парламенті"
Анар Боташқызы                ҚБ төрайымы (келісім бойынша)

Нүсіпова                    - Қазақстан Республикасы денсаулық
Әсем Бекқызы                  сақтау вице-министрі

Омаров                      - "Ақ көгершін" жастар орталығы" ҚБ
Ғұлам Мұхтарұлы               төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының
                              депутаты (келісім бойынша)

Өскенбаев                   - Қазақстан Республикасы туризм және
Қайырбек Айтбайұлы            спорт вице-министрі

Өтешев                      - "Нұр Отан" ХДП "Жас Отан" жастар
Нұрлан Сүлейменұлы            қанатының атқарушы хатшысы
                              (келісім бойынша)

Рахманберді                 - "Жамбыл облысы студенттері мен жастар
Талғат Абайұлы                одағы" ҚБ төрағасы (келісім бойынша)

Сағат                       - әнші, "Үркер" жастар музыкалық
Айдос Мансұрұлы               тобының жетекшісі (келісім бойынша)

Сапарова                    - А. Байтұрсынов атындағы Қостанай
Әлия Сүйіндікқызы             мемлекеттік университетінің тәрбие
                              жұмысы және қоғамдық келісім
                              жөніндегі проректорының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Сәдуақасов                  - шахматтан халықаралық гроссмейстер
Дәрмен Қанатұлы               (келісім бойынша)

Сәпиев                      - бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы
Серік Жұманғалиұлы            (келісім бойынша)

Серғазинов                  - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік
Болат Рамазанұлы              университеті заң факультетінің
                              деканы, заң ғылымдарының кандидаты
                              (келісім бойынша)     

Сүлейменов                  - "Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық
Ербол Зинаддинұлы             орталығы" АҚ президенті,
                              "Стратегиялық көзқарас" сарапшылар
                              клубы" ҚБ мүшесі, физика-математика
                              ғылымдарының кандидаты
                              (келісім бойынша)

Сыдықов                     - "Қазақстан жастарының конгрессі" ЗТБ
Нұрлан Ерболатұлы             атқарушы директоры (келісім бойынша)

Сыздықова                   - Астана қаласы әкімінің жанындағы
Бақыт Ахметқызы               Жастар ісі жөніндегі кеңестің мүшесі,
                              Қазақстан Республикасы Парламенті
                              Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Тайжанов                    - "Қазақстанның Жастар Үкіметі" ҚБ
Ерқанат Шарапатұлы            төрағасы, Қазақстан Республикасы
                              Парламенті Мәжілісінің депутаты
                              (келісім бойынша)

Тупицын                     - Павлодар облысы Балалар мен жастар
Сергей Геннадьевич            ұйымдары қауымдастығы кеңесінің
                              төрағасы, Павлодар қалалық
                              мәслихатының депутаты
                              (келісім бойынша)

Шахаров                     - Ақтөбе облыстық олимпиада резервін
Асхат Берлешұлы               дайындау орталығының директоры, самбо
                              күресінен әлемнің бес дүркін чемпионы
                              (келісім бойынша)

Шотанова                    - Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау
Ғалия Айтжанқызы              мемлекеттік университеті Қазақстан
                              тарихы кафедрасының оқытушысы,
                              тарих ғылымдарының кандидаты
                              (келісім бойынша)