Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 369 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.10.16 N 680, 2009.12.29 № 911; 18.06.2015 № 40 Жарлықтарымен.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:
1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін;
2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат; N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат; N 20, 239-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат; N 15, 140-құжат; 2007 ж., N 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарауға енгізсін.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 11 ақпандағы
N 533 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ескерту. Құрылымға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2008.09.29 N 662,2008.10.16 N 680, 2009.12.29 № 911; 18.06.2015 № 40 жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы
Президент көмекшілері
Президент Кеңсесі
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары
Президент кеңесшілері
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мәселелері бөлімі
Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
Сыртқы саясат орталығы
Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Ішкі саясат бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
Мемлекеттік құқық бөлімі
Құқық қорғау жүйелері бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президент Протоколы
Президенттің Баспасөз қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі
Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Жалпы бөлім
Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі