Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 662 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының "Жер кодексiнiң" 108 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Ақдала ауылдық округiне қарасты Ақдала, Тақыркөл, Ақын-Жақып, Тоғайлы ауылдармен шектесiп жатқан жайылымдық жерлерден Ақдала ауылына 100 га, Тақыркөл ауылына 100 га, Ақын-Жақып ауылына 30 га, Тоғайлы ауылына 150 га жер телiмi қосылып, ауылдардың шегi өзгертiлсiн.
      2. Осы шешiм және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      
      Қалалық мәслихат
      сессия төрағасы:                           С. Ахметов

      Арыс қаласы әкiмi                          Ш. Сатымбеков

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Р. Керiмқұлов