"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының
17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 5, 52-құжат):
1-тармақтағы "346" деген цифрлар "356" деген цифрлармен ауыстырылсын;
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымында:
"Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі" деген жол алып тасталсын;
"Кадр саясаты бөлімі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Жалпы бөлім
Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімі";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы N 552
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 116-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
21-тармақтың 6) тармақшасы "осы мақсаттарда, сондай-ақ Мемлекет басшысы қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен апта сайынғы кеңестер өткізеді;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев