Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 533 Жарлығы

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасы Президенті  
мен Үкіметі актілерінің жинағында  
және республикалық баспасөзде    
жариялануға тиіс         

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның  17-1-бабы  2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 346 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы:
      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат кестесін бекітсін;
      2) он күн мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі туралы ереженің жобасын енгізсін;
      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат; N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат; N 20, 239-құжат; 2006 ж., N 4, 23-құжат; N 15, 140-құжат; 2007 ж., N 12, 135-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бір ай мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне қарауға енгізсін.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің       
2008 жылғы 11 ақпандағы  
N 533 Жарлығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Президент Әкімшілігінің Басшысы
      Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары
      Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
      Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы
      Президент көмекшілері
      Президент Кеңсесі
      Президент кеңесшілері
      Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
      Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы
      Сыртқы саясат орталығы
      Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі
      Ішкі саясат бөлімі
      Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі
      Мемлекеттік құқық бөлімі
      Құқық қорғау жүйелері бөлімі
      Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
      Президенттің Парламенттегі өкілдігі
      Президент Протоколы
      Президенттің Баспасөз қызметі