Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Конституциясы  44-бабының  8) тармақшасына сәйкес, тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және Қазақстан Республикасы халқының қалың жігінің тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.  P080711

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі министрліктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етуді бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Президентінің
                                           2007 жылғы 20 тамыздағы
                                         N 383 Жарлығымен бекітілген

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының
2008-2010 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "қолжетімді тұрғын үй", "қолжетімді тұрғын үйлерді", "Қолжетімді тұрғын үйді", "қолжетімді тұрғын үйдің", "қолжетімді тұрғын үймен" деген сөздер "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй", "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйлерді", "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді", "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйдің", "облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үймен" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

Мазмұны

1.   Бағдарламаның паспорты
2.   Кіріспе
3.   Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау
3.1.  Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-
     2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың
     қорытындылары
3.2.  Тұрғын үй құнына талдау жасау
3.3.  Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі
3.4.  Тұрғын үй құрылысы сапасының жай-күйін талдау
3.5.  Ипотекалық кредит беру
3.6.  Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі
4.   Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5.   Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері
5.1.  Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды
     теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын құру
5.2.  Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және
     мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру
5.2.1.  Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту
5.2.2.  Кең ауқымда тұрғын үй құрылысы үшін қосымша ынталандыру
       шараларын жасау 
5.3.  Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру
5.4.  Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың
      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
5.4.1.  Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық
       инфрақұрылымдар салу
5.5.  Тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа кредит беру жүйелерін дамыту
6.   Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7.   Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

  1. Бағдарламаның паспорты

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

Бағдарламаның атауы      Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй
                         құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған
                         мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу                  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007
үшін негіздеме           жылғы 20 сәуірдегі N 319  қаулысымен
                         бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007
                         жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы
                         жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі
                         бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық
                         жоспары және Қазақстан Республикасы
                         Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған
                         бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар
                         жоспары

Әзірлеуші                Индустрия және сауда министрлігі

Мақсаты                  Халықтың қалың жігінің тұрғын үйге
                         қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын
                         үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді
                         түрде шешу
 
Міндеттері               Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да
                         толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы
                         нарығын жасау;
                         тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды
                         тарту және мемлекеттік-жеке меншік
                         серіктестікті ынталандыру;
                         жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды
                         ынталандыру;
                         тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың
                         инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын
                         дамыту;
                         тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа кредит
                         беру жүйелерін дамыту;
                         елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу
                         және түзету;
                         тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау
                         жүйесін жетілдіру;
                         отандық құрылыс материалдарының өндірісін
                         арттыру және жеке тұрғын үй құрылысының
                         индустриялық, қымбат емес және экологиялық
                         технологияларын игеру.

Іске асыру
мерзімдері               2008-2010 жылдар

Қажетті ресурстар        Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны
және қаржыландыру        құрайды: 300,8 млрд. теңге, оның ішінде
көздері                  2008 жылы - 108 млрд. теңге, 2009 жылы -
                         100,1 млрд. теңге,
                         2010 жылы - 92,6 млрд. теңге, оның:
                         106,8 млрд. теңгесі бюджеттік кредит беру,
                         оның ішінде:
                         Астана қаласының жергілікті атқарушы
                         органына сыйақының (мүдденің) нөлдік
                         ставкасы бойынша бюджет саласының
                         қызметкерлері үшін тұрғын үйді жобалауға
                         және салуға 2008-2010 жылдары - 25 млрд.
                         теңге, оның ішінде 2008 жылы - 7,9 млрд.
                         теңге, 2009 жылы - 7,8 млрд. теңге, 2010
                         жылы - 9,3 млрд. теңге;
                         Алматы қаласының, облыстардың жергілікті
                         атқарушы органдарына сыйақының (мүдденің)
                         нөлдік ставкасы бойынша салынатын 100
                         мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін
                         тұрғын үйді жобалауға және салуға
                         2008-2010 жылдары - 24,8 млрд. теңге, оның
                         ішінде 2008 жылы - 8,3 млрд. теңге, 2009
                         жылы - 8,3 млрд. теңге, 2010 жылы - 8,2
                         млрд. теңге;
                         "Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ-қа
                         (бұдан әрі - ТҚЖБ) жылдық 1% ставка бойынша
                         - 57 млрд. теңге бюджеттік кредит беру;
                         Астана және Алматы қалалары, облыстар
                         жергілікті атқарушы органдарының
                        2006-2007 жылдары бөлінген 45,8 млрд. теңге,
                         оның ішінде 2008 жылы - 23,8 млрд. теңге,
                         2009 жылы - 22 млрд. теңге бюджеттік
                         кредиттерді 2008-2009 жылдары қайта
                         пайдалануы;
                         194 млрд. теңгесі 2008-2010 жылдары
                         нысаналы трансферттер, оның ішінде:
                         әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін
                         мемлекеттік жалға берілетін үйлерді
                         жобалауға және салуға - 28,7 млрд. теңге,
                         оның ішінде, 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге,
                         2009 жылы - 9,6 млрд. теңге, 2010 жылы -
                         9,5 млрд. теңге;
                         тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың
                         инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын
                         жобалауға, дамытуға және жайластыруға - 90
                         млрд. теңге, оның ішінде 2008-2010 жылдары
                         - жыл сайын 30 млрд. теңгеден;
                         инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды
                         жобалауға, қайта жаңартуға және жөндеуге -
                         15 млрд. теңге, оның ішінде 2008-2010
                         жылдары - жыл сайын 5 млрд. теңгеден;
                         Алматы облысында Алматы қаласының төрт
                         серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала
                         жұмыстар жүргізуге - 13 млрд. 492 млн.
                         теңге, оның ішінде 2008 жылы - 1 млрд. 026
                         млн. теңге, 2009 жылы - 4 млрд. 624 млн.
                         теңге, 2010 жылы - 7 млрд. 842 млн.теңге;
                         Ақмола облысында Астана қаласының серіктес
                         қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту
                         жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге - 6
                         млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде 2008
                         жылы - 1 млрд. 123 млн. теңге, 2009 жылы -
                         2 млрд. 599 млн. теңге, 2010 жылы - 2
                         млрд. 786 млн.теңге;
                         ТҚЖБ-ның жарғылық және резервтік капиталын
                         10,3 млрд. теңгеге ұлғайту;
                         әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың
                         жарғылық капиталын 30 млрд. теңгеге
                         ұлғайту.
                         2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны
                         қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына
                         арналған республикалық бюджеттің болжамды
                         көрсеткіштері шеңберінде нақтыланатын
                         болады
 
Күтілетін нәтижелер      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
                         тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын
                         жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде
                         жалпы алаңы 28 млн. шаршы метрге жуық
                         тұрғын үй салынатын болады;
                         облыстардың, Астана және Алматы
                         қалаларының жергілікті атқарушы
                         органдарына қайтарымды негізде
                         республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат
                         есебінен салынған 1,5 млн. шаршы метр,
                         оның ішінде 2008 жылы - 0,6 млн. шаршы
                         метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр,
                         2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр тұрғын үй
                         пайдалануға берілетін болады;
                         2008-2010 жылдар ішінде республикалық
                         бюджет қаражаты есебінен 479,8 мың шаршы
                         метр мемлекеттік жалға берілетін үй (5900
                         пәтер) салынады;
                         жеке инвестициялар есебінен жыл сайынғы
                         көлемі кемінде 67 мың шаршы метр (550
                         пәтер) жалға берілетін (коммерциялық)
                         тұрғын үй салу қамтамасыз етіледі;
                         21 млн. шаршы метр, оның ішінде: 2008
                         жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7
                         млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн.
                         шаршы метр жеке тұрғын үй салынады;
                         жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 98
                         мыңнан астам жер учаскелері, оның ішінде
                         39 мыңнан астам учаскелер әлеуметтік-
                         кәсіпкерлік корпорациялардың күшімен
                         инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен
                         қамтамасыз етілетін болады;
                         80 мыңнан астам адам үшін жаңа жұмыс
                         орындары ашылады;
                         4,4 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы
                         - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн.
                         шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы
                         метр коммерциялық тұрғын үй салынатын
                         болады;
                         құрылыс қызметінен бюджетке түсетін
                         салықтарды, соның ішінде жылжымайтын
                         мүлікке салынатын салықты, құрылыс
                         саласының қызметкерлерінен түсетін табыс
                         салығын жинау ұлғаяды;
                         құрылыс материалдары өнеркәсібі,
                         электр-техникалық, металлургия және химия
                         өнеркәсібі өнімдерін, сондай-ақ жаңа
                         тұрғын үйді жайластыру бұйымдарын шығаруды
                         арттыру есебінен сабақтас салаларда
                         мультипликативтік тиімділік күтілуде

  2. Кіріспе

       Ескерту. 2-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Тұрғын үй құрылысы - жалпыұлттық сипаттағы барынша маңызды міндеттердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.
      Тұрғын үй саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы N 1388  Жарлығымен  Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілді, оған сәйкес үш жыл ішінде жалпы алаңы 12 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделді. 2005-2006 жылдардың нақты нәтижелері 11,2 млн. шаршы метрді құрады, яғни үш жылдың тапсырмасы іс жүзінде екі жылдың ішінде орындалды.
      Осыған байланысты, Мемлекеттік бағдарламаға тұрғын үй пайдалануға беру көлемін 15,8 млн. шаршы метрге дейін ұлғайту жағына түзетулер енгізілді.
      Болжамға сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның аяқталуына қарай көзделіп отырған - 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үй көлемінің орнына 18 млн. шаршы метр тұрғын-үй тапсырылатын болады, 290 мыңға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады.
      45 мың жұмыс орнын ашу тапсырмасында 60 мың жұмыс орнын құру болжанып отыр, 2004 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда негізгі отандық құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру көлемі 70%-ке ұлғаяды.
      Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы»"Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауында: құрылыс индустриясын дамыту, жалға берілетін тұрғын үй кешендерін салу, жер учаскелерін бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысының дамуын ынталандыру секілді бағыттар айқындалды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 296-тармағында Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу және бекіту көзделген. Ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып осы заманғы әлеуметтік саясат белгіленген: адамдардың сұранысы мен мұқтаждықтары, жұмыс орындарын ашу басты назарда тұр. Осыны негізге ала отырып, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктерін ескеретін және әлеуметтік бағыттағы, бірінші кезекте, табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға арналған 2008-2010 жылдарға жаңа Мемлекеттік бағдарлама әзірлеу және қабылдау қажет.

  3. Тұрғын үй құрылысының қазіргі заманғы жай-күйін талдау

  3.1. Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
іске асырудың қорытындылары

       Ескерту. 3-1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005-2006 жылдары қаржыландырудың барлық кездері бойынша тұрғын үй құрылысына 565,8 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Жалпы алаңы 11,23 млн. шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде:
      2005 жылы - 5,04 млн. шаршы метр (2004 жылмен салыстырғанда 184,2%);
      2006 жылы - 6,19 млн. шаршы метр (2005 жылмен салыстырғанда 124%) пайдалануға берілді.
      Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін коммуналдық тұрғын үйлер салынып жатыр. Екі жыл ішінде жалпы алаңы 394,4 мың шаршы метр тұрғын үй (4752 пәтер), оның ішінде 2005 жылы 183,7 мың шаршы метр (2302 пәтер), 2006 жылы - 210,7 мың шаршы метр (2450 пәтер) коммуналдық тұрғын үй салынды.
      Екі жыл ішінде жергілікті атқарушы органдарын ипотекалық тұрғын үй салуға бөлінген кредиттік қаражат есебінен жалпы алаңы 1618,7 мың шаршы метр 17878 пәтер, оның ішінде 2005 жылы - 11764 пәтер (953,9 мың шаршы метр), 2006 жылы - 7811 пәтер (664,8 мың шаршы метр) салынды.
      Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2005-2007 жылдары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй салуға 126 млрд. теңге көлемінде кредиттік қаражат бөлу көзделген болатын. Алайда, осы мақсатқа іс жүзінде 100,26 млрд. теңге бөлінді, өйткені 2006 - 2007 жылдары 20 млрд. теңге кредиттік қаражаттың жоспарланған көлемінен тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыруға бағытталды.
      Алынып тасталған қаражаттың орнын толтыру мақсатында "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 57  және 2006 жылғы 3 наурыздағы  N 146  қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы N 1021  қаулысымен  2005-2006 жылдары бөлінген кредиттік қаражатты қайтару мерзімі 2 жылдан 3 жылға ұзартылды. Осының есебінен 86 млрд. теңге қосымша инвестицияланды.
      Өткен кезең ішінде неғұрлым арзан тұрғын үй ретінде жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) кеңінен дамыды.
      2005 жылы ЖТҚ шеңберінде 2,5 млн. шаршы метр, 2006 жылы - 3,6 млн. шаршы метр пайдалануға берілді.
      2006 жылы тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 20 млрд. теңге, оның ішінде ЖТҚ аудандарына 10 млрд. теңге бөлінді. 2007 жылы осы мақсатқа 30 млрд. теңге, оның ішінде ЖТҚ аудандарына 22,8 млрд. теңге бөлу көзделген.
      2005-2006 жылдары жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жалпы алаңы 2,8 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берді.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында оған үш жылдың ішінде құрылыстың көлемін 12 млн. шаршы метрден 15,8 млн. шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізілген болатын.
      Мемлекеттік бағдарламаның күшті жақтарына тұрғын үй құрылысы қарқынының өсуін ынталандыру, инвестициялар үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай жасау, азаматтардың басым құқық берілген санаттарына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді сата отырып, оны салу үшін жергілікті атқарушы органдардың кредит беру тетігін жасау, тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің ипотекалық кредит беру құралдарын, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй сатып алуға берілген ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесін пайдалану, коммуналдық тұрғын үй құрылысын қайта жандандыру және 290 мыңға жуық отбасының (болжам) тұрғын үй жағдайын жақсарту жатады.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдаған.
      Жеке құрылыс салушылардың жалға берілетін тұрғын үйлер салуы үшін салық преференцияларын көздейтін заңнамалық негіз жасалды.
      Тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамытуға жағдай жасауды көздейтін»"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңы  қабылданды.
      Сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламаның әлсіз жақтары: жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы кемшіліктер, тұрғын үй құрылысына арналған кредиттерді бөлудің өңірлер бөлігіндегі сәйкессіздігі, коммерциялық тұрғын үйге баға өсуінің жалғасуы, тұрғын үйдің ұсынысынан оған сұраныстың өсуі мен асуы, әкімдіктердің Мемлекеттік бағдарламада бекітілген коммуналдық және кредиттік тұрғын үйдің орташа параметрлерін сақтамауы, тұрғын үй-құрылыс кооперативтері және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік секілді баламалы тұрғын үй құрылысы тетіктерінің есепке алынбауы, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға жинақтық құрылыс жинақтары жүйесінің іс жүзінде қатыспауы және құрылыс индустриясы дамуының артта қалуы болып табылады.
      Кредиттік қаражат есебінен салынып жатқан тұрғын үйді есепке алудың және бөлудің бірыңғай ашық жүйесін айқындауда проблемалар жоқ емес, бұл бірқатар өңірлерде оны іске асыру кезінде өрескел бұзушылықтарға және алыпсатарлық фактілеріне, коммерциялық тұрғын үй бағасы өсуінің жалғасуына, тұрғын үйге ұсыныстан сұраныстың артуына алып келді.
      Республикадағы құрылыс қарқынының өсуі 2007 жылы көзделген 5,7 млн. шаршы метр орнына Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 6,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруді болжауға мүмкіндік береді.
      2005 жылдан бастап 2007 жылды қоса алғандағы үш жыл ішінде жоспарланған 15,8 млн. шаршы метрдің орнына тұрғын үй пайдалануға берудің болжамы 17,9 млн. шаршы метрді құрайды, бұл ретте 290 мыңға жуық отбасы өз тұрғын үй жағдайын жақсартады.
      Үш жыл ішінде әрбір облыста, Астана және Алматы қалаларында халықтың әлеуметтік қорғалатын жігі үшін 100 пәтерлік үш-үштен коммуналдық тұрғын үй немесе 4880 пәтер салу көзделген болатын. Күтіліп отырған іске қосу 442,4 мың шаршы метрді немесе 5352 пәтерді құрайды.
      Жоспардағы 2406,8 мың шаршы метр (29512 пәтер) орнына 2005-2007 жылдары бюджеттік кредит беру есебінен азаматтардың басым құқық берілген санаттары үшін 2618,7 мың шаршы метр (32075 пәтер) салынатын болады.
      2005-2007 жылдары мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарының өз қаражаттары есебінен 5,04 млн. шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынатын болады.
      Осы кәсіпорындар мен ұйымдар табысы орташа және жоғары сатып алушыларға тікелей сатылатын тұрғын үйлерді пайдалануға беріп отыр. Аталған құрылыс салушылар жаңа технологиялар мен материалдарды қолданып, сәулеті мен техникалық күрделілігі бойынша бірегей жаңа буындағы көп пәтерлі тұрғын үйлер жобалау мен салу жөніндегі кешенді міндеттерді шешіп отыр.

  3.2. Тұрғын үй құнына талдау жасау

      Статистикалық деректер бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың нақты құны 2007 жылғы мамырда 76,6 мың теңгені ($ 627*), ал сату құны - 145,5 мың теңгені ($ 1192) құрады. Яғни салынған тұрғын үйді сату құны оны салу құнынан 1,9 есе асып отыр.
      Өңірлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың ең жоғарғы құны:
      Астана қаласында - 82,5 мың теңге ($ 676), сату - 170,1 мың теңге ($ 1393);
      Алматы қаласында - 91,3 мың теңге ($ 748), сату - 319,0 мың теңге ($ 2614);
      Атырау қаласында - 78,8 мың теңге ($ 646), сату - 118,8 мың теңге ($ 974).
      Өңірлердегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың ең төменгі құны:
      Петропавл қаласында - 32,2 мың теңге ($ 264), сату - 95,6 мың теңге ($ 783);
      Шымкент қаласында - 34,7 мың теңге ($ 284), сату - 111,3 мың теңге ($ 912);
      Қарағанды қаласында - 46,3 мың теңге ($ 379), сату - 121,1 мың теңге ($ 992).
      *Ескертпе: 1 доллар - 122,03 теңге.
      Сатудың жоғарғы құны салынған коммерциялық тұрғын үйлерге тән екенін атап өткен жөн. Тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі оның үлесі 2005-2007 жылдары шамамен 25%-ті құрайды.
      Бағаның өсу себептері мыналар болып табылады:
      коммерциялық тұрғын үй салу үшін ескі үйлерді бұзу қажеттілігі;
      кейіннен қайта сату үшін пәтерлер сатып алу;
      халықтың өзінің бос қаражатын салуына мүмкіндік беретін және жылжымайтын мүлікке қаражат салудың баламасы болып табылатын қаржы құралдарының кемшіндігі.

  3.3. Құрылыс материалдарын өндіру саласының жай-күйі

      Бүгінгі таңда құрылыс материалдарының отандық өнеркәсібі құрылыс өндірісінің қажеттілігін толық түрде қанағаттандыра алмайды.
      Құрылыс индустриясы дамуының артта қалуын еңсеру мүмкін болмайды, осыған байланысты отандық өндірістің құрылыс материалдарымен, құрастырмаларымен және бұйымдарымен қамтамасыз етілуі 2006 жылы небәрі 43%-ті құрады.
      Құрылыстың құнын төмендету мақсатында тиімді құрылыс материалдарының өндірісін дамыту, жаңа технологиялар енгізу және құрылыс материалдарының жоғары сапасы ассортиментін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажет.

  3.4. Тұрғын үй құрылысы сапасының жай-күйін талдау

      Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі жұмысқа жүргізілген талдау жергілікті атқарушы органдарға құрылыс туралы шешім қабылдау, лицензиялауды, құрылыс салу барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына бақылауды жүзеге асыру және пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру өкілеттіктері берілгенін көрсетеді.
      Сонымен бірге тұрғын үй құрылысы сапасының төмендігіне азаматтар шағымдарының саны артып отырғаны байқалады.
      Барлық деңгейлерде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүйесінің пәрменділігін және тиімділігін арттыру, жобалау-ізденіс және құрылыс-монтаж жұмыстарының тиісті сапасына қол жеткізу, пайдалануға берілген ғимараттардың, құрылыстардың сенімділігін, қауіпсіздігін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.

  3.5. Ипотекалық кредит беру

      Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Ипотека ғана халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы, банктердің - тиімді және пайдалы жұмыс істеуіндегі, құрылыс кешенінің - өндірісті ырғақты жұмыспен қамтудағы және экономикалық өсуге ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді, бұған халыққа ипотекалық кредит берудің кең таралуы ықпал ететін болады.
      Азаматтарға ипотекалық кредиттер беруді екінші деңгейдегі банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Бастапқыда ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының ставкалары жылдық 20%-ті құрады, бастапқы жарна мөлшері 40-50% шамасын құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
      Елдегі ипотекалық кредит берудің дамуымен ипотекалық кредит берудің негізгі өлшемдері кему жағына қарай өзгерістерге ұшырады. Сөйтіп, 2005 жылдан бастап екінші деңгейдегі банктердегі сыйақы ставкалары жылдық 10-13% шамасын құрайды, бастапқы жарна мөлшері жылдық 10-15%-ке дейін төмендеді, кредит беру мерзімі орта есеппен 10 жылды құрады.
      Алайда, ипотекалық кредит беру жүйесінің осындай дамуы кезінің өзінде қызметтер көрсетудің бұл түрі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына ғана қолжетімді. Негізгі себептердің бірі халықта сыйақы мен бастапқы жарнаны төлеу үшін жеткілікті қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осы проблеманы шешу үшін ҚИК және ҚИКБҚ құрылды.
      ҚИК қызметінің мақсаты екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық кредиттер беру көлемін ұлғайту үшін ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екінші деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру болып табылады.
      ҚИК инфляцияның, инвесторлар маржаларының, ҚИК маржаларының, сақтандыру резервтері мен эмиссияға жұмсалатын шығыстардың деңгейіне байланысты болатын бағамды ставка бойынша талап ету құқығын сатып алады.
      Өз қызметінің барлық кезеңінде 2007 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екінші деңгейдегі банктерден және ипотекалық ұйымдардан сомасы 79 млрд. теңге 30899 ипотекалық кредит, оның ішінде компанияның нарықтық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 62,8 млрд. теңге 24024 ипотекалық кредит, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде - жалпы сомасы 16,5 млрд. теңге 6875 ипотекалық кредит бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.
      ҚИКБҚ қызметінің мақсаты екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық кредит беруші ипотекалық компаниялар, инвесторлар мен сақтандыру ұйымдары арасындағы кредиттік тәуекелдерді бөлу жолымен ипотекалық кредиттерге қолжетімділікті арттыру үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесін құру Қазақстанға ипотекалық кредиттер нарығын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкіндік берді. Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру (сақтандыру) жүйесі кредиттің бүкіл мерзімі ішінде таза шығындардың 100%-іне дейін ҚИКБҚ-тың жабуын көздейді.
      2007 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚИКБҚ жалпы сомасы 28,5 млрд. теңге ипотекалық кредитке 9399 кепілдік беру міндеттемесін, оның ішінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 20,1 млрд. теңге ипотекалық кредитке 7912 кепілдік беру міндеттемесін берді. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді сату бағдарламасына ҚИКБҚ қатысуының үлес салмағы тұтастай алғанда республика бойынша пайдалануға берілген пәтерлер санының 51%-ін, сатылған пәтерлер санының - 61%-ін құрады. Бұл, тұтастай алғанда республика бойынша бюджет есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар ҚИКБҚ-тың жәрдемімен алғанын көрсетеді.
      Республиканың жеті өңірінде, оның ішінде Алматы және Астана қалаларында екі көрсеткіш бойынша үлес салмағы жоғары.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруды талдау екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдардың Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға, ипотекалық кредит берудің белгіленген 10/10/20 (проценттік ставка/%-тік ең төменгі бастапқы жарна/кредит беру мерзімі) шарттарына қолдау көрсетуге құлықты еместігін, сондай-ақ, олардың облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй алушы үміткерлерге қосымша талаптар қойған фактілерін анықтады, бұл Бағдарламаның әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай төмендетеді.

  3.6. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі

      Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың (қазіргі кезде тұрғын үй құнының 25%-нен кем емес) қорлануына негізделген тұрғын үйлерді қаржыландыру тетігін білдіреді.
      Тұрғын үй құрылысы жинақтарының осы жүйесі көп жағдайда екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық кредиттер алу кезінде бастапқы жарнаны енгізу үшін жеткілікті қаражаты жоқ, бірақ жеткілікті тұрақты кірісі бар азаматтардың санаттарына арналған.
      Құрылыс жинақтары жүйесінің субъектілері арасындағы қатынастардағы мемлекеттің рөлі Қазақстан Республикасының азаматтары салымшыларға көрсетілген жинақтарға салымдар бойынша сыйлық төлеу жолымен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесіне қолдау көрсету болып табылады.
      Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, банк салымшылары және салымдар бойынша сыйлықтарды тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне аудару мен төлеуді жүзеге асыратын мемлекет құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушылары болып табылады.  P080743
      Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға іс жүзінде қатыспайтындығы оның әлсіз жақтары болып табылады. Сөйтіп, Мемлекеттік бағдарлама бойынша ТҚЖБ жүйесі енгізілуінің басы - 2005 жыл, қаражатты жинақтау мерзімі - 3 жыл болса, ТҚЖБ жүйесінің қолданысқа енгізілуінің басы - 2008 жылдан басталады.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

       Ескерту. 4-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Бағдарламаның негізгі мақсаты халықтың қалың жігіне тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу болып табылады.
      Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
      ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын жасау;
      тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру;
      жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту;
      тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа кредит беру жүйелерін дамыту;
      елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және түзету;
      тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау жүйесін жетілдіру;
      отандық құрылыс материалдарының өндірісін арттыру және жеке тұрғын үй құрылысының индустриялық, қымбат емес және экологиялық технологияларын игеру.

  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері

  5.1. Ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру

       Ескерту. 5-1-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

       Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет бір шаршы метрі 56515 теңгеден аспайтын құны арзан және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйлерді (бұдан әрі - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй) салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдай жасайтын болады. Бұл ретте, өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің құны жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізген кезде реттелетін болады. Жоғары сейсмикалық аудандар үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйдің бір шаршы метрі құрылысының көрсетілген құнына:
      Алматы қаласы - 1,27;
      Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары - 1,15;
      Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары - 1,12;
      Қызылорда облысы - 1,11;
      Маңғыстау облысы - 1,1 түзету коэффициенттерін енгізуге рұқсат етіледі.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйдің жайлылық деңгейі бойынша ғимараттарды жіктеуге сәйкес белгілі бір техникалық параметрлері болады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйдің (пәтерлердің) орташа алаңы 80 шаршы метрден аспауға тиіс.
      Табыс деңгейлері әр түрлі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй ғимараттары жайлылық деңгейі бойынша жіктелуге тиіс. Оны салудың құны, тиісінше, оның қолжетімділік деңгейі осыған байланысты болады.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2007 жылғы 16 мамырдағы N 149 бұйрығымен бекітілген»Тұрғын ғимараттар ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 нормативтік-техникалық құжаттың талаптарына сәйкес ғимаратты жайлылық деңгейі бойынша жіктегенде 1 адамға шаққандағы пәтер алаңының және тұрғын алаңның мөлшері, еденнен төбеге дейін тұрғын үй-жайдың биіктігі, тұрғын бөлмелердің саны, ас үй бөлмесі аумағының ең төменгі мөлшері, ванна бөлмесі мен санитарлық тораптардың саны мен орны, қауіпсіздік жүйесімен және өзге де көрсеткіштермен қамтамасыз етілуі бойынша сыныптарда жіктелуін көздейді.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес республикада 100 мектеп және 100 аурухана салынатын болады. Астана қаласының бюджеттік саласының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде Астана қаласы жергілікті атқарушы органдарының "100 мектеп және 100 аурухана" бағдарламасы бойынша белгіленген тәртіппен 2008 - 2010 жылдары тұрғын үйді жобалауға және салуға республикалық бюджеттен 25 млрд. теңге сомасында, облыстардың және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарына - 24,8 млрд. теңге сомасында сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша кредит бөлінетін болады.
      Халыққа облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйлер "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Тұрғын үйді сату ережесіне сәйкес азаматтардың басым құқық берілген санаттарына сатылады. Рәсімдердің ашықтығын арттыру және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында осындай тұрғын үйге үміткерлерді іріктеудің өлшемдері айқындалатын және халық табысының шекті деңгейі белгіленетін болады, қолжетімді тұрғын үй осыларды ескере отырып бөлінеді.
      Халықтың басым құқық берілген санаттарына мыналар жатады:
      балалары бар жас отбасылар;
      мемлекеттік қызметшілер;
      мемлекеттік қызметші болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері;
      мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен жайлылығы 3 және 4 сыныпты тұрғын үй салу көзделіп отыр.
      Тұрғын үй сатып алушылардың басым құқық берілген санатқа жатқызылған азаматтардың көпшілігінде бастапқы жарнаны төлеуге қаражаттың жоқтығын ескеріле отырып, оларға кредит беру алдын ала заемдарды пайдалану жолымен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Азаматтардың басым құқық берілген санаттарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетігі:
      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит беру.
      2. Жергілікті атқарушы органның тұрғын үй салуы.
      3. Ипотекалық кредит беру немесе тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, оның ішінде алдын ала тұрғын үй заемдары арқылы тұрғын үйді сату.
      4. Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджетке кредиттерді қайтаруды жүзеге асырады.
      Халықтың облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуы негізінен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кредиттері есебінен немесе ипотекалық кредит беру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйге қол жеткізу көрсеткіштері ретінде төлем қабілеті расталған отбасылар санының тұрғын үйді сатып алуға берілген өтініштердің санына қатынасы айқындалатын болады. Осы көрсеткішті өзгерту берілген тұрғын үйге қолжетімділік серпінін бағалауға мүмкіндік береді.
      Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерінің бөлінуі, мердігерлік ұйымдарды таңдау, құрылыс барысы мен тұрғын үйді бөлу рәсімдерінің ашықтығын және бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстар (қалалар, аудандар) әкімдері басшылық ететін комиссиялар құрады.

  5.2. Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру

  5.2.1. Жалға берілетін тұрғын үй секторын дамыту

       Ескерту. 5-2-1-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Қолданыстағы 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде коммуналдық тұрғын үй салу кезекте тұрғандардың санын азайтуға айтарлықтай ықпал ете алмады, өйткені жергілікті атқарушы органдардың бәрі бірдей халықтың әлеуметтік қорғалатын жігіне жататын тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есебін "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  67-бабына  сәйкес жүргізе қоймады.
      Сондықтан әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтардың тізімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында түгендеу жүргізу жергілікті атқарушы органның бірінші кезектегі міндеті деп есептеу керек.
      Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес осы Заңда көрсетілген азаматтардың санаттарына тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан қолжетімді ақыға беріледі.
      Осыған орай Бағдарламада қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламаның өлшемдері бойынша коммуналдық тұрғын үй салудың орнына республикалық бюджет қаражаты есебінен әрбір облыста, Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік жалға берілетін үйлерде кемінде 120 пәтер жобалау мен жыл сайын салу және жеке меншік жалға берілетін (коммерциялық) үйлер салу үшін жағдай жасау көзделіп отыр.
      Әлемдік тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қаражат және жеке инвестициялар есебінен жалға берілетін үйлер салу арқылы тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамыту керек.
      Жергілікті атқарушы органдардың атынан жалға берушілер мен азаматтың атынан пәтерлерді жалдаушылардың арасында ұзақ мерзімді шарттық қатынастар құру мақсатында мемлекеттік жалға берілетін үй мәселесі жөнінде ұсыныстар тұжырымдаған жөн.
      Өңірлердің жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жалға берілетін үйлерде алынатын жалдау ақысын есептеудің бүкіл республика үшін бірыңғай тетігін қолдануға тиіс. Бұл үшін уәкілетті мемлекеттік орган тұрғын үйді пайдалануға, ағымдағы және күрделі жөндеуге, сондай-ақ жер учаскесін ұстауға жұмсалатын шығыстарды ескеретін жалдау ақысын есептеудің әдістемесін бекіткені жөн.
      Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерді тиісінше ұстау мақсатында жергілікті атқарушы органдар оларды басқару субъектілерін: жалға берілетін үй концессияға берілетін мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынды немесе жеке құрылымды айқындауға тиіс. Жергілікті атқарушы органдар салған немесе меншікті қаражат есебінен салынған мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйді басқару субъектілері ретінде сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар әрекет ете алады.
      Бюджет қаражаты есебінен жайлылығы 3 және 4 сыныпты жалға берілетін үйлерді жобалау мен салу, жеке инвестициялар есебінен - барлық сыныпты тұрғын үй салу жүргізіледі.
      Мемлекеттік жалға берілетін үйдегі пәтердің жалпы алаңы 70 шаршы метрден аспауға тиіс.
      Мемлекеттік жалға берілетін үйдің 1 шаршы метрі құрылысының құны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаты есебінен салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құнына сәйкес белгіленеді.
      Жоғары сейсмикалық аудандар үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метр құрылыс құны коэффициентіне барабар мемлекеттік жалға берілетін үйдің бір шаршы метрі құрылысының көрсетілген құнына түзету коэффициенттерін ескеруге рұқсат етіледі.

  5.2.2. Кең ауқымда тұрғын үй салу үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау

       Ескерту. 5-2-2-тарауға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Тұрғын үйдің қолжетімділік деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенімен қатар Бағдарламада тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау көзделіп отыр.
      Осы мақсатта тұрғын үй проблемасын дербес шешетін азаматтардың бастамаларына жәрдем жасау керек. Жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және тәуекел деңгейі үлестік құрылысына қарағанда мейлінше төмен тұрғын үй құрылыс кооперативтерін (ТҚК) құруда азаматтарға жәрдем жасалуға тиіс. Мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін құрылыс үшін тегін бөлу ТҚК құрудың міндетті шарты болуға тиіс. ТҚК-тың меншігіне жер учаскесін беру тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін, бірақ үй-жайды (пәтерді) беру актісі бойынша үйдің тұрғындарына берілгенге дейін жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте құрылыс салынатын учаскеге қажетті коммуникациялар жүргізілуге тиіс.
      Тұрғын үй салудың көлемін ұлғайту мақсатында әкімдіктерге коммерциялық құрылыс салушылармен мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік принциптері бойынша елді мекендердің аумақтарына құрылыс салуды жүргізуге ұсынымдар берген жөн. Бұл ретте 1 шаршы метрі 56515 теңге деп белгіленген бағалық параметр бойынша азаматтардың басым құқық берілген санаттары үшін олар пәтердің бір бөлігін салған жағдайда жеке құрылыс салушыларға мемлекеттің меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген, коммуникация жүргізілген жер учаскелерін тегін бөлуді көздеу қажет.
      Аталған мақсаттарды қамтамасыз ету үшін жер учаскелерін беру мәселелерін реттейтін заңнамалық актілерге түзетулер енгізу талап етіледі.
      Құрылыс материалдарына бағаның өзгеруіне байланысты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үй құрылысының құны жекелеген өңірлерде ұлғаюы мүмкін. Осы тұрғын үйді сатудың құнын белгіленген параметрде (1 шаршы метр үшін 56 515 теңге) ұстап тұру мақсатында жергілікті атқарушы органдарға оның құрылысын мердігерлік құрылыс ұйымдарымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік принциптері бойынша жүргізуді ұсыну керек. Ол үшін жобалау-сметалық құжаттамада мердігер нарықтық баға бойынша өз бетінше сата алатын бірінші қабатта және мансардтық қабаттарда офистік үй-жайлардың қосымша құрылысын көздесін.
      Тұрғын үй құрылысы саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті ынталандыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (бұдан әрі - ӘКК) пайдалану көзделіп отыр.
      Осы мақсатта әкімдіктер жер учаскелерін ӘКК-ге жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бойынша есептелетін баға бойынша жарғылық капиталының төлеміне (меншікке), инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге арналған жер учаскелерін шегере отырып, біртұтас алап ретінде береді.
      Республикалық бюджеттен ӘКК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 30 млрд. теңге бөлу көзделіп отыр. ӘКК осы қаражат есебінен өздеріне берілген жер учаскелерінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды жүргізеді және нарықтық құн бойынша оларды аукциондарда сатады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен жасалған шартта белгіленген жер учаскелерінің бір бөлігін ӘКК жеке құрылыс үшін жер алуға әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтардың пайдалануына өтеусіз береді.
      Пайдалануға берілген инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды ӘКК жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне береді.

  5.3. Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру

       Ескерту. 5-3-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Дайын инженерлік және көлік инфрақұрылымдары бар жер учаскелерінің жетіспеушілігі ЖТҚ-ның дамуын тежеп отырған негізгі фактор болып табылады.
      Әлемдік тәжірибе жеке тұрғын үй құрылысын мемлекет тарапынан ынталандыру ЖТҚ-ға берілетін жер учаскелерін тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуінде болып табылатынын дәлелдейді.
      Жеке тұрғын үйдің қолжетімділік көрсеткіші ретінде жер учаскелерін алған азаматтар санының ЖТҚ-ға жер бөлуге берілген өтініштердің санына қатынасы айқындалатын болады. Осы көрсеткішті өзгерту тұрғын үйге қолжетімділік серпінін бағалауға мүмкіндік береді. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді және осы мақсаттарға жіберілетін ӘКК-ның жарғылық капиталын ұлғайтуды ескере отырып, үш жыл ішінде 21 млн. шаршы метр көлемінде жеке тұрғын үйді іске қосу көзделіп отыр.
      ЖТҚ-ны одан әрі дамыту үшін ЖТҚ-ға жер учаскелерін берудің мынадай қағидаттарын енгізуді көздеу қажет:
      1. ЖТҚ үшін жер учаскелеріне құқық беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы N 726  қаулысымен  бекітілген ЖТҚ үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Бұл ретте:
      алаңы 10 сотықтан аспайтын жер учаскелерін тегін беру жүзеге асырылады;
      ЖТҚ үшін бөлінген алаптар үйлер құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуге тиіс;
      ЖТҚ-ға арналған алаңдар бекітілген басты жоспарларға, толық жоспарлау жобаларына, құрылыс ережелері мен елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының жобаларына сәйкес алаптарға бөлінуге тиіс.
      2. Азаматтардың жеке тұрғын үй салуы тиісті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жоба бойынша жүзеге асырылады.

  5.4. Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту

      Құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтайтын орам ішіндегі инженерлік желілердің, кәріздің, инженерлік құрылыстар мен жолдардың болуы салынып жатқан тұрғын үйді пайдалануға уақтылы беруді қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады.
      Республиканың өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің қуатын арттыру, сондай-ақ жаңаларын салу қажеттілігіне алып келеді.
      Осыған байланысты Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мүдделі министрліктермен, ведомстволармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қала және астананың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуіріндегі N 184 қаулысымен бекітілген, Электр энергетикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына түзету енгізуі қажет.
      Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда жаңа инженерлік желілер, құрылыстар мен жолдарды салумен ғана проблема шешілмейді. Салынып жатқан тұрғын үйге арналған коммуналдық қызметтерді тасымалдау бұрын салынған тұрғын үй алаптары арқылы өтетін жұмыс істеп тұрған коммуникациялар мен құрылыстар бойынша жүргізіледі. Қолданыстағы коммуникациялар мен құрылыстардың жағдайы мен өткізу мүмкіндігі салынып жатқан тұрғын үйдің қажеттілігін қамтамасыз етуге негізінен мүмкіндік бермей отыр.
      Сондықтан тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды республикалық бюджеттің қаражаты есебінен екі бағыт бойынша жүзеге асыру болжанып отыр:
      1. Аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау және салу.
      2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, құрылыстарды, энергиямен жабдықтайтын және жылумен жабдықтайтын көздерді жобалау және қайта жаңарту.
      Осы мақсаттар үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу көзделіп отыр.

  5.4.1. Серіктес қалаларда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар салу

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы N 167  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы аясында Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын салу және Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту көзделіп отыр.
      Осы Бағдарлама аясында Алматы облысында Алматы қаласының 4 серіктес қаласын дамыту жөніндегі алдын ала жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. Бұл ретте, топогеодезиялық іздестірулер жүргізуге - 152,3 млн. теңге және инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізуге - 632,5 млн. теңге, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге - 10 млн. теңге, жобаның бас жоспарын әзірлеуге - 70 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға - 6945 млн. теңге, Алматы қаласының инженерлік-коммуникациялық тораптарына қосуға - 5682,2 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржыландыру болжанып отыр.
      Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөніндегі алдын ала жұмыстар жүргізу көзделіп отыр. Бұл ретте, үш жыл ішінде топогеодезиялық іздестірулер жүргізуге - 38,0 млн. теңге, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге - 10 млн. теңге, Қосшы селосының бас жоспарын әзірлеуге - 10 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға және салуға - 6000 млн. теңге, кіреберіс және орам ішіндегі жолдарды дамытуға - 450 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделіп отыр.

  5.5. Тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа кредит беру
жүйелерін дамыту

       Ескерту. 5-5-кіші бөлім жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйлерге қолжетімділікті арттыру халық үшін тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін дамыту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
      Халықтың басым санаттарына тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы сыйақының төменгі ставкасы бойынша ұзақ мерзімді тұрғын үй заемдарын беру жөнінде мынадай шаралар көзделетін болады:
      1) осы Бағдарлама шеңберінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін іске асыратын және тұрғын үй заемдарын беретін оператор етіп "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамды (бұдан әрі - "ТҚЖБ" АҚ) айқындау;
      2) екінші деңгейдегі банктер үшін белгіленген пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету үшін жарғылық капиталын тиісінше ұлғайта отырып, жылдық 1 %-тен аспайтын сыйақы ставкасы бойынша "ТҚЖБ" АҚ-ға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер беру. Бюджеттік кредиттің сомасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған, тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі арқылы сату көзделіп отырған тұрғын үйді салуға бағытталған қаражаттың сомасына тең болады;
      3) халықтың басым санаттары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған тұрғын үйді сатып алу үшін өздерінің төлемге қабілетін растаған жағдайда "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына сәйкес "ТҚЖБ" АҚ-ның жылдық 4 %-тен аспайтын проценттік ставка бойынша алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беруі. Осы заемдарды пайдалану мерзімдері 8,5 жылға дейін, ал тұрғын үй заемдарын пайдаланудың кейінгі мерзімін (15 жылға дейін) ескере отырып, заемдарды берудің жалпы мерзімі 23,5 жылға дейінді құрайды.
      Тұрғын үйді сатып алуды қаржыландырудың басты құралы болып табылатын алдын ала тұрғын үй заемдары бастапқы жарнаның ең аз қажетті мөлшерінің болмауы, міндетті жинақтау мерзімінің қажеттілігі проблемасын шешеді;
      4) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сату ережесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі, онда қолжетімді тұрғын үйге үміткерлерді іріктеу өлшемдері және тұрғын үйді сату тәртібі белгіленетін болады;
      5) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның резервтік капиталдың қажетті мөлшері бөлігіндегі талаптарына сәйкес келу үшін "ТҚЖБ" АҚ-ның барлық алынған таза табысын резервтік капиталды қалыптастыруға жіберу;
      6) банктің жарғылық және резервтік капиталын, штат санын ұлғайту арқылы клиенттерге қызмет көрсететін филиалдық желі мен қосымша орталықтар ашуды қоса алғанда, "ТҚЖБ" АҚ-ның материалдық техникалық базасын дамыту;
      7) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сатып алу үшін алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын алу мүмкіндігі туралы халықтың басым санаттарын кеңінен хабардар ету үшін "ТҚЖБ" АҚ-ның Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасауы.
      Осылайша, осы іс-шараларды іске асыру кезінде және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінде қажетті қаржы ресурстары болғанда халықтың басым санаттарына тұрғын үйді сату ережелеріне сәйкес жылдық 4 %-тен аспайтын проценттік ставка бойынша алдын ала тұрғын үй заемдары беріледі.
      Халықтың қалың жігі үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру сонымен қатар "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ (бұдан әрі - "ҚИК" АҚ) дамыту шеңберінде ипотекалық кредит беру тетіктерін жетілдіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
      "ТҚЖБ" АҚ-ы және "ҚИК" АҚ-ы қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыру, олардың мамандықтар теңгерімін айқындау және олардың арасындағы парасатты бәсекелестікті дамыту мақсатында "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамының жарияланған акцияларының санын ұлғайту мүмкіндігі және "ТҚЖБ" АҚ-ы пен "ҚИК" АҚ-ы акцияларының мемлекеттік пакеттерін беру жолымен орналастырылған акцияларды төлеу қаралатын болды.

  5.6. Елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

       Ескерту. 5-6-кіші бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының ірі қалаларында, әсіресе Астана мен Алматыда тұрғын үй салу үшін жер учаскелерінің тапшылығы сезіліп отыр. Осының салдарынан жерге баға өте жоғары деңгейде ұсталып отыр, бұл алыпсатарлыққа себеп болып табылады. Мұның бәрі жерге әлеуетті инвесторлардың қол жеткізуін шектеп қана қоймайды, сондай-ақ тұрғын үйге бағаның өсуіне себепші болады.
      Қалыптасқан жағдайды шешу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар әкімдіктермен бірлесіп, елді мекендердің бас жоспарларын және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдауы қажет. Бұл салынып жатқан тұрғын үйдің көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ жер учаскелеріне қолданыстағы дүрлікпе сұраныстың төмендеуіне мүмкіндік береді. Сайып келгенде жерге сұраныстың төмендеуі тұрғызылатын тұрғын үйдің құнын төмендетуге тиіс.
      Бұдан басқа, қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу және кейіннен бос жер учаскелерін бөлу жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін өз бетімен басып алу фактілерінің санын төмендетуге және тиісінше, ретсіз құрылыстың болмауын қамтамасыз етуге тиіс.

  5.7. Тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау жүйесін жетілдіру

       Ескерту. 5-7-кіші бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау жүйесі саласында уәкілетті мемлекеттік органдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы мәселелерді реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға талдау жүргізуі қажет.
      Жүргізілген талдау мемлекет тарапынан құрылыс жұмыстарын жүргізуге лицензия берілген сәттен бастап және құрылысы аяқталған тұрғын үй объектілерін пайдалануға қабылдау актілеріне қол қоюмен аяқтай отырып, тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау жүйесін қатайту бойынша шаралар қабылдауға негіз болуға тиіс.

  5.8. Отандық құрылыс материалдарының өндірісін арттыру және
жеке тұрғын үй құрылысының индустриялық, қымбат емес және
экологиялық технологияларын игеру

       Ескерту. 5-8-кіші бөліммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Отандық құрылыс материалдарының өндірісін одан әрі дамыту және жаңа технологиялар енгізу үшін мынадай шаралар қабылдау қажет:
      цемент өнеркәсібін дамытуды, қабырғалық және бірқатар басқа да материалдар шығаруды көздейтін, объектілер құрылысының соңғы өнімінің құнына әсер ететін енгізілген түзетулерді ескере отырып, Құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытудың 2005 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету. Осы Бағдарламаға сәйкес 2010 жылы іске қосылатын 53 кәсіпорын салуды қамтамасыз ету;
      көбікполистиролдан, кеуек және полистиролбетоннан және басқа да жергілікті құрылыс материалдарынан жасалған алмалы емес қалып әдісімен "Страмит" жылу оқшаулағыш тақтадан жасалған сыртқы қоршау құрастырмаларын тұрғызу технологияларын енгізу;
      тұтқыр материалдар және олардың негізінде жасалатын бұйымдар, керамикалық, жылу оқшаулағыш және әрлеу материалдарын, табақ шыны шығару жөніндегі нақты инвестициялық жобаларды іске асыру.
      Көрсетілген жобаларды іске асыру және құрылыс материалдары өнеркәсібін одан әрі дамыту құрылыс материалдары импорты мен құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге оң әсерін тигізеді, бұл 2010 жылға қарай саланы отандық құрылыс материалдарымен қажеттіліктің 70 %-іне дейін қамтамасыз етеді.

  6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Бюджеттен шығындардың қажеттілігі мынаны құрайды:
      барлығы: 300,8 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 108 млрд. теңге, 2009 жылы - 100,1 млрд. теңге, 2010 жылы - 92,6 млрд. теңге, оның:
      106,8 млрд. теңгесі бюджеттік кредиттер беру, оның ішінде:
      Астана қаласының жергілікті атқарушы органына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үйді жобалауға және салуға 2008-2010 жылдары - 25 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 7,9 млрд. теңге, 2009 жылы - 7,8 млрд. теңге, 2010 жылы - 9,3 млрд. теңге;
      Алматы қаласының, облыстардың жергілікті атқарушы органдарына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана қызметкерлері үшін тұрғын үйді жобалауға және салуға 2008-2010 жылдары 24,8 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 8,3 млрд. теңге, 2009 жылы - 8,3 млрд. теңге, 2010 жылы - 8,2 млрд. теңге;
      ТҚЖБ-қа жылдық 1% ставка бойынша - 57 млрд. теңге;
      Астана және Алматы қалалары, облыстар жергілікті атқарушы органдарының 2006-2007 жылдары бөлінген 45,8 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 22 млрд. теңге, 2009 жылы - 23,8 млрд. теңге бюджеттік кредиттерді 2008-2009 жылдары қайта пайдалануы;
      2008-2010 жылдары 194 млрд. теңгесі нысаналы трансферттер, оның ішінде:
      әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтар үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерді жобалауға және салуға - 28,7 млрд. теңге, оның ішінде, 2008 жылы - 9,6 млрд. теңге, 2009 жылы - 9,6 млрд. теңге, 2010 жылы - 9,5 млрд. теңге;
      тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жобалауға, дамытуға және жайластыруға - 90 млрд. теңге, оның ішінде 2008-2010 жылдары - жыл сайын 30 млрд. теңгеден;
      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, қайта жаңартуға және жөндеуге - 15 млрд. теңге, оның ішінде 2008-2010 жылдары - жыл сайын 5 млрд. теңгеден;
      Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге - 13 млрд. 492 млн. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 1 млрд. 026 млн. теңге, 2009 жылы - 4 млрд. 624 млн. теңге, 2010 жылы - 7 млрд. 842 млн.теңге;
      Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөнінде алдын ала жұмыстар жүргізуге - 6 млрд. 508 млн. теңге, оның ішінде 2008 жылы - 1 млрд. 123 млн. теңге, 2009 жылы - 2 млрд. 599 млн. теңге, 2010 жылы - 2 млрд. 786 млн.теңге;
      ТҚЖБ-тың жарғылық және резервтік капиталын 10,3 млрд. теңгеге ұлғайту;
      әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын 30 млрд. теңгеге ұлғайту.
      2008-2010 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері аясында нақтыланатын болады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

       Ескерту. 7-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.07.08  N 629  Жарлығымен.

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
      тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 28 млн. шаршы метрге жуық, оның ішінде жалпы алаңы 2008 жылы - 8,2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 8,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9,3 млн. шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Үш жылдың ішінде қаржыландырудың барлық көздері бойынша 236 мыңға жуық пәтер салынатын болады;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған 1,5 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады;
      республикалық бюджет қаражаты есебінен 479,8 мың шаршы метр мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үй (5900 пәтер) пайдалануға беру көзделіп отыр;
      осымен қатар, жеке инвестициялар есебінен жыл сайынғы көлемі 67 мың шаршы метр (550 пәтер) жалға берілетін (коммерциялық) тұрғын үй салу көзделіп отыр;
      21 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы - 5 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 7 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 9 млн. шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға беру болжанып отыр;
      жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген 98 мыңнан астам жер учаскелері, оның ішінде 39 мыңнан астам учаскелер әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың күшімен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады;
      80 мыңнан астам адам үшін жаңа жұмыс орындары ашылады;
      4,4 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы - 2 млн. шаршы метр, 2009 жылы - 1,1 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 1,3 млн. шаршы метр коммерциялық тұрғын үй салынатын болады;
      қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулеттік бейнесі жақсарады;
      құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салықтарды, оның ішінде жылжымайтын мүлікке салынатын салықты, құрылыс саласының қызметкерлерінен түсетін табыс салығын жинау ұлғаяды;
      құрылыс материалдары өнеркәсібі, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсібін өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайластыру бұйымдарын шығаруды арттыру есебінен сабақтас салаларда мультипликативтік тиімділік күтілуде.