"Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредитті беру шарттарын анықтау туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 402 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 743 Қаулысы

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын 2008 жылғы вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында Кайраққұм су қоймасына жеткізуші каналдарды тазалау үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 50000000 (елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов