Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
2.
1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі
N 314 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасары мен комиссия мүшелерінен тұрады.
4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары
5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешімдерді тұжырымдау мен қабылдау Мемлекеттік комиссияның міндеттері болып табылады.
6. Мемлекеттік комиссия осы міндеттерді орындау үшін:
1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізеді және тиімділігін бағалайды;
2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының есептерін қарайды;
3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық органдардың және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады.
3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
8. Мемлекеттік комиссия отырыстарының оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңдық құқығы болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына оның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
11. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды және оның отырыстарына төрағалық етуді Мемлекеттік комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
12. Төраға орнында болмағанда оның міндеттерін оның тапсырмасы бойынша төраға орынбасарларының бірі атқарады.
13. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
14. Мемлекеттік комиссия жұмыс нәтижелері жайлы Қазақстан Республикасының Президентіне жылына кем дегенде екі рет баяндап тұрады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі
N 314 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007.10.24 N 427; 2008.05.15 N 591; 2008.11.12 N 689;
2009.02.19 N 744; 2009.05.22 N 815; 2009.06.08 N 817 Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Бишімбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы көмекшісі, төрағаның орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда министрі
Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы
Комиссия мүшелері:
Мирчев Александр - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
АҚ директорлар кеңесінің мүшесі
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің бірінші орынбасары
Эванс Ричард - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
АҚ директорлар кеңесінің мүшесі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының
Бақыт Тұрлыханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Сағадиев - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісінің депутаты