Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 ақпандағы N 744 Жарлығы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 42, 465-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына енгізілсін:

Сағадиев                       - Қазақстан Республикасының Парламенті
Кенжеғали Әбенұлы                Мәжілісінің депутаты.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев