Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
және республикалық баспасөзде   
жариялануға тиіс         

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
      2) Мемлекеттік комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.12.22 N 204 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-тоқсанда "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 сәуірдегі
N 314 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасары мен комиссия мүшелерінен тұрады.
      4. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

2. Мемлекеттік комиссияның міндеттері мен функциялары

      5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде шешімдерді тұжырымдау мен қабылдау Мемлекеттік комиссияның міндеттері болып табылады.
      6. Мемлекеттік комиссия осы міндеттерді орындау үшін:
      1) Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру жөнінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қабылдайтын шараларға мониторинг жүргізеді және тиімділігін бағалайды;
      2) мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының есептерін қарайды;
      3) өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды орталық органдардың және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан сұратады.

3. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Мемлекеттік комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      8. Мемлекеттік комиссия отырыстарының оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңдық құқығы болады. Мемлекеттік комиссияның мүшелері оның отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.
      9. Мемлекеттік комиссияның шешімдері оның отырысқа қатысушы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      9-1. Мемлекеттік комиссияның алдына қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында оның шешімдерімен Мемлекеттік комиссияның жанынан жұмыс топтары құрылады.
      Ескерту. 3-бөлім 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.09.10 N 1056 Жарлығымен.
      10. Мемлекеттік комиссияның отырыстарына оның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      11. Мемлекеттік комиссияның қызметіне басшылық жасауды және оның отырыстарына төрағалық етуді Мемлекеттік комиссияның төрағасы жүзеге асырады.
      12. Төраға орнында болмағанда оның міндеттерін оның тапсырмасы бойынша төраға орынбасарларының бірі атқарады.
      13. Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы  Экономикалық даму және сауда министрлігі болып табылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.09.10 N 1056 Жарлығымен.
      14. Мемлекеттік комиссия жұмыс нәтижелері жайлы Қазақстан Республикасының Президентіне жылына кем дегенде екі рет баяндап тұрады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2007 жылғы 13 сәуірдегі
N 314 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

      Ескерту. Дербес құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.12.22 N 204 Жарлығымен.

   Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері
               жөніндегі мемлекеттік комиссияның
                             ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы         Кеңестің төрағасы

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы         көмекшісі, төрағаның орынбасары

                       Комиссия мүшелері:

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Исекешев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы           орынбасары - Қазақстан Республикасының
                          Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қайрат Нематұлы           және сауда министрі

Құлыбаев                - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Мирчев Александр        - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                          акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                          мүшесі

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          бірінші орынбасары

Эванс Ричард            - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                          акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің
                          мүшесі