"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2. Қоса беріліп отырған "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы
6 шілдедегі N 1605
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
1. Осы Ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
2. АЭА:
тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда, дайын бұйымдар өндірісін дамыту;
Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру;
дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркілерін өндірушілерді тарту;
жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр-түрін көбейту мақсатында құрылады.
3. АЭА-ның аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) мақта-мата жіптерін және тоқыманың барлық түрін дайындау;
2) тоқыма өндірісі;
3) әрлеу-бояу өндірісі;
4) дайын тоқыма бұйымдарын өндіру;
5) трикотаж және шұлық-ұйық бұйымдарын өндіру;
6) трикотаж пуловер, кардиган және соған ұқсас бұйымдарды өндіру;
7) арнайы киім шығару;
8) сырт киім шығару;
9) іш киім шығару;
10) өзге де киімдер мен керек-жарақтар шығару;
11) бизнес-жоспарларды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді, АЭА-ның аумағын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтитын АЭА-ның қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру.
4. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының
Конституциясымен
, "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңымен
, осы
Ережемен
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы
заңнамасында
көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесі қолданылады.
2. АЭА-ны басқару және атқарушы органның өкілеттіктері
5. АЭА-ны басқаруды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган құру жолымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жүзеге асырады.
6. Атқарушы орган мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі болады, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды алуы, сотта қуынушы және жауапкер болуы мүмкін, сондай-ақ өз атауы жазылған елтаңбалық мөрі және басқа да қажетті деректемелері болады.
7. Атқарушы орган:
АЭА-ны дамыту стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады;
АЭА-ның аумағындағы мемлекеттік және өзге де органдардың өзара ic-қимылын қамтамасыз етеді;
АЭА-ны дамыту және оны құру мақсаттарына қол жеткізу үшін отандық және шетелдік инвестициялар, сондай-ақ кредиттік қаражат тартуды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. АЭА-ның аумағындағы салық салу
8. АЭА-ның аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
9. АЭА-ның аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан, онда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес
еркін кедендік аймақтың кедендік режимі
әрекет ететін аумақ ретінде қаралады. АЭА-ның шекарасы оның периметрі бойынша арнайы қоршаумен жабдықталады.
10. АЭА-ның аумағында
кедендік ресімдеу
мен бақылау Қазақстан Республикасының
кеден заңнамасында
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. АЭА-ны құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар тізбесі:
АЭА-ның аумағында жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектілер салуға және оларды пайдалануға беруге қажетті машиналар, жабдықтар, тауарлар мен материалдар;
тауарларды жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес өңдеуге арналған тауарлар (акцизделетін тауарларды қоспағанда);
осы Ереженің
3-тармағында
көрсетілген негізгі қызмет түрлеріне сәйкес өндірісті қамтамасыз етуге қажетті машиналар мен тетіктер, жабдықтар, арнайы жасалған автомобильдер, материалдар, тауарлар мен жартылай өнімдер;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және тоқыма саласындағы өндірісті ұйымдастыру үшін қажетті тауарлар мен материалдар.
12. 11-тармақта көрсетілген тауарлар номенклатурасын Еуразия экономикалық қоғамдастығы Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
13. АЭА-ның аумағында осы
Ережеге
сәйкес негізгі қызмет түрлеріне сай АЭА-ны құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарлар мен жабдықтарды сақтауды, пайдалануды қамтамасыз ету, қайта өңдеу және пайдалану жөнінде операциялар жасауға жол беріледі.
5. Шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың
АЭА-ның аумағында болу тәртібі
14. АЭА-ның аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзиті мен болу тәртібі қолданылады.
15. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзгертілуі мүмкін.
16. АЭА "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңында
көзделген негіздемелер бойынша таратылады.
17. АЭА-ны тарату рәсімін атқарушы орган жүзеге асырады.
18. Құрылу мерзімінің аяқталуына байланысты АЭА-ны тарату кезінде атқарушы орган:
көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оның таратылуына байланысты арыздар мен талап-өтініштерді қабылдаудың тәртібі мен мерзімдері туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялайды;
АЭА-ның аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға оның аумағындағы тауарларды өзге кедендік режимге қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;
АЭА таратылғаннан кейін бip ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп ұсынады.
19. АЭА-ны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрып тарату осы Ереженің 16-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып, алты ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс.
20. Осы Ережемен реттелмеген АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.