"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      1. 2030 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.10.23 N 683 Жарлығымен.
      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті



  Қазақстан Республикасы
Президентінің 2005 жылғы
6 шілдедегі N 1605
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2005 жылғы 6 шілдедегі
№ 1605 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы
индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің
дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.