"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1605 Жарлығы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының мақтаны қайта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Z1100000469 қараңыз

      1. 2030 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңге "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.10.23 N 683 Жарлығымен.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
      2) «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасы  
Президентінің 2005 жылғы 
6 шілдедегі N 1605    
Жарлығымен       
БЕКІТІЛГЕН       

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының аумағында орналасқан.
      АЭА-ның аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
      2. АЭА:
      1) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру үшін өңірдің жеделдетіле дамуы, аса тиімді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, жаңа өнімдер түрін шығаруды игеру, инвестициялар тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқару және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу, сондай-ақ әлеуметтік проблемаларды шешу;
      2) Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өндірісі кәсіпорындарын, тоқыма және тігін өнеркәсібін дамыту;
      3) тоқыма өнеркәсібін дамыту;
      4) тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркалары өндірушілерін тарту;
      5) жоғары технологиялық өндірістер құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту және түр-түрін көбейту мақсаттарында құрылады.
      3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
      4. АЭА аумағындағы басым қызмет түрлері:
      1) киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдары өндірісі;
      2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдары өндірісі;
      3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім өндірісі;
      4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар өндірісі;
      5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар өндірісі;
      6) кілемдер мен кілем бұйымдары өндірісі;
      7) ағаш ұнтағы массасы мен целлюлоза өндірісі;
      8) қағаз және қатырма қағаз өндірісі;
      9) теріні енінен тілу мен илеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімі өндірісі;
      10) жазу қағазы бұйымдары өндірісі болып табылады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 31.07.2014 № 872 Жарлығымен.

2. АЭА-ны басқару

      5. АЭА-ны басқару «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы  21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. АЭА-ның аумағында салық салу

      6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледi.

4. Кедендiк реттеу

      7. АЭА аумағындағы кедендiк реттеу Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi АЭА-ның аумағында немесе оның аумағының бір бөлігінде қолданылуы мүмкін.
      9. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен АЭА-ға қатысушы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес АЭА аумағында қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар АЭА аумағына орналастыруға және (немесе) пайдалануға арналған тауарларды орналастырады.
      10. Еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмi қолданылатын АЭА аумағы кедендiк бақылау аймағы болып табылады. Кедендiк бақылау жүргiзу мақсатында АЭА шекаралары оның периметрi бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жайластырылады және жабдықталады.
      11. АЭА аумағында Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен тауарларды уақытша сақтау орындары құрылуы мүмкiн.
      12. АЭА аумағында еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар, сондай-ақ еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылмаған Кеден одағының тауарлары және өзге де кедендiк рәсiмдермен орналастырылған шетелдiк тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкiн.
      13. АЭА аумағына әкелiнген және еркiн кедендік аймақтың кедендiк рәсiмiмен орналастырылған тауарлар кедендiк баждарды, салықтарды, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсаттары үшiн Кеден одағының кедендiк аумағынан тыс жерде орналасқан тауарлар ретiнде қаралады.
      14. Тауарларды уақытша сақтауға, кедендiк декларациялауға, кедендiк тазартуға және шығаруға, сондай-ақ АЭА аумағында кедендiк бақылау жүргiзуге байланысты кедендiк операциялар Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

5. Қоршаған ортаны қорғау

      15. Экологиялық реттеу бөлiгiндегі АЭА қызметі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмiр сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық аспектiлерiнiң теңгерiмi негiзiнде тұрақты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшiн жағдай жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиiмдi пайдалануға негiзделедi.

6. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережеде белгiленген шарттар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен өзгертiлуi мүмкiн.
      17. АЭА-ны мерзiмiнен бұрын тарату «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      18. АЭА-ның осы Ережемен реттелмеген қызметi Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 6 шілдедегі      
№ 1605 Жарлығымен бекітілген   
«Оңтүстік» арнайы экономикалық  
аймағы туралы ережеге       
ҚОСЫМША              

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы аумағының
ЖОСПАРЫ

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы = 200 га

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2005 жылғы 6 шілдедегі
№ 1605 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН     

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы
индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің
дағдарысты деңгейі

      Ескерту. Ереже қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 2012.12.29 № 457 Жарлығымен.


р/с

Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)

Өлшем бірлігі

Базалық кезең (2012 жыл)

2015 жылға қарай қол жеткізу

2020 жылға қарай қол жеткізу

2025 жылға қарай қол жеткізу

2030 жылға қарай қол жеткізу

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

нысаналы индикатор

дағдарысты деңгейі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Жалпы инвестиция көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

26,1

32,8

27,1

38,6

32,8

43,5

38,6

51,2

43,5

1)

шетелдік инвестиция көлемі

млрд. теңге

-

2,3

1,0

4,5

2,3

5,1

4,5

7,3

5,1

2)

отандық инвестиция көлемі

млрд. теңге

26,1

30,5

26,1

34,1

30,5

38,4

34,1

43,9

38,4

2.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында тауарларды және қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

0,8

9,8

5,2

18,8

9,8

36,8

18,8

45,8

36,8

3.

Өңір экономикасының шикізаттық емес секторында инвестициялардың жыл сайынғы өсімі (өңдеуші өнеркәсіп)

%

0,075

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

0,3

0,15

4.

Қатысушылар саны

компаниялар

5

7

5

10

7

12

10

15

12

5.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында құрылатын жұмыс  орындарының саны

адам

484

3 000

1 500

3 500

3 000

4 200

3 500

5 000

4 200

6.

Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

70

70

30

70

30

70

30

70

30

7.

Арнайы экономикалық аймағының аумағында жалпы өндiрiс көлемiндегi өнiм экспортының үлесі

%

50

50

30

50

30

50

30

50

30