"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 384 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2005.05.18.
N 1575
, 2007.04.17. N
317
жарлықтарымен.
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санын бекітсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат);
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі он күн мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қарауға енгізсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 31 наурыздағы
N 1327 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2005.03.04. N 1524 , өзгерту енгізілді - 2006.01.28. N 51 , 2006.04.19. N 97 , 2007.04.17. N 317 жарлықтарымен.
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары мен
орынбасарлары
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Президент көмекшілері
Президент Кеңсесі
Президент кеңесшілері
Ақпараттық-талдау орталығы
Жалпы бөлім
Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Заңнама және құқықтық сараптау бөлімі
Кадр саясаты бөлімі
Құқық қорғау мен сот жүйелері мәселелері бөлімі
Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттандыру бөлімі
Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі
Қаржы, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Президенттің Парламенттегі өкілдігі
Президенттің Баспасөз қызметі
Президент Протоколы
Қазақстан халықтары Ассамблеясының хатшылығы
Мемлекеттік хатшының хатшылығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері
және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның хатшылығы
Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы
Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы
Әлеуметтік-саяси бөлім
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі
Сыртқы саясат орталығы