Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 мамырдағы N 1575 Жарлығы

Президент пен Үкімет   
актілерінің жинағында  
(ПҮАЖ) жариялануға тиіс 

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 1327  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 15, 184-құжат; N 48, 591-құжат; 2005 ж., N 6, 49-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармағында "36" деген цифрлар "376" деген цифрларымен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті