"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат санын бекітсін.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 11 ақпандағы N 806 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 20, 201-құжат);
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы N 939 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі он күн мерзімде бұрын шығарылған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қарауға енгізсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2004 жылғы 31 наурыздағы
N 1327 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
ҚҰРЫЛЫМЫ
Ескерту. Құрылымға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентiнiң 2004.12.01. N 1478 Жарлығымен.
Президент Әкімшілігінің Басшысы
Президенттің көмекшілері
Президент Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары мен
орынбасарлары - басқарма бастықтары
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Президенттің кеңесшілері
Президент Кеңсесі
Ішкі саясат басқармасы
Ұйымдастыру-бақылау жұмысы мен кадр саясаты басқармасы
Мемлекеттік-құқық басқармасы
Экономикалық саясат басқармасы
Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығы
Президент Протоколы
Президенттің Баспасөз қызметі
Президенттің Парламент Сенатындағы өкілдігі
Президенттің Парламент Мәжілісіндегі өкілдігі
Президенттің Алматы қаласындағы арнаулы өкілі
Президенттің "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы арнаулы өкілі
Сыртқы саясат орталығы