Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 317 Жарлығы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161 (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      Клиникалық ординатураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 963  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3304 тіркелген, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 147-148 (881-882)»"Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген»"Клиникалық ординатураға қабылдаудың үлгі ережесінде:
      14-тармақта:
      "15 қыркүйектен 5 қазанға дейін" деген сөздер»"1 шілдеден 20 шілдеге дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Клиникалық ординатураға түсу емтихандары тамыздың 5-нен 20-на дейін, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (К.А. Құрманәлиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр