"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Мемлекеттiк мекеме - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет), оған таратылатын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының функциялары және мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiгi берiле отырып, құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат; 2001 ж., N 4-5, 43-құжат; 2002 ж., N 26, 272-құжат; N 45, 445-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөнiндегi комитет 107
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу
жөнiндегi комитеттiң аумақтық органдары 534";
"Қазақстан Республикасы Прокуратурасының
қарауындағы мемлекеттiк мекемелер
Құқықтық статистика және ақпарат орталығы 641"
деген жолдар алынып тасталсын.
4. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
1) өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
) Комитет қызметiн қаржыландыруды республикалық бюджет қаражатының есебiнен қамтамасыз етсiн;
3) Осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құзыретi шегiнде құқықтық статистиканы түзу және арнайы есепке алуды жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк органның функциялары мен өкiлеттiгiн жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитеттің Астана, Алматы қалаларында және облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.27 № 105 Жарлығымен.4. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады, оның мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi және мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ бюджеттiк шоттары, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен көзделген жағдайларда басқа да шоттары болады.
5. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түceдi.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған осы уәкiлеттiк берiлсе, Комитеттiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар тарапы ретiнде қатынасуына құқығы бар.
6. Комитеттiң құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.06.27 № 105 Жарлығымен.9. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
10. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
11. Комитеттiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын мiндеттердi орындауына байланысты кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кiрiс келтiретiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, одан алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
2. Комитеттiң функциялары мен мiндеттерi
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi болып:
1) бiрыңғай статистикалық принциптер мен стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртібiнiң жай-күйi туралы мемлекеттiк органдарды, заңды және жеке тұлғаларды тиiмдi және жеткiлiктi ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенi жетiлдiру мен дамыту танылады.
13. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мынадай функцияларды:
1) мемлекеттiк құқықтық статистиканы түзу;
2) құқықтық статистика ақпаратын жинақтау, жүргiзу және өңдеу;
3) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есеп жүргізу;
4) құқықтық статистика мәселелерi бойынша статистикалық байқаулар жүргiзу;
5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру;
6) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпараттық-талдау қызметтi жүзеге асыру;
7) шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде өткiзiлетiн барлық тексерулердiң бiрыңғай статистикалық есебiн жүргiзу;
7-1) тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуді жүзеге асыру барысында бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын заңсыз тексерулерден тексерілетін субъектілер, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;
8) аумақтық органдар жұмысына басшылық пен бақылау жасау, оларға есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау, қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыруға практикалық әрі әдістемелік көмек көрсету;
9) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау;
10) жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
10-1) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу;
10-2) мемлекеттік органдарға жасалған өтініштерінің қабылдану, тіркелу, қаралу және шешілу сатысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.06.27 № 105 Жарлығымен.3. Комитеттiң құқықтары мен мiндеттерi
14. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) статистикалық деректер мен арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн құқықтық статистика субъектiлерi мен басқа да мемлекеттiк органдардан құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi жөнiнде статистикалық және талдау ақпаратын, құқықтық мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын өтеусiз алуға;
2) құқықтық статистика субъектiлерiнен бастапқы есепке алу және есептiлiк актiлерiнiң толықтығы мен сенiмдiлiгiн, олардың Қазақстан Республикасы Бас прокурорының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мерзiмде ұсынылуын талап етуге;
3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері табыс ететін құқықтық статистикалық ақпараттың толықтығына, сенімділігіне және нақтылығына бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;
4) статистикалық жинақтардың шығарылуын ұйымдастыруды және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсатында өзгедей пайдалануға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2011.06.27 № 105 Жарлығымен.15. Комитет Өз құзыретi шегiнде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау ақпаратымен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi;
3) мемлекеттiк құпияларды құрайтын алынған мәлiметтердiң және заңмен қорғалатын құпияның сақталуын;
4) ақпараттық жүйелердiң рұқсатсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектiлерi туралы мәлiметтердiң бүлiнуден немесе жоюдан қорғалуын;
5) құқықтық статистиканы түзуде және арнайы есепке алуды жүргiзуде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
4. Комитеттiң мүлкi
16. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.
17. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
18. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен айыруға немесе өзге де жолмен иеленуге құқығы жоқ.
5. Комитет қызметiн ұйымдастыру
19. Комитеттi Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының орынбасарлары болады, оларды Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Комитет Төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды, оның аумақтық органдарының қызметiне бақылауды жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн дербес жауапты болады.
Төраға осы мақсатта:
1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет пен оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Комитет пен оның аумақтық органдарының қызметкерлерiн көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жазалар белгiлеу мен алып тастау мәселелерiн шешедi;
4) Комитеттiң атынан мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда өкiлдiк етедi;
5) Комитеттiң қызметi туралы Бас прокурорды хабардар етедi;
6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының ережелерiн бекiтедi;
7) бекiтiлген құрылым мен мөлшер шегiнде штат кестесiн бекiтедi;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
21. Комитет консультациялық-кеңесшi органдарды, соның iшiнде комиссиялар мен жұмыс топтарын құрады.
6. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату
22. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 28 наурыздағы N 1050 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң
құрылымы
Басшылық
Ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
Талдау және құқықтық реттеу жұмысы басқармасы
Құқықтық статистиканы түзу басқармасы
Арнайы есепке алу басқармасы
Қаржы және бухгалтерлiк есеп басқармасы