Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 105 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 130-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке aлу жөніндегі комитеті туралы Ережеде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комитеттің Астана, Алматы қалаларында және облыстарда құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармалары және оларға теңестірілген мамандандырылған бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық органдар) болады, олар өз қызметінде Комитет төрағасына бағынады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 34.»;
      13-тармақтың:
      5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеуді жүзеге асыру барысында бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын заңсыз тексерулерден тексерілетін субъектілер, соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;»;
      8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) аумақтық органдар жұмысына басшылық пен бақылау жасау, оларға есепке алу, статистикалық, ақпараттық, талдау, қадағалау және бақылау қызметін жүзеге асыруға практикалық әрі әдістемелік көмек көрсету;»;
      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10-1) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу;
      10-2) мемлекеттік органдарға жасалған өтініштерінің қабылдану, тіркелу, қаралу және шешілу сатысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;»;
      14-тармақтың:
      3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері табыс ететін құқықтық статистикалық ақпараттың толықтығына, сенімділігіне және нақтылығына бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                   Н. Назарбаев