Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 24 қыркүйек N 951

Жаңартылған

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88  Жарлығына
      Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде: 
      6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын; 
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi"; 
      17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын; 
      21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;";
      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына:
      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн;
      Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын;
      Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары";
      2) күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.10.12. N 201 Жарлығымен;
      3) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 152 Жарлығымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі);
      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 16-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi болып табылады".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің  2006.10.12. N 201; 29.12.2015 № 152 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
            Президенті