Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 24 қыркүйек N 951

Қолданыстағы

      Қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 20 наурыздағы N 88 Жарлығына :
      Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi туралы Ережеде:
      6-тармақ "ұсынуы бойынша" деген сөздiң алдынан "ұсыныстары ескерiле отырып, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы құрылымы мен штатын белгiлейтiн Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшылығы қамтамасыз етедi";
      17-тармақтағы және 21-тармақтың 2) тармақшасындағы тиiсiнше "мен Талдау орталығы", "және Талдау орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;
      21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Мемлекет басшысының ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қызметiн ақпараттық және талдау материалдарымен қамтамасыз етуге қатысады;";
      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына:
      Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы Омархан Нұртайұлы Өксiкбаев Кеңес құрамына енгiзiлсiн;
      Марат Мұхамбетқазыұлы Тәжин Кеңес құрамынан шығарылсын;
      Александр Сергеевич Павловтың лауазымы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Бiрiншi орынбасары";
      2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 16 шiлдедегi N 173 Жарлығына :
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколына:
      N 1 қосымшада:
      рет нөмiрi 13-iншi жол алынып тасталсын;
      рет нөмiрi 24-1 жолмен толықтырылсын:
      "24-1. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы";
      N 2 қосымшада:
      рет нөмiрi 16-ыншы жол алынып тасталсын;
      рет нөмiрi 26-1 жолмен толықтырылсын:
      "26-1. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы";
      3) "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы; 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұлттық қауiпсiздiк мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы, оның орынбасарлары" деген жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi елшiлерi" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк Кеңесiнiң Хатшысы, оның орынбасарлары";
      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 2 сәуiрдегi N 839 Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 92-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтауы мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ереженiң 16-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк-құқық бөлiмi болып табылады".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті