Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 21 сәуір N 378

Жаңартылған

     Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже;
     2) <*>
     Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003.08.18. N 1167 жарлығымен .
     2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
     1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600
Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 436-құжат):
     3-тармақтың 1) тармақшасы "есепті" деген сөзден кейін "және тікелей бағынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
     4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын;
     2) <*>
     Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002.02.11. N 805 жарлығымен .
     3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
     1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы N 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы N 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 88-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы N 3692 Жарлығының 2-тармағы;
      3) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 4034  Жарлығының 3-тармағының екінші абзацы, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары.
     4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде бұрын қабылданған актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Президенті

Қазақстан Республикасы     
Президентінің         
2000 жылғы 21 сәуірдегі    
N 378 Жарлығымен       
бекітілген          

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (бұдан әрі - Президенттің Іс Басқармасы) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, заңдарда белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, саяси мемлекеттік қызметшілердің, Парламент депутаттарының қызметін қамтамасыз етуді және осы Ережеде белгіленген мемлекеттік органдар мен олардың аппараттары қызметкерлерінің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Президенттің Іс Басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Президенттің Іс Басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Президенттің Іс Басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Президенттің Іс Басқармасының, егер оған заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Президенттің Іс Басқармасының құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді .
      Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволары болады: Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы. <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2004.03.17. N 1308 жарлығымен .
      5. Президенттің Іс Басқармасының орналасқан жері: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.14. N 803 Жарлығымен.
      6. Мемлекеттік тілдегі толық атауы - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы.
      Орыс тіліндегі толық атауы - Управление Делами Президента Республики Казахстан.

2. Президенттің Іс Басқармасының негізгі міндеттері,
функциялары мен құқықтары

      7. Президенттің Іс Басқармасының негізгі міндеттері:
      Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің, Премьер-Министрдің, Парламент Сенаты Төрағасының, Парламент Мәжілісі Төрағасының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету; Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Парламент депутаттарының, Парламент Палаталары аппараттары басшыларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттары қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету; Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Республика Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ Республика Президентінің келісімімен Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көлікпен және медициналық қамтамасыз ету;
      Президент Әкімшілігінің, Парламенттің, Премьер-Министр Кеңсесінің, сондай-ақ Республика Президентінің келісімімен өзге де мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін органдар) қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы өткізетін кеңестерді, конференциялар мен басқа да арнаулы іс-шараларды қаржыландыру, материалдық-техникалық, медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен қызмет көрсету және оларды ақпараттық қолдау;
      Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының қатысуымен өткізілетін ресми іс-шаралар мен делегацияларға қызмет көрсетуді, соның ішінде медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      ведомстволық қарасты және өзге де кәсіпорындарда қажетті өнімдер өндіруді және қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      әкімшілік, өндірістік бағыттағы объектілерді, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы объектілерді жобалауды, салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Президенттің Іс басқармасы бекітетін тізбе бойынша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.14. N 803 Жарлығымен.
      8. Президенттің Іс Басқармасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдардың қызметіне қажетті жағдайлар туғызу мақсатында ведомстволар мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жұмысына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асырады;
      республикалық бюджет қаражаты есебінен шығыстар сметасын әзірлейді және бекітеді, осы қаражаттың қызмет көрсетілетін органдар, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсіпорындар бойынша жұмсалу лимиттерін анықтайды, бұл шығыстарды қаржыландыруды жүзеге асырады;
      белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз етуді, автокөлік пен өзге де техника сатып алуды және жөндеуді ұйымдастырады;
      қызмет көрсетілетін органдарда ақпараттандыру процесіне мониторинг пен кешенді талдауды жүзеге асырады;
      қызмет көрсетілетін тұлғаларға медициналық, дене мәдениеті - сауықтыру және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді;
      Президенттің Іс Басқармасының қарауындағы объектілердің санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бақылауын және қауіпсіздігін ұйымдастырады;
      Президенттің Іс Басқармасының қарауындағы ведомстволардың, ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың қаржылық қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      күрделі құрылыстың, күрделі жөндеудің ағымдық және болашақ бағдарламалары мен жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлейді және бекітеді, ведомстволық қарасты кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың объектілерін салуды, қайта жаңартуды ұйымдастырады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы объектілерді жобалау мен салуды ұйымдастырады;
      заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тапсырысты орналастырады және мемлекеттік тапсырысқа бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      Президенттің Іс Басқармасының қарауындағы ведомстволық қарасты кәсіпорындар мен басқа да ұйымдардың шарттық-құқықтық жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
      негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында өзінің қарауындағы, сондай-ақ ведомстволық қарасты ұйымдардың қарауындағы объектілерді қайта жаңарту, салу және дамыту үшін инвесторларды тартады;
      бухгалтерлік есеп жүргізу жөнінде әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді және ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдарда есеп пен есептіліктің жай-күйін бақылайды;
      Президенттің Іс Басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      қызмет көрсетілетін тұлғалар мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Парламент Палаталары аппараттарының және Республика Президентінің келісімімен басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін белгіленген тәртіппен шешеді және ресімдейді;
      Президенттің Іс Басқармасының құзыретіне жататын мәселелерді шешу жөнінде мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен сапалы және уақтылы қамтамасыз етуге бағытталған көлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
      тапсырыс беруші Президенттің Іс басқармасы болып табылатын объектілердің құрылысын техникалық қадағалауды ұйымдастырады, құрылысы аяқталған және пайдалануға дайындалған объектілерді қабылдауға қатысады және мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынады;
      Президенттің Іс басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітіліп берілген үй-жайларды, жабдықтар мен өзге де мүлікті, сондай-ақ маңайындағы аумақты дұрыс күтіп ұстауды ұйымдастырады;
      оның қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      қоғамдық тамақтандыруды, дене шынықтыру-сауықтыру, мәдени және әлеуметтік іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ Президенттің Іс басқармасының қарамағындағы ғимараттарда қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      қызмет көрсетілетін тұлғаларды ведомстволық қарасты ұйымдардың санаторлық-курорттық бағыттағы объектілеріне сауықтыруға және демалуға жіберуді ұйымдастырады, аталған ұйымдардың көрсететін қызметтерінің тарифтерін бекітеді;
      заңдармен өзіне жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.14. N 803 Жарлығымен.
      9. Президенттің Іс Басқармасы өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай құқықтарды иеленеді:
      Президенттің Іс Басқармасының құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар, заңды және жекелеген тұлғалардан барлық қажетті ақпаратты, анықтамалық деректерді сұрату;
      ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаражатын инвестициялық жобаларды дайындауға және іске асыруға бағыттау;
      республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органы және мемлекеттік мекемелердің құрылтайшысы болу, олардың жарғыларын бекіту, оларға қатысты мемлекеттік меншік субъектісінің функцияларын жүзеге асыру;
      мемлекеттік үлес пен заңды тұлғалардың акция топтамаларын иелену, пайдалану және басқару;
      ведомстволық қарасты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;
      ведомстволық қарасты кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге бекітілген, сондай-ақ белгіленген тәртіппен өзге де тұлғаларға берілген мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуы мен сақталуын бақылау;
      Президенттің Іс Басқармасының келісімімен тағайындалатын ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдар қызметкерлерінің номеклатурасын бекіту;
      ведомстволық қарасты ұйымдармен оларға бекітілген мемлекеттік мүлікті пайдалану талаптары туралы шарт жасасу;
      ведомстволық қарасты ұйымдардың қызметін жоспарлау және бекітілген жоспарлардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      өзінің қарамағындағы объектілерді қайта жаңарту мен салу үшін, сондай-ақ басқа да мақсаттар үшін инвесторларды тарту;
      Президенттің Іс басқармасының негiзгi қызметiн орындаумен байланысты халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiсiмдер мен шарттар жасасу; <*>
      пайдалылығына қол жеткізу мақсатымен ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде барлық қажетті шараларды қолдану, соның ішінде, олардың көрсететін ақылы қызметінің тізбесін бекіту, кәсіпкерлік қызметінің нәтижелеріне талдау жасау, тексерулер мен құжаттамалық тексерістер жүргізу;
      басқа заңды тұлғаны құру, сондай-ақ оған белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану және басқару құқығы берілетін жағдайда, құрылтайшысы (қатысушысы) болу;
      қызмет көрсетілетін органдардың компьютерлік жүйелерінде ақпараттық-техникалық қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      қызмет көрсетілетін органдарда ақпараттық технологиялардың қолданылуын есепке ала отырып, олардың даму болашағын болжау және зерделеу;
      өзіне ведомстволық қарасты ұйымдарға оларға бекітіліп берілген жылжымайтын мүлікті жалға беруге рұқсат береді;
      заңдарда өзіне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.08.24. N 1425 , 2009.05.14. N 803 Жарлықтарымен.

3. Президенттің Іс Басқармасының мүлкі

      10. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
      Президенттің Іс Басқармасының мүлкі өзіне мемлекет берген мүлік есебінен түзіледі және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ оның құны балансында көрсетілетін өзге мүліктен тұрады.
      11. Президенттің Іс Басқармасының мүлкі республикалық меншікке жатады.
      Президенттің Іс Басқармасына заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

4. Президенттің Іс Басқармасының қызметін ұйымдастыру

      12. Президенттiң Iс басқармасына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқарушысы басшылық етедi, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды, қызметтен босатады және ол оның тiкелей басшылығымен жұмыс iстейдi.
      Президенттiң Іс басқарушысының орынбасарлары болады, оларды Мемлекет басшысы Президенттiң Іс басқарушысының ұсынысы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Президенттiң Іс басқарушысы болмаған кезде оның мiндеттерiн Президенттiң Іс басқарушысы белгілейтiн орынбасарларының бiрi атқарады. <*>
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2004.08.24. N 1425 жарлығымен .
      13. Президенттің Іс Басқарушысы Президенттің Іс Басқармасының жұмысын ұйымдастырады, басқарады және Президенттің Іс Басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
      Президенттің Іс Басқарушысы осы мақсатта:
      1) өзінің орынбасарының, аппарат басшысының және Президенттің Іс Басқармасының ведомстволары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      1-1) Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасы туралы Ереженi бекiтуге ұсынады, Президенттiң Іс басқармасының құрылымы және штат саны бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      2) заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен Президенттің Іс Басқармасы аппарат басшысын, ведомстволарының басшылары мен олардың орынбасарларын, қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2-1) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды аттестаттаудан өткізеді;
      3) Президенттің Іс Басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңдарда белгіленген тәртіппен Президенттің Іс Басқармасының қызметкерлеріне, Президенттің Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;
      5) бұйрықтар шығарады, нұсқаулықтар мен ережелердi бекiтедi, Президенттiң Iс басқармасы әзiрлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына қолбелгi қояды;
      5-1) тиiстi мемлекеттiк органдар келiсуге енгiзетiн нормативтiк құқықтық актілердiң жобаларына өз өкiлеттiктерiне сәйкес қолбелгi қояды;
      6) Президенттiң Іс басқармасының штат кестесiн бекiтедi, оған бекiтiлген штат саны шегiнде өзгерiстер енгiзедi;
      7) Президенттің Іс Басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      8) белгіленген тәртіппен Президенттің Іс Басқармасының ведомстволары туралы ережелерді, ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жарғыларын, еңбекақы төлеу қорын және ведомстволық қарасты кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдар басшыларының қызметтік жалақысын бекітеді;
      8-1) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын бекітеді;
      9) белгіленген тәртіппен Президенттің Іс Басқармасының қарауындағы объектілердің күрделі құрылысына, қайта жаңартуға және күрделі жөндеуге арналған сметаларды, жобаларды, титулдық тізімдерді бекітеді;
      10) Президенттің Іс Басқармасының және ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жұмыс жоспарларын бекітеді;
      11) ведомстволық қарасты кәсіпорындар көрсететін қызметтердің тізбесін және олардың бағасын бекітеді;
      12) Президенттің Іс Басқармасының ведомстволары мен ведомстволық қарасты кәсіпорындардың штат кестесін және шығыстар сметаларын белгілейді;
      13) Президенттің Іс Басқармасы атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілеттік етеді;
      14) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді  - ҚР Президентінің 2004.08.24. N 1425 , 2006.10.20. N 206 , 2009.05.14. N 803 Жарлықтарымен.

5. Президенттің Іс Басқармасын қайта ұйымдастыру
және тарату

       14. Президенттің Іс Басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.