Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1308 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1227 Қаулысымен.

      1998 жылғы 6 наурыздағы Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.22 N 1082, 2010.11.06 N 1168 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі