ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40 құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат; 2004 ж., N 12, 150-құжат; N 30, 399-құжат; 2006 ж., N 39, 429-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы
ережедегі
:
5-тармақтағы
"Бигелдинов көшесі, 78" деген сөздер "Орынбор көшесі, 8" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта
:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің, Премьер-Министрдің, Парламент Сенаты Төрағасының, Парламент Мәжілісі Төрағасының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету; Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, Парламент депутаттарының, Парламент Палаталары аппараттары басшыларының, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Палаталары аппараттары қызметкерлерінің қызметін материалдық-техникалық, көлікпен және медициналық қамтамасыз ету; Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот төрағаларының, Бас прокурордың, Ұлттық Банк, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкімдерінің, Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Республика Конституциялық Кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ Республика Президентінің келісімімен Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін тұлғалар) қызметін көлікпен және медициналық қамтамасыз ету;";
төртінші абзацта:
"Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының төрағалары" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"және қызмет көрсету" деген сөздер "мен қызмет көрсету және оларды ақпараттық қолдау" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзац "ресми іс-шаралар" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының қатысуымен өткізілетін" деген сөздермен толықтырылсын.
алтыншы абзац "өндіруді" деген сөзден кейін "және қызмет көрсетуді" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"әкімшілік, өндірістік бағыттағы объектілерді, тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы объектілерді жобалауды, салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Президенттің Іс басқармасы бекітетін тізбе бойынша мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.";
8-тармақта
:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"белгіленген тәртіппен қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен қамтамасыз етуді, автокөлік пен өзге де техника сатып алуды және жөндеуді ұйымдастырады;";
мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші абзацтармен толықтырылсын:
"қызмет көрсетілетін тұлғалар мен органдарды көлікпен сапалы және уақтылы қамтамасыз етуге бағытталған көлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлейді және бекітеді;
тапсырыс беруші Президенттің Іс басқармасы болып табылатын объектілердің құрылысын техникалық қадағалауды ұйымдастырады, құрылысы аяқталған және пайдалануға дайындалған объектілерді қабылдауға қатысады және мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсынады;
Президенттің Іс басқармасының балансындағы объектілерді пайдалануды, сондай-ақ оларға бекітіліп берілген үй-жайларды, жабдықтар мен өзге де мүлікті, сондай-ақ маңайындағы аумақты дұрыс күтіп ұстауды ұйымдастырады;
оның қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс істеуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
қоғамдық тамақтандыруды, дене шынықтыру-сауықтыру, мәдени және әлеуметтік іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ Президенттің Іс басқармасының қарамағындағы ғимараттарда қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
қызмет көрсетілетін тұлғаларды ведомстволық қарасты ұйымдардың санаторлық-курорттық бағыттағы объектілеріне сауықтыруға және демалуға жіберуді ұйымдастырады, аталған ұйымдардың көрсететін қызметтерінің тарифтерін бекітеді.";
9-тармақта
:
он үшінші абзац ", тексерулер мен құжаттамалық тексерістер жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
"өзіне ведомстволық қарасты ұйымдарға оларға бекітіліп берілген жылжымайтын мүлікті жалға беруге рұқсат береді;";
13-тармақтың
екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы "орынбасарлары мен" деген сөздер "орынбасарының, аппарат басшысының және" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "басқармасы мен оның ведомстволарының" деген сөздер "басқармасының" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен оларды аттестаттаудан өткізеді;";
"8-1) ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын бекітеді;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев