04.03.2021 редакциясында
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкімі.
Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкіміне қосымша |
Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 06.12.2019 № 222-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2021 № 98 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.03.2021 № 48-ө; 07.06.2021 № 103-ө өкімдерімен.
Қазақстан тарапынан:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша);
"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы (келісім бойынша);
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Президенті (келісім бойынша);
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
Халықаралық ұйымдар тарапынан:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент үйлестірушісі (келісім бойынша);
Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы (келісу бойынша);
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Азия Даму Банкі өкілдігінің директоры (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 143-ө өкімімен
бекітілген
Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі - ОДМ) ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4-1. "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы сараптамалық-талдау жұмыстарын жүргізетін Хатшылық болып табылады.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің 07.06.2021 № 103-ө өкімімен.5. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.
2. Кеңестің міндеттері
6. Кеңестің негізгі міндеттері ОДМ-ды іске асыру жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу болып табылады.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.