"Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кенесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 48-ө өкімі.

      "Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша);";

      "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;";

      "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша);".

      Премьер-Министр А. Мамин