«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр Б. Сағынтаев
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 06.12.2019 № 222-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.02.2021 № 98 қаулыларымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 04.03.2021 № 48-ө өкімімен.
Қазақстан тарапынан:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қазақстан Республикасының Индустрия жжне инфрақұрылымдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қазақстан Республикасының Aқпарат және қоғамдық даму министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Қазақстан Республикасының Aуыл шаруашылығы министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Стратегиялык жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша);
«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшысы (келісім бойынша);
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Президенті (келісім бойынша);
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
Халықаралық ұйымдар тарапынан:
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент үйлестірушісі (келісім бойынша);
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының тұрақты өкілі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасындағы Aзия Даму Банкі өкілдігінің директоры (келісім бойынша).
1. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасында орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі - ОДМ) ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
6. Кеңестің негізгі міндеттері ОДМ-ды іске асыру жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу болып табылады.
7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.