Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкіміне қосымша |
Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссиясының құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2019 № 87-ө өкімімен; 13.12.2019 № 925 қаулысымен; 18.05.2020 № 71-ө; 23.10.2020 № 137-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (келісім бойынша)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы - Аппарат басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 тамыздағы № 102-ө өкімімен бекітілген |
Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заңнаманы жүйелеу және оны жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 21.05.2019 № 87-ө өкімімен.2. Комиссияның негізгі міндеті
5. Комиссияның негізгі міндеті:
1) заңнаманы жүйелеудің басым бағыттары;
2) заңнаманы жүйелеу әдіснамасын жетілдіру;
3) заңнаманы жүйелеу бойынша шетелдік тәжірибені пайдалану;
4) заңнама салаларының және кіші салаларының біркелкі дамуын қамтамасыз ету;
5) заңнама салаларының кодификациялануын және шоғырлануын одан әрі дамытудың перспективаларын анықтау;
6) заңнамаларды жаңғырту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны ұйымдастыру және жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.