Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында:
1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:
Ахметов |
– |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші |
Сағынтаев |
– |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, жетекшінің орынбасары |
Мұхаметжанов |
– |
Маңғыстау облысының әкімі, жетекшінің орынбасары |
Құсайынов |
– |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
Тыныбеков |
– |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Толыбаев |
– |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бекетаев |
- |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
Нұрымбетов |
– |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Скляр |
– |
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Шолпанқұлов |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ақшолақов |
– |
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Петров |
– |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Қырықбаев |
- |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Рау |
- |
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі |
Тихонюк |
– |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Әбдіраманов |
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі (келісім бойынша) |
|
Сәлімгереев |
– |
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры |
Қиынов |
– |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Айдарбаев |
– |
«ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Қожахметов |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық қадағалау комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Қожаниязов |
– |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.05.31 112-ө Өкімімен.
2. Жұмыс тобы Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жоспарлар мен іс-шаралардың орындалу тиімділігіне талдау жүргізсін, қажет болғанда оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешендi жоспарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1550 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып белгіленсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов