Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 37-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі қызметті үйлестіру мақсатында:
      1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:

Ахметов
Серік Нығметұлы


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, жетекші

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, жетекшінің орынбасары

Мұхаметжанов
Бауыржан Әлімұлы

Маңғыстау облысының әкімі, жетекшінің орынбасары

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы


Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы

Тыныбеков
Қайрат Сағатханұлы

Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі

Толыбаев
Марат Еркінұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Аманбаев
Әміржан Тапашұлы

Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Скляр
Роман Васильевич

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі

Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Ақшолақов
Болат Оралұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі

Петров
Валерий Викторович

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

Тихонюк
Николай Петрович

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары

Нұрпейісов
Сапарбек Айтуұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Тергеу заңдылығын қадағалау және анықтау департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Сәлімгереев
Мәлік Жаңабайұлы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры

Қиынов
Ләззат Кетебайұлы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Айдарбаев
Алик Серікұлы

«ҚазМұнайГаз» барлау және өндіру» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Қожахметов
Қуат Бәкірұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржылық қадағалау комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қожаниязов
Серік Салауатұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      2. Жұмыс тобы Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жоспарлар мен іс-шаралардың орындалу тиімділігіне талдау жүргізсін, қажет болғанда оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешендi жоспарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1550 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындау жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жұмыс тобының жұмыс органы болып белгіленсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов