Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы және басқа да елді мекендеріндегі жаппай тәртіпсіздік барысында туындаған салдарды жою және объектілерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 1550 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері зейнетақы төлемдерінің барлық алушыларына, оның ішінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов