"Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 112-ө Өкімі

      «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 20 ақпандағы № 37-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қызметін үйлестіруге арналған жұмыс тобының құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Бекетаев                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы            министрлігінің жауапты хатшысы

Қырықбаев                  - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы             және ақпарат вице-министрі

Рау                        - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович             және жаңа технологиялар бірінші
                             вице-министрі

Әбдіраманов                - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Оразәлі Ералханұлы           аға көмекшісі (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Әмірхан Тапашұлы Аманбаев, Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов шығарылсын.

      Премьер-Министр                               К. Мәсiмов