Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 желтоқсан N 1852 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16. N 1465 қаулысымен. ~P011465

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы N 235 U990235_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
      2) Агенттік қарауындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
      2. Агенттікке, Төрайымның үш орынбасары, оның ішінде Төрайымның бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болуына рұқсат етілсін.
      3. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы N 553 P990553_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 17, 187-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 27-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 40, 343-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1264 P991264_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылатын мекемелері тізбесінің 1-32-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, N 43, 391-құжат) күші жойылды деп

танылсын.
     4. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің бұрын қабылдаған шешімдерін осы қаулыға 
сәйкестендіру жөнінде ұсыныстар енгізсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
      
                                           Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                         1999 жылғы 3 желтоқсандағы
                                        N 1852 қаулысымен бекітілген
     
                Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
                      ісі жөніндегі агенттігі туралы
                                 Ереже
     
                      1. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін, азаматтардың денсаулығын қорғау аясында басшылықты, сондай-ақ арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Егер Агенттікке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      4. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      5. Агенттіктің Ережесі мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      6. Агенттіктің заңды мекен-жайы:
      473000, Астана қаласы, Москва көшесі, 66.
      7. Агенттіктің толық атауы - "Қазақстан Республикасының Денсаулық

сақтау ісі жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесі.
     8. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
     9. Агенттіктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен 
жүзеге асырылады.
     Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді 
орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауына 
тыйым салынады.
     Егер Агенттікке заң актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру 
жөнінде құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кіріс 
республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
     
         2. Агенттіктің негізгі міндеттері, функциялары
                      және құқықтары
     
     10. Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
     1) халықтың денсаулығын сақтау жөнінде бірыңғай мемлекеттік саясатты 
жүргізу;


      2) азаматтардың заңдарға сәйкес мемлекет кепілдік берген шектерде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      3) халыққа санитарлық-эпидемиологиялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру және олардың атқарылуын бақылау;
      4) халық пен емдеу-профилактикалық ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру;
      5) медицина және фармацевтика ғылымын дамыту;
      6) медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі шараларды айқындау;
      7) ведомстволық бағынысты мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық, оқу және ғылыми-өндірістік базасын дамыту;
      8) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
      9) Агенттіктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.
      11. Агенттік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы тұжырымдамаларды, стратегияларды, мемлекеттік және нысаналы кешендік бағдарламалар мен жоспарларды, денсаулық сақтау саласының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, өз құзыретінің шегінде оларды іске асыру мен олардың орындалу барысын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      2) денсаулық сақтау саласындағы жобаларды дайындауға қатысады және халықаралық шарттар мен келісімдерге белгіленген тәртіппен қол қояды;
      3) азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды, республикалық бюджеттен қаржыландыруды және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
      4) республика денсаулық сақтау саласының бюджеттік болжауы мен индикативтік жоспарын әзірлеуге қатысады;
      5) медициналық жәрдемнің тегін кепілдендірілген көлемі мен емдеу-профилактикалық ұйымдардағы ақылы қызметтер көрсетудің тізбесін әзірлейді;
      6) денсаулық сақтауды реформалаудың негізгі бағыттарын әзірлейді, олардың іске асырылуы мен орындалу барысын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырады, медицина ғылымының басым бағыттарын дамытуды қамтамасыз етеді, денсаулық сақтау практикасына ғылыми зерттеулер мен талдамалар нәтижелерін енгізуді ұйымдастырады;
      7) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
      8) денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру мәселелерін шешуге қатысады;
      9) жергілікті атқарушы органдар арқылы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
      10) өз құзыретінің мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қалыптастыру саласында қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      11) төтенше жағдайлар кезінде медициналық жәрдем ұйымдастыруды және көрсетуді жүзеге асырады;
      12) өз құзыретінің шегінде сот-медициналық және сот-психиатриялық сараптау жөніндегі қызметті басқаруды және оны ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      13) денсаулық сақтауды, фармацевтикалық және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі шараларды айқындайды және жүзеге асырады;
      14) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытындылайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде заңдық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
      15) білім беру саласындағы орталық атқарушы органдармен бірлесіп орта және жоғары медициналық білім берудің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді;
      16) денсаулық сақтау саласына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту және пайдалану жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      17) емдеу-профилактикалық ұйымдарын, медициналық оқу орындарын, медицина және фармацевтикалық қызметшілердің біліктілігін көтеру курстарын мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырады;
      18) медициналық құралдар мен фармацевтикалық өнімнің сапасын бақылау жөніндегі дәрі-дәрмек құралдарын және медициналық техниканы сертификаттау және стандарттау органдарын аттестаттауға қатысады;
      19) медициналық білім туралы құжаттардың баламалылығын анықтайды, халықаралық шарттардың негізінде олардың Қазақстан Республикасы аумағында тану (нострификация) мәселелерін шешеді;
      20) денсаулық сақтау мамандарына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысады, медицина және фармацевтика кадрларын даярлау қайта даярлауды ұйымдастырады және жүргізеді, денсаулық сақтау қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді, белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау қызметкерлерін аттестаттауды жүзеге асырады;
      21) өз құзыретінің шегінде лицензиялауды, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет түрлері: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою жүзеге асырады және денсаулық сақтау саласындағы тауарларды экспорттау мен импорттауға лицензия беру туралы шешімдерді келісуге қатысады; <*>
      22) Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық, эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік мекемелері қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
      23) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді аурулардың келуінен және таралуынан сақтауды ұйымдастырады;
      24) Қазақстан Республикасының ведомстволық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз өкілеттіктері шегінде санитарлық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді бекітеді;
      25) дәрілік заттардың Мемлекеттік Фармокопеясы мен Мемлекеттік тізілімін бекітеді, медицина практикасында дәрілік заттардың қолданылуын тіркеуді және оған рұқсат беруді жүзеге асырады, дәрілік құралдар, медициналық мақсаттағы заттар мен техника жөнінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді;
      26) Қазақстан Республикасының аумағындағы ұйымдар шығаратын медициналық мақсаттағы бұйымдар мен техниканы техникалық сынақтардан өткізуге қатысады, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде ізгілік көмектер мен заемдардың желісі бойынша келіп түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      27) денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға жәрдемдеседі, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      28) халықтың денсаулық жағдайына талдау жасайды, медициналық-санитарлық ақпаратты әзірлеу мен ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы есепке алу-есеп беруді жетілдіру жөнінде шаралар жүргізеді;
      29) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөнінде өз қызметі аясында халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылда және ынтымақтастықта болады;
      30) өзіне заңмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2001.05.23. N 695
               қаулысымен. P010695_
      12. Негізгі міндеттерді іске асыру мен өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттік өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) дәрі-дәрмек құралдарының қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға және дәрі-дәрмек заттарымен айналысу жөніндегі заңдық және өзге де нормативтік актілерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізуге;
      2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің, нормалардың және гигиеналық нормативтердің бұзылғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге олардың жарғыларын бекітуге;
      4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда бюджеттік қаражаттың орналастыруы мен пайдаланылуы жөнінде тексеріс жүргізуге;
      5) өз құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      6) мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру жөнінде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сондай-ақ салааралық және аймақаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
      7) азаматтардың денсаулығын қорғау ісіне және денсаулық сақтауды

дамытуға ерекше үлес қосқан медицина қызметкерлерін Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынуға;
     8) баспагерлік қызметті іске асыруға, өз бағынысында журналдары мен 
газеттері, басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары 
болуына;
     9) Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, 
семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге;
     10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды 
жүзеге асыруға құқығы бар.
     
                  3. Агенттіктің мүлкі
     
     13. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
     14. Агенттікке бекітіліп берілген мүлік республикалық мүлікке жатады.
     15. Агенттіктің мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге 
тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
     Агенттікке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік 
ету құқығы берілуі мүмкін.
     
         4. Агенттік қызметін ұйымдастыру
     


      16. Агенттікті Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Төраға (Төрайым) басқарады.
      Төрағаның (Төрайымның) оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары болады.
      17. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметке Агенттік төрағасының (төрайымның) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері басшылық етеді. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Агенттік төрағасының (төрайымының) орынбасары болып табылады.
      18. Агенттік төрағасы (төрайымы) Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауап береді.
      19. Агенттік төрағасы (төрайымы) осы мақсатта:
      1) өз орынбасарларының және Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін және ведомстволық

бағыныстағы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан 
босатады;
     3) заңдарда белгіленген тәртіппен Агенттіктің қызметкерлерін 
ынталандыру, материалдық көмек көрсету және тәртіптік шаралар қолдану 
мәселелерін шешеді;
     4) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды;
     5) Агенттіктің құрылымын, штаттық кестесін және жұмыс Регламентін, 
сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;
     6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан 
өкілдік етеді;
     7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді 
жүзеге асырады.
     20. Агенттікте консультациялық-кеңесші орган - Алқа құрылады, оның 
саны мен жеке құрамын Агенттіктің төрағасы (төрайымы) бекітеді. Алқа 
шешімі қаулымен ресімделеді және Төрағаның (Төрайымның) бұйрығымен 
бекітіледі.
     
           5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
     
     21. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан 
Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.


                                           Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 қаулысымен бекітілген


           Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

    ісі жөніндегі агенттігінің қарауындағы ұйымдарының
                       Тізбесі
     
              1. Мемлекеттік мекемелер
     
     1. Көліктегі Мемсанэпидемқадағалаудың Ақмола аймақтық орталығы
     2. Арал обаға қарсы күрес станциясы
     3. Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы
     4. Атырау обаға қарсы күрес станциясы
     5. Көліктегі Мемсанэпидемақадағалаудың Батыс-аймақтық орталығы
     6. Қазақ республикалық лепрозорийі
     7. Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы
     8. Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясы
     9. Қазақстан Республикасы туберкулез проблемаларының ұлттық орталығы
     10. Отан соғысының мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық 
госпиталь
     11. "Балбұлақ" республикалық балаларды оңалту орталығы
     12. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана
     13. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана
     14. СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық 
орталық
     15. Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     16. "Бурабай" республикалық балалар-жасөспірімдер туберкулез 
санаторийі
     17. Республикалық ғылыми-медициналық кітапхана
     18. "Бурабай" республикалық туберкулез санаторийі
     19. Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығы
     20. Қазақстан Республикасының әуе жолы көлігінің 
санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     21. Талдықорған обаға қарсы күрес станциясы
     22. Орал обаға қарсы күрес станциясы
     23. Медициналық апат орталығы
     24. Сот медицинасы орталығы
     25.
<*>

     26. Қазақстан Республикасының көліктегі орталық 
санитарлық-эпидемиологиялық станциясы
     27. Шымкент обаға қарсы күрес станциясы
     
             2. Мемлекеттік кәсіпорындар
     
     28. Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты
     29. Ақмола мемлекеттік медицина академиясы
     30. Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина 
академиясы
<*>

     31. "Здравоохранение Казахстана" журналының баспа үйі
     32. Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты
     33. Қазақ "Құрмет белгісі" орденді көз аурулары ғылыми-зерттеу
институты
     34. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты
<*>

     35. Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантиндік және зооноздық 
инфекциялар ғылыми орталығы
<*>

     36. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті 
<*>

     37. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
     38. 
<*>

     39. 
<*>

     40. Республикалық клиникалық психиатриялық аурухана жанындағы 
емдеу-өндірістік шеберханасы
     41. Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана жанындағы 
емдеу-еңбек шеберханасы
     42. С.Х.Суханбердин атындағы Қазақстан медицина және денсаулық сақтау 
тарихының мұражайы
     43. А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығы
     44. Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урологиялық ғылыми орталық
     45. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы
     46. Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы
     47. Денсаулық сақтаудың медициналық және экономикалық проблемалары 
ғылыми орталығы
     48. Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы
     49. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты
     50. Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институты
     51. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-зерттеу 
орталығы
     52. Республикалық қан орталығы
     53. "Стоматология" республикалық ғылыми-клиникалық орталығы
     54. Республикалық орта медициналық және фармацевтика қызметкерлерін 
даярлау және қайта даярлау жөніндегі колледж
     55. 
<*>

     56. "Ақсай" республикалық балалар клиникалық ауруханасы
     57. "Алатау" балалар клиникалық санаторийі
     58. Республикалық консультациялық орталық. 
<*>

     59. Республикалық оқыту-әдістемелік орталығы
     60. Семей мемлекеттік медицина академиясы
     61. "Дәрі-дәрмек" дәрілік құралдар орталығы
     62. 
<*>

     63. Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі
<*>

     64. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
     65. "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
<*>

     66. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының              
         республикалық ғылыми-практикалық орталығы.
<*>

     67. Травматология және ортопедия республикалық ғылыми-зерттеу 
         институты.
<*>

     68. Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi 
         республикалық зертхана.
<*>

     69. Республикалық клиникалық аурухана.
<*>

     70. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы 
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 286 қаулысымен.
               

P000286_

 
     ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.13. N 1708           
              қаулысымен.  

P001708_

 
     Ескерту. 63 жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.18. N 1735            
              қаулысымен. 

P001735_

 
     Ескерту. 63 жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.18. N 1735            
              қаулысымен. 

P001735_

 
     Ескерту. 66 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.14. N 1845    
              қаулысымен. 

P001845_

 
     Ескерту. 67 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.09. N 215  
              қаулысымен. 

P010215_

 
     Ескерту. 68-69 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 294  
              қаулысымен. 

P010294_

 
     Ескерту. 55 жол алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.02.28. N 296  
              қаулысымен. 

P010296_

 
     Ескерту. 67 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.02. N 323  
              қаулысымен. 

P010323_

 
     ЕСКЕРТУ. 35-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 582  
              қаулысымен.  

P010582_

  
     Ескерту. 36-жол өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.29. N 892            
              қаулысымен. 

P010892_

 
     ЕСКЕРТУ. 34-жол жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.09.07. N 1163    
              қаулысымен.  

P011163_

 
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.29. N 1370            
              қаулысымен.  

P011370_

 
     Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.13. N 1445 қаулысымен. 
               

P011445_

 
     
    Оқығандар:    
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.